Жастар саясаты басқармасы қолдауымен қалалық пікірсайыс турнирі болып өтті

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, «Жастар рухы» жастар қанаты және «Еуразиялық бейбітшілік пен келісім» жеке мекемесі бірлесе отырып құрған, «Жас сарапшылар мен пікірсайысшылар» клубы қазан айының 26-күні «JasSpeak» атты қалалық пікірсайыс турнирін өткізді. Турнир Алматы қалалық «Жастар Рухы» филиалы, Абылай хан 79 мекен-жайында болды.

Іс-шара 16 командаға біріктірілген әр түрлі жоғарғы оқу орындарының студенттерін жинады. Турнирдің негізгі мақсаты диалог, сыни ойлау және өз көзқарасын дәлелдеу, көшбасшылық дағдыларын дамыту болды. Әр түрлі академиялық және мәдени ортадағы студенттер өзекті қоғамдық мәселелерді талқылауға және пікірталас өнерінде бәсекеге түсуге жиналды.

Турнир аясында пікірталасқа негіз болған 4 өзекті қарар ұсынылды:

1.Бұл палата қаладағы бірегей тарихи ғимараттарды сақтау және қалпына келтіру қажет деп санайды.

2.Бұл палата көше өнері мен мүсіндер сияқты арнайы көркем декорациялар қалалық ортаны көркейте алады деп санайды.

3.Бұл палата қаржылық сауаттылық мектеп бағдарламасына міндетті пән болуы керек деп есептейді.

  1. Бұл палата мемлекеттер барлық азаматтардың жоғары білімге қолжетімділігін қамтамасыз етіп, білім алу құнын төмендетуі керек деп есептейді.

5.Бұл палата өлім жазасын барлық елдерде толығымен алып тастау керек деп санайды.

Іс-шара келесі кезеңдерді қамтыды:

  1. Тіркеу және ашылуу-қатысушылар тіркеліп, турнирді өткізу ережелері мен тәртібімен танысты.
  2. Пікірсайыс раундтары-командалар ұсынылған қарарларды мұқият талдап, талқылай отырып, төрт раундта бақ сынасты. Төрешілер төрелігін әділдік пен объективтілікті қамтамасыз ететін бұрынғы пікірсайысшылар жүзеге асырды.
  3. Қорытындылау және марапаттау-пікірсайыс аяқталғаннан кейін әртүрлі номинациялар бойынша грамоталар мен кубоктар иегерлері жарияланды, сонымен қатар үздік спикерлер мен төрешілер марапатталды.

Турнирдің жеңімпаздары номинацияцын  Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің “Шам” фракциясы иеленді. Жүлдегерлер Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің “Ақиқат” фракциясы (2 орын) және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің “Рухты Жастар” фракциясы (3 орын) болды.

Ерекше марапат – «Үздік спикер» «Эрудит» фракциясының спикері – Мурат Анельге турнир барысында көрсеткен сөз сөйлеудегі  шеберлігі үшін табысталды. Сондай – ақ, «Үздік төреші» бағамының иегері болып Байғабыл Рауан марапатталды, ол пікірсайысты бағалауда жоғары кәсібилік пен бейтараптық танытты.

«JasSpeak»  пікірсайыс турнирі студенттер арасында диалог пен өзекті қоғамдық мәселелерді талқылаудың маңыздылығын көрсетіп, оларды қоғамдық өмірге белсенді қатысуға шабыттандырды. Іс-шара жастардың талдау, сыни тұрғыдан ойлау және сындарлы пікірталас өткізу қабілетін растады.

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *