Міржақып.Оян,қазақ!
Байбатыр Айдана
«Көзіңді аш,оян қазақ,көтербасты,
Өткізбей қараңғыда бекер жасты.
Жер кетті,дін нашарлап,хал һарам бол.
Қазағым,енді жату жарамасты»
Соңғы екі аптаның ең ауқымды әрі ең танымал тақырыптарының бірі қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері, либералды-демократияшыл зиялылардың бірі Міржақып Дулатұлының өмірі мен XVIII ғасырдағы қазақ ұлтының басынан өткізген қилыда қиын заманын суреттейтін “Міржақып.Оян,қазақ!” фильмі.
6 серияны қамтитын фильм 2 апталық прокаттың өзінде кассалық түсімде бірінші орынға жайғасты.Нақтырақ айта кетсек Тикетон сайтының мәліметі бойынша фильмдердің кассалық түсім дерегінде “Міржақып.Оян,қазақ!” фильмі 107млн теңге жинағандығы мәлім болды.
Телехикаяда Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлы өмірінің 1909-1935 жылдардағы кезеңі қамтылады. Міржақыптың «Оян, қазақ!» кітабының жарыққа шығуы, «Бақытсыз Жамал» романының жазылуы, революциядан кейінгі жылдардағы, ашаршылық кезіндегі қоғамдық-саяси қызметі, Қызылорда, Семей, Мәскеудің әйгілі «Бутырка» абақтысындағы жылдары және жан жары Ғайнижамалмен махаббат хикаясы сериалда кезек баяндалады.
6 бөлімнен тұратын тарихи туындының түсірілім жұмыстары Алматы облысында, Алматы қаласында, Міржақыптың туған жері Қостанай облысында өтті.Басты рөлдегі Міржақып образын актёр Бақыт Қажыбаев,Ахмет Байтұрсынұлы рөлін актёр Байғали Есенәлиев ойнаса Әлихан Бөкейхановтың рөлін актёр Бауыржан Қаптағай ойнап шыққан болатын.
Қазаққа арман болған азатыққа саяси күрес арқылы қол жеткізуді мұрат-мақсат еткен қазақ зиялылары бұл жолда жеңіске жетудің ең тиімді әдісі – халықтың білімін көтеріп, ұлттық санасын ояту, дамыту деп ұғынды. Ол үшін қазақтың рухани байлығының басты арналары, қайнар көзі – тіл, әдебиет ісін насихаттау, баспасөзді дамыту керектігін алға тартқан болатын.Осындай отандық фильмдердің шетел киноиндустриясына қарағанда қажеттілігі артып жастар арасында танымалдылыққа ие болуы болашақта ұлттық жанрда түсірілген фильмдерінің көбеюіне әсер ететіндігі анық,әрине бұл әрбір қазақты қуантарлық жағдай