«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты онкүндік
№ 60 гимназияда 18 қыркүйек пен 28 қыркүйек аралығындағы 1-11 сыныптарда қазақ тілі және әдебиетінен сыныптан тыс іс-шаралар және ашық сабақтар көрсетілді.
Онкүндіктің мақсаты: қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың сапасын жоғарлату, жаңа оқу технологияларын қолданатындығын байқау, кабинеттің мүмкіндігін пайдалануын тексеру, мұғалім мен оқушы арасындағы байланыс және оқушылардың сөйлеу қабілетін білу. Қазақ тілі мұғалімдерінің алға қойған негізгі мақсаттары – бұл оқушыларды ауызекі сөйлеуге, қарапайым қарым-қатынаста сөйлей білуге, мемлекеттік тілді үйрету. Бұл мақсатқа жету үшін кафедра мұғалімдері аянбай еңбек етіп өз білімдерін көтеріп, жоғарғы дәрежеде сыныптан тыс іс-шаралар, ашық сабақтар, ертеңгіліктер көрсетті.
Онкүндіктің ашылуына арналған «Әділетті Қазақстан: мемлекеттік тілдің бүгіні мен болашағы» атты шеру гимназия мұғалімдері мен оқушыларын 18 қыркүйек күні таңғы сағат 08.00. де салтанатты әнмен, безендірілген жылжымалы қабырға газеттермен, жалынды ұрандармен қарсы алды . Жауапты мұғалімдер кафедра меңгерушісі Намазбаева С.Т. және кафедра мұғалімдері.
Алматы қаласы Бостандық ауданы 60 гимназиясында 18.09.2023ж Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің ұйымдастыруымен “Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте” тақырыбы аясында онкүндігінің ашылу салтанаты аталып өтілді. Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Ол халық тарихымен бірге жасап, ұрпақтан-ұрпаққа қатынас құралы ретінде қызмет етіп келеді. Тілдің қадір- қасиетін арттырып, өзге тілдің бәрін біліп, өз тілімізді құрметтейік. Осы мақсатта гимназия оқушыларына тіл туралы, танымал ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері жайлы сұрақтар қойып, тіл мерекесінің басталуын жарияланды.
Құдретоллаева Маржан Қайратқызы, Бейсенқұлова Перизат Саматовна, Ибраймова Балжан Альхановна «Өзге тілдің бәрін біл – өз тіліңді құрметте!» атты онкүндіктің ашылуына арналған салтанатты іс-шара өткізді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2022 жылғы 1 қыркүйек Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды деп қорытынды жасап, болашаққа бағдарды айқындап берді. Осы іс-шараға байланысты онкүндіктің ашылуына арналған дөңгелек үстел «Оқуға құштар мектеп» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне кафедра меңгерушісі Намазбаева С.Т. шағын жиналыс өткізді.
КММ № 60 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Намазбаева Сауле Токтаубаевна 11 “В” сыныбында “Қоғамның әлеуметтік құрылымы” тақырыбында ашық сабақ берді. Ашық сабақты “Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем”- деген қанатты сөздермен тіл сауаттылығына және оқушылардың назарын сыни-ойлау қабілетіне, қоғамдағы әлеуметтік мәселелерге байланысты өз ойларын айта білуге , жан-жақты сауаттылығына және отбасы құндылықтарын құрметтеуге, тәрбиелеуге бағыттады.
КММ № 60 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері – Бегинбаева Қарлығаш Оразовна мен Тлепова Жанат Анапияевна 10 “В” сынып оқушыларымен “Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар” интелектуалдық сайыс сабағын өткізді. Оқушылар белсенді түрде жұмыс істеп отырды. Тәрбиелік мәні зор, мазмұны кең мүшайра өтті. Бұл мүшайраның алтын қазығы салт- дәстүрді дәріптеу. Сабақ барысында оқушылар қазақ тілінде қойылған сұрақтарға өте белсенді қатысып, нақты жауаптар айта білді. Қазақтың мақал-мәтелдері мен салт дәстүрінен білімдерін көрсете білді. Сондай -ақ , қазақ тілінде ән шырқалып, түрлі аспаптарда ұлттық әуендер ойнатылды. Қорыта айтқанда, балалар қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ауыз әдебиетінен, өнері мен мәдениетінен мағлұмат ала білді.
https://www.instagram.com/tv/CxqAZApRRKW/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==
Мектебімізде өтіп жатқан тіл мерекесі өз жалғасын табуда. Осыған орай, 8-сынып оқушылары арасында Гүлшат Мейрамбековна мен Баршагул Абулайысовнаның ұйымдастыруымен «Туған тілім-тұғырым» атты сыныптан тыс ашық сабақ өтті. Сабақ барысында «Көп тіл білсең, көкжиегің кең болар» —дегендей, оқушылардың туған елге, тілге деген сыйластықтарын, сүйіспеншіліктерін өз өнерлері арқылы дәлелдеді. Мемлекеттік тіл- қазақ тілі, қазақ халқының ана тілі. Тіл – қашанда ұлттың ұйытқысы. Сөзі өз тілінде шыққан халықтың егемендігі баянды, тұғыры қашан да биік. Қазіргі кезде мемлекеттік тілдің қоғам өміріндегі маңызы мен салмағы күн санап арта түсуде. Жас ұрпақтың тілі ана тілінде шығып, қазақ тілінде білім алуына, басқа да тілдерді жетік меңгеруіне толық мүмкіндік те бар. Қазақ тілі – әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, көркем тілдердің бірі.Тіл қай елде, ұлтта болсын қастерлі, қасиетті, құдіретті. Тіл әрбір азаматқа ана сүтімен беріліп қалыптасады. Ана сүтімен бойға енген қасиеттер туған тілдің арқасында дамиды. Ал, оған деген сүйіспеншілік пен құрмет бала кезден басталуы керек. Айналадағы адамдарға, өзінің өскен ортасына, Отанға деген ерекше сезім мен көзқарастың бастауын да сол туған тілімізден аламыз. Ана тілі – адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп – өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі— жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан – ұрпаққа сақтап отыратын қазына. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел – өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір –қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Біздің болашағымыз— жастар.
КММ № 60 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Ашенова Акбота Сериковна, Копбаева Гульмира Жунисалиевна 4 “В” сыныбында “Тіл-достықтың тірегі” тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді. Ертеңгілік барысында оқушылар өз өнерін көрсетті, атап айтар болсақ тіл, Отан тақырыбында өлеңдер, мақалдар айтылып, жас суретшілер өздерінің салған суреті бойынша сөйледі, “Мақтақыз бен мысық” ертегісі кейіпкерлерін сомдап, әртістік өнерлерімен көрермендерді тамсантты. Сонымен қатар домбыра, гитара, скрипка сынды аспаптарда ойнап, дарынды оқушылар екенін тағы бір мәрте байқатты. Сондай-ақ, қазақ тілінде қойылған сұрақтарға өте белсенді қатысып, нақты жауаптар айта білді. Тіл мерекесіне арналған іс-шараның басты мақсаты: оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын оятуға, қазақ халқының мәдениетін құрметтеуге, дарынды оқушылар қатарын көбейтуге бағытталған.
КММ № 60 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Джасыбаева Зубайра Кулановна 7 “Ж” сынып оқушыларымен “Уақыттың бос өткені…” тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақты өмірмен байланыстыра отырып, тәрбиелік мәніне де көңіл бөлді. Оқушылар топтық жұмыстарда тілдік дағдылар мен лексикалық жұмыстарды орындауда белсенділік, жетiлгендiк танытты. Дәстүрлі және жаңашыл әдістерді қолданып, оқушылардың мемлекеттік тілге деген қызығушылығын арттырды.
https://www.instagram.com/tv/CxtGRthsR8y/?igshid=NjFhOGMzYTE3ZQ==
КММ “№60 гимназияның” қазақ тілі пәнінің мұғалімі Ашенова Акбота Сериковна 4 “Б” сынып оқушыларымен “Сүйікті қаламыз” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ мақсатында оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттері ескеріліп, сабақтың әр кезеңінде ойын элементтері арқылы қызығушылығын ояту, байланыстыра сөйлеу, сөздік қорын молайту көзделді. Сауатты, таза, көркем жазуға, еркін сөйлей білуге үйрете отырып, қиялдарын дамытты. Халықтық педагогика негізінде тәрбиелей отырып, Отанын, отбасын, мемлекеттік тілді сүюге, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баулыды. Алға қойған мақсат біреу болғандықтан, сабақтың әр кезеңдері бір-бірімен байланысып, жүйелі қорытындыланып өз уақытында бітті. Сабақ бойы оқушылар берілген тапсырманы орындауда белсенділік көрсетті. Әр түрлі білім көздерін (суреттер, стикерлер, фишкалар, заманауи әдіс-тәсілдер, кестелер, интерактивтік тақта) қолдана отырып, өтілген материалдың терең де мықты ұғынылуына қол жеткізді, оқушылардың ой-санасын оятып, ынталандырып, оларды өз беттерімен жұмыс істеуге үйретуіне ерекше көңіл бөлді. Сабақ жоспарында сабақтың барлық кезеңдері қамтылған. Үй тапсырмасын сұрау, өткен тақырыптарды бекітуде оқушылар белсенділік көрсетті, шығармашылық жұмыстарын қорғады. Сабақта психологиялық ахуал туғызып, оқушылармен ынтымақтастық атмосферасын құрды. Проблемалық оқыту арқылы жаңа тақырыптың мақсатын ашып, мәтіндермен тиімді жұмыс жүргізе білді. Тапсырмалар сабақ мақсатына сай таңдалған, оқушылардың өз ойларын жүйелі қорытып айтуын ұйымдастыра білді. Сабақта 7 модульдың түрлері көрсетілді .(жаңа оқыту тәсілдерді, АҚТ, бағалау, жас ерекшеліктеріне ) көрсетілді. “Мен қай топтамын?”, “Хат алмасу”, “Суреттер сөйлесін”, “Қазақшаңыз қалай?” “Кім жылдам?” т.с.с. тапсырмалар өз шешімін тапты. Жоспарланған жұмыс түрлері толығымен іске асты. Жүйелі бағалауды дұрыс ұйымдастырды.
КММ № 60 гимназияның қазақ тілі пәнінің мұғалімі Копбаева Гульмира Жунисалиевна 4 “В” сынып оқушыларымен «Менің Отаным- Қазақстан!» тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді.Сабақ барысында оқушылар қазақ тілінде қойылған сұрақтарға өте белсенді қатысып, нақты жауаптар айта білді. Сондай -ақ , қазақ тілінде түрлі тақпақтар, мақал – мәтелдер мен жаңылтпаштарды жақсылап айтып берді. Қазақстан картасы бойынша, 4- аймақты жекелеп айтып шықты. Сондай -ақ, әр қаланы қай аймаққа жататыны туралы жатқа айтып берді. Үй тапсырмасын “Спинер рулетка” әдісі арқылы белсенді жауап берді. Сондай -ақ, оқушылар сабақ барысында, грамматикалық жаттығулар орындаудан белсене жарысты. Екі топ бір- біріне сұрақтар қойып, жауап беруден жарысты. Қорыта айтқанда, оқушылар сабақта жазбаша да, ауызша тапсырмаларды шапшаң орындады. Және де , мұғалімнің қойған сұрақтарына белсене қатысты. Жаңа сабақ бойынша оқушылар, көптеген қосымша мағлұмат алды .
КММ № 60 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Сапаргалиева А.Н мен Канафиянова Н.Т. Өмірзақ Н.Е. 5 – сыныптар аралығында “Мен қазақша сөйлеймін” атты сыныптан тыс іс- шара өткізді. Сабақ барысында оқушылар қазақ тілінде сөйлеп,сайысқа өте белсенді қатысып, қызықты сұрақтарға нақты жауаптар айта білді. Сондай -ақ , қазақ тілінде түрлі тақпақтар, қазақ отбасының дәстүрлері мен Менің мектебім тақырыбына эссе жазып,әңгімелеп берді. Сонымен қатар, оқушылар өз өнерлерін де көрсетті . Домбырада ойнап, қобыз тартып, би билеп, ән айтты , қызықты әрі көңілді іс шара болды. Айнур Нурлановна, Назым Төлеубековна , Наргиз Ерланкызы бесінші сыныптары арасында сайыс өте жоғары дәрежеде өтті. Ұстаздар, ата-аналар, оқушылар қатысқан іс-шара өз мәресіне жетті. Балалардың қазақша бал тілін тыңдап, өнерлерін тамашаладық. https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=1404420420140815&id=100017186110966&sfnsn=wa&mibextid=VhDh1V
КММ № 60 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жакупбекова Бакыт Дуйсенбиевна 3 “е” сыныбында “Тырналар жылы жаққа ұшады” тақырыбында ашық сабақ берді. Ашық сабақта: 1. Жылдың төрт мезгілімен таныстыру, күздің ерекшелігі, табиғаттағы құбылыстар, соның бірі жанды табиғат – құстардың жылы жаққа қайтуы. 2. Жіктік жалғаулармен жұмыс істеу, жіктік жалғауды ажырата білу, балалардың жаңа сабақта белсенділіктерін арттыру. Топпен жұмыс жаңа технологиялық әдістерді пайдалана отырып қорытындылау, өз-өздерін бағалау болды.
КММ № 60 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Тлепова Жанат Анапияевна, Токтасынова Айгул Сатанрвна, Тоимова Қарашаш Өмірзаққызы 9 сынып оқушыларымен “Қазақтың Ұлы тұлғалары ” атты сыныптан тыс іс- шара өткізді. Іс – шара барысында оқушылар “Ұлы тұлғалар” туралы мәлімет бере отырып , шығармаларын нақышына келтіріп оқыды. Ұлтымыздың реформаторы А. Байтұрсыновтың ” Анаға хат” шығармасынан көріністі жоғары дәрежеде ойнап шықты. Қазақ тілінде қойылған сұрақтарға өте белсенді қатысып, нақты жауаптар айта білді. Сонымен қатар, оқушылар өз өнерлерін де көрсетті . Домбырада ойнап, қобыз тартып, би билеп, өздерінің жан – жақты екендерін және бір рет дәлелдеді . https://www.instagram.com/reel/Cx9ihuCIrTY/?igshid=MTc4MmM1YmI2Ng==
Мемлекет басшысы президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауында Жаңа Қазақстан дегеніміз – әділ Қазақстан, – деп атап өтті. Осы тақырып аясында “Менің таңдауым-қазақ тілі” атты тақырыпта 11 “Д” сынып оқушылары челлендж өткізді. Жетекшісі пән мұғалімі Намазбаева С.Т. Тіл– халық тарихы, тіл – ұлттық қазына, тіл – біздің намысыз, арымыз, байлығымыз, барымыз. Егеменді еліміздің рухын асқақтататын ұлттық тіл, ұлттық қадір – қасиет екендігін білетін осындай жастарымыз тілімізді ардақтап, осы тілде сауатты жазып, ойларын еркін жеткізе білсе нұр үстіне нұр емес пе! “Тілдер күні” мерекесіне арнаған 9 “А” сынып оқушыларының бейнебаянын пән мұғалімі Джасыбаева З.Қ. жетекшілік етті. https://www.instagram.com/tv/Cxai4o0A1oA/?igshid=NjFhOGMzYTE3ZQ==
Гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері шағын роликтер түсіріп желіге салып қазақ елінің төріндегі мемлекеттік қазақ тілінің мәртебесін көтерді.
Онкүндіктегі барлық іс-шаралардың бәрі мерекелік көңілмен жауапкершілікпен ұйымдастырылды. Оқушыларының орындауында бейнетаспа жазылып бұқаралық ақпаратқа жаряланды. Тіл мерекесіне қабырға газеттері және оқушылардың шығармашылық жұмыстарынан көрме ұйымдастыруға барлық кафедра мұғалімдері атсалысты.
Онкүндіктің қорытындысына кафедра отырысы болды. Мұғалімдерді марапаттауға гимназия әкімшілігі қатысты. Оқу және тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарлары Аркабаева К.А., Нургазиева А.Ж. кафедра мұғалімдеріне алғыс жариялады. Шығармашылықпен жұмыс істеген мұғалімдер марапатталды.
Как с вами связаться по поводу публикации? Мой номер 87773407533 жанна