Театрмен тынысыңды аш!

Өмірдің күйбең тіршілігінен шаршап, ойыңыз бен миыңызды тынықтырғыңыз келсе, театрға барыңыз. Иә, шындығында театр адам жанына рахат сыйлайтын өнер ошағы. Қойылым көру арқылы, ой тарқатып сергіп қалатыныңыз анық. Қазіргі таңда жастардың көпшілігі дерлік театрға баруды жөн санайды. Бұл дегеніміз жас буынның өнерге деген сүйіспеншілігі мен құрметі. Әрбір қойылымның өзіндік бір ерекшелігі, ең бастысы халыққа берер тәрбиесі болады. Театр сахнасында әртүрлі кейіпкердің тағдыры тоғысып, өмірдің айқын көрінісін бейнелейді. Түрлі тақырыптар қозғалып, көрерменнің көкейіне ой салады. Тіптен қойылымнан кейін көп уақытқа дейін сол атмосферадан шыға алмай, санаңызға түйген ойыңызға көз жүгіртіп, сан-сауалға жауап іздейсіз. Кейбір жағдайларда бұл адамдар үшін сабақ болады. Олай дейтін себебіміз, театрда көрсетілетін қойылымның көп бөлігінде шындық жатыр, ал сол шындық өмірде болған оқиғаның қойылымға арқау болуы. Театрда көрсетілетін әрбір қойылым құнды. Өзіндік бір шындықты көрермен көңіліне жеткізеді. Сахнада өнер көрсететін әрбір әртіс өз кейіпкерін бар жан тәнімен сомдап шығады. Қойылымның әсерлі де жоғары деңгейде шығуы әртістерге де байланысты. Бақытты да баянды ғұмырлар, бақыттың баянсызын да сипаттайтын көріністер болады. Яғни, өмірде кез келген жағдайға дайын болуды үйретеді. Театр – бос ермек, орынсыз күлкінің орны емес. Ол ақыл мен сезімге нәр беретін орын!

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *