Шынықсаң шымыр боласың

«Шынықсаң – шымыр боласың» демекші, дене жаттығуы адам баласына қашан да пайдалы. Күні бойы өзіңді сергек сезініп жүрудің де бір тәсілі – спорт. Ғалымдар зерттеуіне сүйенер болсақ, спорт адамды шат-шадыман өмір сүруге де жетелейді екен

Дзю-До(жапонша дзю – жұмсақ, до – жол) – спорт түрі, жапондардың ұлттық күрес ойыны. 19 ғ-дың аяғында Жапонияда джиу-джицу күресі негізінде пайда болған. Олимпиада ойындарына 1964 жылдан енген. Қазақстанда 20 ғ-дың 60-жылдарынан бері дамып келеді.

Қазіргі таңдағы Қазақ дзюдосын алар болсақ,жалпылама айтқанда жағдай біз ойлағандай жақсы емес.Себебі осы жақын арада өткен Өзбекстан елінде өткен әлем чемпионатын сөзге тие кетсек,нәтиже көз қуантарлық емес.17-спортшының ішінде 2 медаль ғана алу болу өте төмен көрсеткіш.Оның өзі жарыстың алғашқы күні 60 кг салмақта-Елдос Сметов пен 48 кг салмақтағы-Абиба Абужақынованың алған екі қола медальі.Сонда біздің дзюдоның деңгейі қандай дәрежеде?

Кінәрәт ұлттық құрама жаттықтырушыларындама әлде жасы келген спортшыларда ма?

Құраманың жоғары келідегі спортшылары жасы келгендіктен бе әлде шынында мықты спортшы бола алмағандығы ма тіпті жарыстың бірінші айналымынан әрі асалмады.Сонда тек алдағы болар жарыстарды тек Елдос Сметовтан ғана жүлде күтемізбе?

Құраманың бас бапкері Нұрбол Сүлейменов жарыс нәтижесін айтқан болатын:Қазақстан құрамасы бұл біріншілікке толықтай дайын келмеді деп өсі айта кеткен еді.Жастарға орын беру ия осы істі қолға алу міндетті.Себебі 73 келіде күрескен Жансай Смағұлов өз орнын жас Спортшы Данияр Шамшаевқа босатты.Нәтиже бар ел ордамызда өткен Азия біріншілігінде 73 келіде топ жарған дәл осы Данияр Шамшаев болатын.

Сондықтан да елдегі дәл осы спорт түрін көтеру үшін құраманы қайта жасақтау қажет,яғни тәжірбиесі бар спортшыларды құрамадан алыстатпай керісінші бапкерлік ке ауыстырып жастарды әлем біріншіліктерінде топ жаруға екі жақтан қолдау білдіріуміз қажет .

    

                   Орындаған:  Колен Марғұлан Шакибайұлы

Жетекші: Әлміш Жадыра

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *