Мұқият болыңыз – ФЕЙК
Қазіргі таңда заманауи технология құралдары арқылы ақпаратты алу да тарату да жедел әрі оңай әрекетке айналды. Әлемнің басқа бір шетінде орын алып жатқан жағдай тұралы ақпаратпен 1-2 сағат ішінде құлақдар боламыз. Кейде WhatsApp, TikTok, FaceBook, Instagram сынды кең қолданысқа ие әлеужелілерде тарап жатырған ақпараттарды түсініп үлгеруде қиын. Ең қауіпті әрі маңыздысы көпшілік арасында тез тараған осынау ақпараттардың рас-өтірігін ажырату қиындау. Арнайы эксперт мамандарының айтуынша белгілі бір ақпарат бір минуттың ішінде 15 километрге дейін тарайды екен. Яғни, рас өтірігі маңызды емес орын алған оқиға немесе құбылыс бір сағаттың ішінде мың километрге дейін таралып кетуі ықтимал.
Қоғамда осындай жедел тарайтын жалған ақпараттар көлемі өте ауқымды. Мұндай ақпараттар барлық адамға күніне жүз рет келеді десекте қате айтпаймыз. Бұл тақырыптағы ең маңызды мәселе шынайы ақпарат пен жалған ақпараттың айырмашылығын қалай анықтауға болады деген сұрақ пайда болатыны анық.
Сонымен қазіргі заманауи тілмен айтқанда жалған ақпарат дегеніміз ол «фейк». Фейк – мүлдем шындыққа жанаспайтын, қарапайым халқты жолдан тайдыратын ақпарат. Тіпті кей журналистер ол мағлұматты өздерінің атақ абыройы үшін осындай теріс іскетіне қолданады. Әдетте фейк ақапараттарды тарататын кезде материалға көпшіліктің назарын аударту үшін дауысты, манипуляциялық, интрига тудыратын тақырыптармен атап, монтаж арқылы сурет видеолар дайындалады. Бір қызығы осылай интрига, манипуляциялық тақырыптармен дайындалған ақпараттар халық арасында тез таралады ал, оны жоққа шығарған, өтірік ақпарат екені дәлелденген түсіндірме ақапараттар қызығушылық тудыра алмайды. Демек қарапайым халыққа шынайы мәліметтерге қарағанда жалған ақпараттар маңыздырақ десе де болады.
Осы жерде фейк пен жалған ақпараттың айырашылығын ажырату өте маңызды. Ол үшін ең алдымен ақпарат көзін анықтау қажет. Фейктарды тарататын сайттарда еміле мен грамматикалық қателер көп болады. Олар ғаламторда көп кездесе бермейтін домендарды пайдаланады. Екіншіден, ақпаратты таратушы авторды тексеру керек, яғни бұған дейін дайындаған материалдары мен жазған мақалаларын оқып, қай жерлерде жариялағанын мұқият анықтаған жөн. Егер белгісіз автор болатын болса, оның берген ақпараты да жалған болуы мүмкін. Сондай- ақ берілген ақпараттарды басқа ақпарат көздерінен тексеру де артық етпейді. Таратылған ақпарат жайлы ресми немесе дәстүрлі ақпарат құралдарының ондай ақпарат берген бермегенін анықтау қажет. Себебі кәсіби тұрғыда қызмет ететін ақпарат агенттіктері мәліметтерді өздерінің тарапынан қарастырылған белгілі ережелерге сай жан-жақты тексергеннен кейін ғана жариялайды. Сондай-ақ ақпаратта келтірілген фактілер мен дәлел-дәйектерге де аса назар аударған жөн. Бүгінде фактілердің рас-өтірігін анықтайтын сайттар да жұмыс жасайды, соларды да пайдалануға болады.
Айта кетейік, фейк ақпараттың тез таралуының негізгі себептерінің бірі – қарапайым халықтың оның не ағына не қарасына жетпей бірден басқаларға тарата бастауы. Шынымен де, барлығымыз қазір келген ақпаратты көп созбай бірден таратуға асығамыз, оның басқаларға қалай әсер ететінін де ойламаймыз. Сол үшін де, келген ақпарат қандай да бір күмән тудыратын болса, оны таратудан бұрын бір сәтке болса да ойланған жөн. Себебі, мұқияттылық танытпасақ, ФЕЙК барлығын өзгертуі де, тіпті адам тағдырына кесірін тигізуі де әбден мүмкін.
Зульфира МАРКИНҚЫЗЫ