Эксклюзив:Әнұранды асқақтатып,көк туды желбіреткен жас спортшы

 

Байрақты бәсекелерде еліміздің туын желбіретіп,әнұранымызды шырқатып жүрген әйгілі спортшыларымыздың жолын қуып жүрген жастар жетерлік бірақ солардың ішіндегісі 10 жасынан спорттық додаларда бақ сыңап жүрген жас спортшы Тортубек Әділет.Бүгінде ол 16 жаста.Боксқа деген адалдығының,ерік-жігерінің табандылығының арқасында 6 жылда Алматы облысының үш дүркін,Қазақстан Республикасының екі дүркін чемпионы атанды.Халықаралық турнирлардан үзбей алтын алып келген жас спортшы 2023 жылдың шіліңгір шілдесінің 30-ы Тәжікстан елінде Қазақстанның намысын қорғап,жеңіс тұғырынан көрінді.Небәрі 16 жасында Қырғызстан,Өзбекстан,Тәжікстан елдерінің қатысуымен өткен үлкен додада намысты қолдан бермей,көк туды желбірету екінің бірінің қолынан келмейтін дүние.Қазіргі таңда ол Қазақстан құрама командасының қатарында.Спортта жетістікке жетіп, өзге елде әнұранды шырқатып,туды биікке көтеріп,тұғырда бірінші тұру ол – әр спортшының арманы,мақсаты.Жас спортшы Әділет:”Тұғырда бірінші болып әнұран шырқалған сәтте жан дүниең тебіреніп,елің мен жеріңе деген сүйіспеншілігің оянады.Жеңіске деген құштарлығың ашылып,еткен еңбегіңнің еш кетпегенін түсінесің,осындай асқақтыққа жетелеген бала кезгі арманым”,-дейді.Бала арманы адастырмаған жас спортшы әлі әлемдік ареналарда көк туымызды желбірететініне сенеміз.

«Ерім дейтін ел болмаса,елім дейтін ер қайдан шықсын?!»Иә,осы сөзді өзіңе мақсат тұтқан Әділет алдағы уақытта Қытайдың Ухань қаласында өтетін келесі бір жекпе-жегіне дайындалуда.Әділеттің алдағы дүбірлі додасына тек сәттілік тілейміз!Әрқашан да еліміздің абыройы асқақтап,көк туымыз желбіреп,Қазақ спорты жасай берсін!

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *