Кəсіби мамандарды даярлайтын орын.
Кәсіби мамандарды даярлайтын орын
Әбу – Насыр Әл – Фарабидай атамыздың атында тұрған бұл университет , қазіргі таңда Алматы қаласының төрінде ,өзінің көлемі жағынан ғана емес, сонымен қатар сапалы білім мен саналы ұрпақ тәрбиелеуде, әлемдік деңгейде тұратын Жоғарғы оқу орындарының қатарында . Қазақ Ұлттық университеті осы уақытқа дейін , елімізге елеулі болған танымал тұлғалардың , ғалымдардың білім нәрін бойларына дарытқан, бірден – бір үздік Жоғарғы оқу орны деп білемін.
Қазақ ұлттық университеті өзінің негізін 1934 жылы 15 қаңтарда қалағаннан бастап Қазақстандағы білім беру жүйесінің бетке ұстар көрікті университеті , Қазақстан Республикасының бірден – бір көптеген салада,кәсіби мамандарды дайындайтын Жоғарғы оқу орны болды .
Қазіргі кезде университетімізде жоғарғы дәрежедегі мамандандырылған оқытушылар,профессорлар мен ғылым докторлары дәрістер оқып , студенттерді өз саласының маманы болуларына күш–жігер салып қызмет атқаруда . Барлық ұстаздар мен оқытушылар студенттер үшін жан аямай қызмет ететін білімді де білікті мамандар . Сонымен қатар университетімізде қазақстандық жастардан бөлек , шетелдік студенттерде білім алуда .Шет ел азаматтарының Қазақ Ұлтық университетін таңдағандары және осы жерде білім алулары университетіміздің әлемдік деңгейде, алдыңғы қатарда екендігінің көрінісі десек болады .
Жалпы , Жоғарғы оқу орны – студенттерді жан –жақты дамуына, тұлға болып қалыптасуына, сонымен қатар өзі таңдаған мамандықта , салада үздік маман иесі болуы үшін барлық жағдайды жасайды . Осы қызметтердің барлығын алдына мақсат тұтып , студенттердің қолайлы, әрі алаңсыз білім алуына жағдайды жоғарғы деңгейде атқарып жатқан Қазақ Ұлттық университеті деп санаймын .
Университетке аяқ тірегелі бері өзімді нағыз телегей теңіз білім ордасына, жалынды жастардың қатарына енгеніме өте қатты қуанамын. Өйткені, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еліміз бен біздің жастарымыздың басты байлығы — сапалы білім екенін өзінің сөйлеген сөздерінде бірнеше рет атап көрсеткен болатын. Бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ерекше мәртебесі бар Қазақстанның жетекші ,әрі әлемдік білім нарығындағы бәсекеге қабілетті, әлемдегі ең үздік 800 университет арасында 275-ші орынды иемдене білген, Қазақстандағы нөмері бірінші университет сонымен қатар білім мен ғылымның ұлттық көшбасшысы.
Университетте 180-нен астам гуманитарлық, жаратылыстану және техникалық мамандықтар бойынша бакалаврларды, магистранттарды, докторанттарды дайындайды. Университетімізде 16 факультет шоғырланған, олар: механаника-математика, физика, биология, химия, филология, журналистика, тарих, география, философия және саясаттану, экономика және бизнес, заң, шығыстану, халықаралық қатынастар, шетелдік азаматтарға арналған дайындық факультеті. Осы жерде білім алатын барша студенттер үшін жан-жақты даму үшін, көшбасшылық қабілетті қалыптастыру мақсатында, өз-өзін кемелдендіріп, еркін, заманауи дамыту үшін бар жағдай жасалған. Онымен қоса ең бай кітапхана — Әл- Фараби атындағы кітапхана орналасқан. Қойнауы кітапқа бай, зәулім сарайлы кітапханамызда әр студент өзінің керегіне еш қиындық қол жеткізе алады .
Университеттің ерекшелігі – студенттер үйі де, факультет ғимраттары да, жоғарыда аталған кешендердің барлығы бір қалашықтың ішінде орналасқандығы. Оған қоса барлығы да әр студенттің қауіпсіздігі үшін байне камералармен жабдықталған. Қалашықтың табиғаты өте тамаша! Айнала қоршалған жасыл желекті ағаштар, хош иісті гүлдер,саф, таза ауасы, ең бастысы шыңы аспенмен таласқан заңғар Алатау орналқан. Сол Алатаудың шыңы әр студентті, жалпы әр адамды биікке жетелейтіндей көрінеді.
Қорытындылай келе, 1934 жылдан бастап университеттің ашылуынан бастап, бүгінгі күнге дейін ҚазҰУ Қазақстанның көптеген рейтингтерінде өзінің алғашқы позициясын сақтап келеді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлектері мемлекеттік аппаратта жоғары қызмет атқарады, мемлекетіміздің барлық салаларында, көптеген танымал компанияларда еліміздің өркендеуі үшін еңбек етеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Заң факультеті Қылмыстық құқық, қылмыстық іс-жүргізу және криминалистика кафедрасы
Атаханова Г.М , Бисенова М.Қ
Орындаған :Мырзакулов Нұрдәуіт ,Кенесов Диас,Амалбек Диас