ЭКСКЛЮЗИВ: Ауладағы итті тұншығып қалудан қалай құтқардым?!

ЭКСКЛЮЗИВ: Ауладағы итті тұншығып қалудан қалай құтқардым?!

Менің иттерге махаббатым кішкене кезімнен ерекше еді. Даладан көріп қалған әрбір төртаяқтыны тамақтандырып, оны үйіме алып кеткім келіп тұратын. Олардың жанарына қараған сайын біздің қамқорлығымызбен, махаббатымызға мұқтаж екенін сөзссіз түсінетінмін. Мақалама менің тұншығып қала жаздаған итті құтқаруым жайлы оқиға арқау болмақ.

Әдеттегідей көшеде келе жатқан сәтімде бір топ кішкене балалардың бір иттің жанында қоршап, жиналып тұрғанын байқадым. Назар аударып қарағанда, үй жануарының жерді тепкілеп, ыңырсып жатқанын байқадым. Сол бағытқа адымдап, бақыласам иттің мұрнына үлкен тастар тұрып қалған екен. Оның демала алмай , қиналып жатқаны бірден білінді. Мен келген сәтке қарай балалар таралып кеткен соң, даладағы итті ұстау маған үрей тудырды. Бірақ қолымды тигізе берген сәтте оның менің көмегіме зәру екенін және маған еш зиян келтірмейтінін сездім. Айналама қарап, тасты алу үшін ыңғайлы құрал іздей бастадым. Жерден темір сымды тауып алдым . Оны өзіме ыңғайлап, майыстырдым. Кейін оның денесін бір қолыммен артық қозғалып кетпеуі үшін ұстап тұрып, екінші қолыммен мұрнындағы тасты ақырын қозғай бастадым. Басты мақсат тасты тыныс алу жолдарына тереңірек кіргізіп жібермей, шығарып алу болды. Сол үшін байыпты қималдармен қозғай бастадым. Жануарда менің залал келтірмейтінімді сезгендей , еш қарсылық танытпай жатты. Ол алып жатқан сәтімде қозғалмай , мені түсінгендей болды . Асықпай шамамен 10 -15 минут ішінде тастарды алып тастадым. Менің денемдегі бүкіл қобалжу бір сәтте жоғалып кетті . Ал ит болса бірден тұрып, ойнай бастады. Оның кенеттен менің бетімді жалап алуын мен алғыс деп түсіндім . Өйткені кішкентай кезімде әпкем иттің бұл қылығын махаббатының көрсеткіші деп түсіндіретін еді. Оның қылықтарына сүйсініп естелікке сурет жасағанымда бар. Қазір сол суретке қарасам көңіліме қуаныш ұялып, төртаяқты досымды бірден есіме аламын.

 

 

Талгатова Алия

Журналистика факультетінің 2 курс студенті

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *