Ақылды журналистика: жасанды интеллекттің журналистикаға әсері
XXI ғасырда күрделі зияткерлік тапсырмаларды орындайтын роботтардың араласпайтын еңбек саласын елестету қиын. Бүгінде жасанды интеллект – шешімді жасау мен қабылдау үшін адамның қызметін күшейтетін, барлығын өзі үйрететін құрал-сайман. Жасанды интеллект адамзаттың барлық маңызды салаларына толықтай еніп үлгерді. Мысалы, медицина, БАҚ, беру, ақпараттық технологиялар, қылмыспен күрес және әрине ғылым саласы. Сонымен, жасанды интеллект ауқымды қарқынмен біздің өмірімізге еніп,сапалы түрде өзгерістер енгізуде қолданылады және шартты түрде тек қана біздің қиялымызбен ғана шектеледі.
Бұл мақалада біз жасанды интеллектің заманауи баспасөздегі (БАҚ) рөлін қарастырамыз,ақылды машиналардың шығу тарихын және журналистика саласында қандай өсу мүмкіншіліктері бар екенін сараптаймыз.Себебі, бұқаралық ақпарат құралдары да,баспасөз өкілдері де жиі өздерінің қоғамның техникалық даму деңгейіне тәуелді екенін көрсетеді. Бұл тақырыптың өзектілігі де осында. Расыменде заманауи БАҚ жасанды интеллектке тәуелді ме?
«Жасанды интеллект» ұғымы туралы не білеміз?
Жасанды интеллект (ЖИ) – жеке ақыл-ой іс-әрекеттерін компьютерлік құралдар арқылы орындау. Жеке ғылыми бағыт ретінде XX ғасырдың басында пайда болды.Көбінесе кибернетиканың дамуына тәуелді болып келді.
Басқару,салыстыру,ақпаратты талдау,өңдеу,болжам жасаужәне оның дұрыстығын дәлелдеу (яғни,интеллектуалды қызметіне жататын операциялар) негізінде шешімді қабылдайды.Қазіргі ғылымның кез келген бағыттары сияқты жасанды интеллектің даму тарихы өте бай. Автоматтандырылған технологиялардың тез дамуы ХХ ғасырдың екінші жартысында басталды. Жасанды интеллектің негізгі теориялық қағидалары дәл сол заманда орнықты деп айтуға болады. Жасанды интеллект тарихындағы ең салмақты өзгерістер мен жетістіктерді алдымыздағы он –жиырма жылда күтуімізге болады.
Егерде біз полиграфиялық өнеркәсіпті «анықтамалық нүкте» ретінде алатын болсақ, онда, бұқаралық ақпарат құралдары индустриясына 400 жылдан астам уақыт болды. Газеттер мен журналдардан бастап,радио мен теледидарғадейін, ғаламтор пайда болғанға дейін БАҚ революциясы үнемі жаңа формалар мен тасымалдаушылардың үздіксіз пайда болуының арқасында бірнеше жүз жыл бойы өзгеріп,дамып отырды. Қазір жасанды интеллекті пайдалану бұл өзгерістерді бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен еселейді. Қазіргі қоғам жаңа индустриялық революцияның басында тұр. Төртінші,дәлірек айтқанда, автоматтандырылған цифрлық жүйеге көшу жүзеге асырылуда.
2015 жылдан бастап журналистикаға белсенді түрде түбегейлі жаңа жүйелерді енгізу процессі басталады. Тағы да,кейбіреулері нағыз журналистердің мыңдаған жазбаларын оқып,материалдарын, үлкен көлемдегі ақпараттарын зерттеп нәтижесінде өздеріде жаза бастайды. Бұл біздің алдымызда БАҚ дамуының жаңа кезеңі тұр деп пайымдауға негіз болады.
Жасанды интеллект даму тарихына жүгіне отырып,адамның әрқашанда өзі сияқты санасы бар,ойлай алатын құрылғыны, өзіне көмекшіні ойлап табуға тырысқанын анықтадық.Адамзат тарихында тірі жан иесінің орынына жұмысты атқара алатын сансыз машиналар өндірілген .Бізге ең бірінші белгілі болған есеп айырысуды өндіруге қабілетті – «Антикитерский тетігі» болды. Қазіргі стандарттар бойынша салыстырмалы түрде қарабайыр, бірақ б.з.д. 205 жылы ол аспан денелерінің траекториясын есептеп, 42 астрономиялық оқиғаның күнін белгілей алды.Қазіргі ғылымның кез келген бағыттары сияқты жасанды интеллектің даму тарихы өте бай. Автоматтандырылған технологиялардың тез дамуы ХХ ғасырдың екінші жартысында басталды. Жасанды интеллектің негізгі теориялық қағидалары дәл сол заманда орнықты деп айтуға болады. Жасанды интеллект тарихындағы ең салмақты өзгерістер мен жетістіктерді алдымыздағы он – жиырма жылда күтуімізге болады.
Алғашқы компьютерлер ХХ ғасырдың жылдары 40-шы жылдары пайда болды. Шамамен сол жылдары Норберт Винер (1894-1964), американдық ғалым, көрнекті математик және философ, кибернетиканың негізін қалаушысы кибернетика туралы негізгі зерттеулерін жариялайды [2.128]. Дартмутта 2 айлық зерттеу семинарын ұйымдастырғаннан кейін, онда 10 американдық ғалымдар жасанды интеллектті жеке ғылымға бөліп,1956 жылы жасанды интеллектті зерттеудің ғылыми бағыты түпкілікті қалыптасты.
Журналистикадағы жасанды интеллект-бұл дәстүрлі түрде адамның құзыреті деп саналатын шығармашылық функцияларды орындай алатын ақылды компьютерлік бағдарламаларды құру технологиясы. Бұл анықтама ең дәл,себебі кез-келген лингвистикалық қызмет иесі және БАҚ пен журналистердің алдында тұрған міндеттер дәстүрлі түрде шығармашылық жұмыстар болып есептелінеді. Әрине,шығармашылық жұмысқа тек қана адамдар қабілетті.Жақында жарияланған Reuters Institute есебі ЖИ медиа саласында белсенді қолданылатынын көрсетті.Мысалы, жеке ұсыныстар,жаңалықтарды өңдеу көмекшілері (фактілерді тексеру және жаңалықтар ағынын оңтайландыру). Сонымен қатар, жасанды интеллект әкелетін өзгерістер медиа саласының барлық жағындада қолданылады. «Ақылды» бұқаралық ақпарат құралдары дәуірі басталғанын жариялай аламыз.
Осылайша, қазіргі «ақылды журналистика» саласының даму кезеңінде үлкен анализді талап ететін, кең ақпарат массивтерін талдайтын роботтар көп жағдайда адамдардан асып түседі. Олар қазірдің өзінде адамның қолжазбасын жазуды, сенімді дереккөздерді анықтауды, оқырманға қызық немесе қызықты емес ақпарат екенін анықтауды, тез жұмыс істеу және мүлдем мүмкін емес нәтижелер беруді үйренді. Алайда, бұл қаншалықты парадоксалды естілгенімен жасанды интеллект әлі де толықтай «интеллектке» ие емес.
Жүргізілген зерттеулер негізінде келесідей қорытындыларды жасауға болады:
1. Адамзат ұзақ уақыт бойы өзіне «көмекші» табуға, адам сияқты ойлайалатын көмекшіні жасап шығуға тырысқан. Тәсілдер өте әртүрлі болды және оны іскеа сыру жоспары өте өзгеше болды. Тек қана ХХ ғасырда мұндай технология ғылыми білім саласына енгізілді.
2.Журналистикадағы жасанды интеллект—бұл дәстүрлі түрде адамның құзыреті деп саналатын шығармашылық функцияларды орындай алатын ақылды компьютерлік бағдарламаларды құру технологиясы болып табылады.
3.Дегенменде, ақылды машиналарға әрқашан «бағыттаушы,нұсқаушы»адам қажет болады. Ол-факт. Керемет мүмкіндіктерге қарамастан, робот әлі де кәсіптің этикасын және адамның басқа да таза психологиялық құрылымдарын бағдарлай алмайды. Экономикалық тұрғыдан беретін роботтардың пайдасына қарамастан,психологиялық және этикалық сәттерде роботтың адам сияқты жұмыс атқара алмайтыны айқын.
4.Жасанды интеллект — бүгінде әртүрлі мемлекеттердің бұқаралық ақпарат құралдарының жаппай белсенді түрде қабылдаған құбылыс болып табылады. Демек, бұл жұмыс тақырыбының өзектілігін және оны әрі қарай зерттеу қажеттілігін тағы бір рет көрсетеді.
Смагулова Жулдызай
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718