Киберспорт енді Азияда
Биылғы қытайдың Ханджоу қаласында өткен XIX азия ойындары еліміз үшін табысты болды деп айта алмаймыз. Дегенмен бұл азия ойындары көптеген жаңашылдықтар мен есте қалды, солардың бірі киберспорттың қосылуы. Киберспорт тұрғысынан Fifa Online ойыны бойынша еліміздің намысын қорғауға Олжас Есентаев, Арман Пірманов және Нұрбахыт Миірғалиев сынды жігіттер аттанған болатын. Айта кетейік жігіттер командалық ойын бойынша өз бақтарын сынады. Жарыс Fifa Online форматы бойынша жүргізілді. Жарысқа 42 қатысушы қатысқан болатын. Алғашқы кезеңдердің өзінде спортшыларымыз керемет нәтиже көрсете білді. Соның арқасында қарсыластарына дес бермей ширек финалда өнер көрсететін болды. Деген мен жігіттерге соңғы ойындар бойынша сәл сәттілік жетіспей қалды. Жігіттердің өздері де дайындық сәл аздау болып қалды, бұған дейін жүріп өткен жолдарымыздың өзі үлкен жетістік деп қысқа қайырды.
Айта кететін жайт жалпы командалық орын бойынша ұлттық құрамамыз Fifa Online рейтингте 6 орынды иемденді. Ендігі кезекте команданың бапкері Арман Пірмановтың айтар өз пікірінде барлық назарымызды әлем біріншілігіне аударып, үздік нәтижемен оралатынымызға сенімдіміз деп жауап берді.