Қазақ халқының мәдениеті мен тұрмысы
Адамзаттың тұлға болып қалыптасудағы түп тамыры-мəдениет
пен дəстүр.
Әр адам жеке кеңістік құруы үшін əртүрлі факторлар əсер етеді.
Соның бірегейі мəдениет деп айтсам артық айтқаным емес. Бір
белгілі дүниемен адамның ойың өзгертетің затты мəдени мұра
қатарына қосуымызға болады. Мысалы,театр жəне кино,музыка.
Осы айтылғандардың барлығы адамның өміріндегі орны ерекше.
Ал,қазақ мəдениетінің белгілі бір деңгейі бар ма? -деген ой
туындайтыны анық.
Ата бабамыз бұрыңғы кезден мəдениетті қалыптастырған.
Оған,дəлел соң-ау жыраулар поэзиясынаң қазіргі сазды əуендерді
тілге тие кетсек болады. Прозалық,поэзиялық жанрдада қазақ
осал қалған емес. Театр жəне кинода əлемнің үздік
фестифальдарының бірі “Кан фестифальіне” біраз дүниемізді
ұсынғанбыз.
“Әр елдің салты басқа,иттері қара қасқа” деген сөз еске түседі
осындай сəтте. Дəстүр тұрғысынаңда қазақта ауыз толтырып
айтатындай дүние жетеді.
Бірақ,осы дүниелердің барлығы қазіргі қазақ жастарының
зейіннің арттырып жатыр ма? Деген сұраққа жауап іздеп көрелік.
Ата бабамыздың қолыңа алған аспаптарының
барлығынаң əсем əуен шырқала кететін-мыс. Дəстүрлі музыка
немесе заманауи музыка болсын жастардың назарына ілігетіні
шындық. Тындап ғана қоймай орындаушылық қасиетінеде
қызығушылық зор.
“Республикада əртүрлі көркемдік профильдегі орындаушы
ұжымдар – Мемлекеттік симфониялық оркестр, Құрманғазы
атындағы қазақтың халық аспаптар оркестрі, хор капелласы,
халық би ансамблі, Мемлекеттік квартет, эстрадалық
ансамбльдер, үрмелі жəне джаздық оркестрі пайда болды.
Қазақстан -əлемдік масштабтағы классикалық музыканы
орындаушылар отаны.
1990 жылдардың басында қазақ жастарының музыка корольі-
Шəмші Қалдаяқов атамыз болды. Кейбір деректерде қазақ
вальсінің корольі депте баяндалады. Өзінің көрнекті əуендерімен
қазақ мəдениетіне қосқан үлесі орасан зор.
Қазақтың ұланы Оспан батыр айтқандай:
“Елді соғыссыз құрту үшін,тек ғана дəстүрімен тілің шұбарту
керек” дейді.
Сондықтан кез келген адам өз дəстүрін жеткілікті деңгейде білуі
қажет. Қазақ даласында сан түрлі дəстүр бар.
Негізгі мақсаты ақ пен қараны ажырату.
Қаз-қаз қадам басқан баладан бастап,еңкейген шалға дейін
дəстүрге қатысы бар. Бала тəй тəй қадам басқан кезде тұсаукесер
дəстүрін орындайды. Ала жіпті өріп,баланың аяғына байлайды
да,елге сыйлы бір адамға тұсауын кестіреді. Тұсауын кескен адам
сияқты жолы дара болсын деген ниетпен. Кезекпен келетін
болсақ, ұл балаларға жасалатын келесі дəстүрдің бірі-Сүндетке
отырғызу. Баланы жігіт болуымен теңестірген қазақ халқы
осылай мысқылдаған.
“Қызға қырық үйден тыю” деген мақалымыз бекер шықпаса
керек. Қыз баланыда жұртымыз ерекше құрметтеген. Басынаң ақ
жаулығын тастатпай,аса зерелікпен тəрбиелеген. Ұядан
ұшырып,қияға қондырған кез-тұрмысқа беруі.
Осылай-ша,дəстүр мен мəдениеттің ара жібін ажыратуға болады.
Адам бойындағы құндылықтарды қалыптастырушы осы екі
дүние. Рухани дамымаған адамның еліне де пайдасы тимейді. Әр
дүниеден өзіңе керек деген құндылықты бойына сіңірген
жағдайда нағыз мəдениет пен дəстүрдің қадірін біледі.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев мырзамыз дүйім жұртқа
паш еткен Жаңа Қазақстанды құрудағы негізгі діңгек осы
мəдениет пен дəстүр болып табылады. Дамыған елдер қатарына
кіруіміз үшін тəлім тəрбие керек. Ал тəрбиені біз осы жоғарыда
аталған дүниелерден алатынымыз анық.
Осы мақаламның бір жаңға пайдасы тиіп,қазақ мəдениеті мен
дəстүріне махаббатың оятсам еңбегім зая кеткені емес!