Ұлт саулығы – мемлекет болашағының негізі

 Қазіргі таңда бүкіл әлем жұрты алаң көңілмен күн кешіп жатыр. Медицина саласы ең көңіл бөлетін қажетті сала екендігін кешегі ауыр індетпен көрес көз жеткізді. Әлемдік пандемия дәрігерлердің рөлін, медицина саласын, ғылым мен білімді дамытудың қаншалықты маңызды екенін бүкіл әлемге айқындап берді.

Осыған орай, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен барыс жылы – балалар жылы деп жариялануы да бекер емес. Кез келген мемлекеттің өміршеңдігінің белгісі – бүгінгі өсіп келе жатқан жас ұрпақ. Ал олардың денсаулығы, білімі, материалдық әл-ауқаты, қауіпсіздігі мемлекеттің назарынан тыс қалмақ емес. Қасым-Жомарт Тоқаев та баяндамасында, ұлт денсаулығы мемлекетіміздің басты байлығы екенін айтты. Адамның өмір сүру деңгейін жақсарту – бұл, ең алдымен, медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға байланысты екені белгілі. Әрбір адам салауатты өмір салтын сақтап, өз денсаулығына мұқият қарауы, уақытында медициналық тексеруден өтіп, жат әдеттерден аулақ болғаны жөн. Өйткені денсаулық үшін жауапкершілік, алдымен, азаматтың өзіне тікелей байланысты. Сонда ғана әр адам өз денсаулығының жауапкершілігін сезініп, табысты әрі мықты болуға ұмтылады. Жалпы, денсаулық – байлық. Ұлттың дені сау болса, мемлекет те табысты болады.

Денсаулық – тек жеке бастың ғана емес, ұлтымыздың да ұлы игілігі. Дүниежүзінің өркениетті елдерінің барлығында дерлік халық денсаулығы, әсіресе жастардың денсаулығы басты ұлттық құндылық және мемлекеттік саясаттың басым бағдары болып табылатыны белгілі. Біздің бақытымыздың оннан тоғызы денсаулығымызға байланысты. Әрбір адам салауатты өмір салтын сақтап, өз денсаулығына сақтықпен қараса жарқын өмірге жол ашылады. Демек, өміріңіз бен нұрлы болашағыңыз өз қолымызда екеніндігін ұмытпау керек.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *