ЖАС ЖҮРЕГІН ЕЛЖІРЕТКЕН ФИЛЬМ
“Жас жүрегін елжіреткен фильм”
Жас жүрегін елжіреткен фильм деп отырғаным – “Оян Қазақ” деректі фильмі. Бұлай деуімнің де өз себептері бар. 2023 жылы көгілдір экранға шыққан бұл фильм біраз адамның көз жасына себепші болды. Бәрін жылататындай, патриоттық сезімдері ашылатындай бұл қандай фильм деп, өзімде көріп қайттым. Кірер кезде жүзі шырайлы қыз, шыққан кезде бозарып шықты.
“Оян Қазақ” фильмі Міржақып Дулатұлының және басқа да зиялыларымыздың қазақ үшін төккен тері,көрген қиындықтары мен құрбан еткен жаны туралы анық көрсетілген. Қазағымның аштан қырылып жатқанын сипаттаған жерін, жайбарақат отырып жазу мүмкін емес. Отаршылдардың опасыздығы мен қазақтын қасіретін анық сипаттаған. Қазақ үшін шырылдаған Міржақып халқы мәңгүрттенбесін деп “Оян Қазақ” деп ұрандатқан. XIX ғасырдағы патша үкіметінің былықтарын әшкерелеген бұл фильм біраз адамның жүрегінде өшпестей із қалдырды.
Енді ең қызығын айтайын. Көгілдір экранға шығар шықпастан бұл фильмді көрсетілімдерден алып тастады. Кім? Қандай мақсатта?
Кім болса да қазақ оянып кетеді деп қорыққандар болар. Алайда, фильмді алып тастап тыныштандырамыз деп ойламаса да болады. Айта кетсем, әлеуметтік желіде қазақтар,олардың басым көпшілігі жастар қазақ тілі мен діні үшін көтеріліске шықпақшы. Бір жағынан олардың қазақ деп соққан жүректері үшін қуансам, ал енді бірі олардың тағдырын уайымдаймын.Демократиялық елде өмір сүрсек те жазықсыз темір торға кетіп жатқаны қаншама.Бір білерім, Міржақыптың “Көзің аш, Оян Қазақ,көтер басты” деген сөзінен оттай жанып отырған жастарды тоқтату қиын.
Айтқым келгені, бұл фильмнің құдіреттілігін көрген шығарсыз. Кез келген адамның жүрегін толқытады. Қандай жағдай болса да мен осындай фильмдерді қолдауға дайынмын!