Дәстүрдің бәрі ұлттың ұйысуына жол аша ма?

 

 Қазақтың әдепғұрпы, салт-дәстүрі дәріптелетін, өнері мақталып та сыналатын думан –ұлттық тойымыз. Дегенмен қазіргі тойымыздың өзіқалпынан айныған. Түсі мен мазмұны өзгеше. Жаңашылдық дейміз, алайда қазіргі тойымыздан батыстық та, шығыстық та нышан білінбейді. Әр той иесі ойына келгенін іске асыратын шараға айналып бара жатқандай. Бұл ретте бүгінгі күнгітойдың дастархан сәні дұрысталғанымен, той өткізудің мәні әлі дұрысталған жоқ.

 Тойға келген жұрт екі жастың қуанышына ортақтасу, қызығын көру ниетімен, туған-туыспен көрісуді мақсат тұтып келеді. Бірақ қазір өткізіліп жүрген тойдан көбіне дем алып емес, шаршап, даңғаза әуендерден құлағымыз сарсылып қайтатын болдық. Жаппай даңғазалықты, жапа-тармағай дүние шашуды, ішімдік ішуге салынуды дертке айналдырған тойларды көргеніңде тойдыңболғанынан болмағаны жақсы ма дейсің. Қазіргі тойларымызда толық не батыстық, не шығыстық мәдениетпен сәйкестік болмаса, тойдың мұндай бағдары бізге қайдан енді?

 Кеңес заманында үйленудің партиялық үлгісі болмады. Сонда коммунистік партия үйлену тойының типтік үлгісін әзірледі және ол «красная свадьба» деген атау алды. Міне, біздегі той – осы үлгінің көрінісі.

 Аталмыш той 19 ғасырдың 20 жылдарынан бастау алған. Үйлену тойы міндетті түрде клубта өтті. Қазір тост деп жүрген құттықтау сөзді алдымен партия басшылары, комсомол жетекшілері сөйлеп, тойды ашып беретін болды. Кейін тойға жиылған жұрт лауазым, дәрежелері бойынша сөз алды. Той арақ-шараппен өтті. Стакан соғыстыру сәнге айналды. Қонақтар бірі қалмай билеуі міндет болды.

 «Красная свадьба» дейтін тойдың бұл үлгісімен таныса отырып өзімізді мезі қылған қазақтың бүгінгі тойы еріксіз көз алдымызға келеді. Елдің бәрі мағынасыз, мылжың тосттан шаршады. Ащы су ішіп, аунап-қунап, той соңы төбелеске ұласады. Қаласын, қаламасын, келген қонақ даңғырлаған музыканы тыңдап отыруға мәжбүр.  Осының кесірінен жылдап көріспей, тойда ғана бастары қосылған ағайын-туыс, дос-жаран сағынышын басып, жөнді әңгімелесе де алмайды. Одан қалсын ол музыканың ырғағымен асаба атаулыларжынойнақ ұйымдастырып жіберетіні бар. Тойға келген жұрт ертең өз тойында көргенінен артық қылмаса, кем жасамасы анық.
 Большевиктердің мағынасыз тойды санаға сіңіргені сонша әлі күнге дейін тойдың дүмбілез үлгісінен құтыла алмай келеміз. Тамыры тереңге жайылған салт-дәстүріміз дейін десек, күні кеше шыққан. Колонизацияға дейінгі дәстүрлі тойымызды айтар болсақ, тойда тек ақсақалдар бата беріп сөз сөйлеген. Тойда ат жарыс, палуан күрес, арқан тартыс, айтыс ұйымдастырылған. Қазіргі жалықтырып жіберетін сылдыр тойданқазақтың бұрынғы тойында ұлттық құндылықтарымыз басым көрініс тапты.

Дәстүрдің тозығы бар дейміз, бірақ аталған той үлгісі дәстүріміз болып табылмайды да. Керісінше, қазақ болмысына мүлде қарама-қайшы құбылыс. Азаттықпен бірге ұлтымызға жат үрдістен арылатын уақыт та жетті. Әрбір той қабырғалы мәдениетіміздің бейнесін көрсететін ұлттық шара екенін ұмытпағанымыз, дәстүрлі қазақ тойындағы рухани құндылықтарымызды жаңғыртқанымызабзал.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *