Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық қабілетін театр түрлерін қолдану арқылы дамыту

 

Мектепке  дейінгі балалардың  шығармашылық  қабілетін  театр

түрлерін қолдану  арқылы  дамыту

 

«№46 «Балбұлақ» бөбекжайы»МКҚК

 әдіскері-Қобланова Алима Реджеповна

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы.

 

Мектепке  дейінгі  жасөспірім  баланы  тәрбиелеу  мен  дамыту  ісіне  байланысты  мақсаттарды  шешуде  театр  ерекше  рөл  атқарады. Театр  әр  балаға  қуаныш  ұмтылмас  әсер сыйлайды, оның  көркемдік  талғамын, еліктеуі  мен  қиялын  дамытады. Әдетте  адамның  жеке  басының  қасиеттері  бес  жасқа  дейін  қалыптасады  екен.  Сондықтанда  да баланың  жан-жақты  қалыптасуы  үшін  мектеп  жасына  дейінгі  бүлдіршіндердің бойына  жақсы,  жағымды  қасиеттерді  сіңіре  білу  керек.  Бала әр нәрсеге  құмар, қызыққыш,  ол  өзініңайналасында  болып  жатқан  өзгерісті,  тамаша  құбылыстарды  сеізінуге  тырысады. Оның  жанжақты  дамып,  жеке  тұлға  болып  тәрбиеленуіне,  тілінің  дамыуын  театрландырылған  ойындар  арқылы  жетілдіруге  болады.  Ал  театрландырылған  ойындарды  балалар  қызықтап  ойнайды.  Театрландырылған  ойындар  желелі  рөлдік  ойындардан  тек  желісі  ғана  емес,  содай-ақ ойнау  іс-әрекетінің   сипатымен  ерекшеленетіні айқындалған.  Театрландырылған  ойындар  ойынқойылымдары  болып  саналады,              бұл  жерде  балаларға  арналған  көркемдік  шығармаларды  саханалық  қойылымдарға  айналдырып, оларды  кейіпкер  ретінде  қатыстырудың  маңызы зор. Баланы саханада  кейіпкер  ретінде ойната  отырып, оның жеке тұлғасын жан-жақты дамыту. Оның бойында әдебиетке, мәдениетке, өнерге деген құштарлықты  ояту. Бүлдіршіндер саханада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалардың өз пікірін жеткізе білуге жетелейді.

   Ойын барысында ойын ситуациясына бейімделу, алғашқы да жекелеген элементерді, кейінен рөлді толығымен ойнау арқылы баланың ой-өрісі,қиялы дамиды. Рөлді ойнау арқылы өз кейіпкерін алдына елестетіп қана қоймай, бала оның әрекеттерін, сезімдерін сезінеді. Осындай эмоциялық күйлер баланы бұрын байқамаған өмір көрністеріне таңқалдырып,өз сезімін мимика, ым-ишара, тағы басқа көріністер арқылы біреуге үйретеді.

   Театрландырылған ойындар балалардың ой-өрісін кеңейтеді, балаларды әңгімеге араласуға, спектакль туралы  ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге өзі алған әсерін монолог түрінде сөйлеп жеткізуге септігін тигізеді.

    Балабақшадағы театрландырылған іскерлік бағдарламасы: 5 бөлімнен  тұрады.

Театрландырылған ойын-кез келген өмірлік мән жайда өз құрбыластарымен және үлкендермен қарым-қатынас жасай білуге, кез-келген жұмысқа шығармашылық қабілетпен қарауға, эстетикалық сезіммен ойнау арқылы мінез құлқын дамыту. Бұл бөлімдегі  ойын 3-ке бөлінеді:

– дамытушылық

– әсемділік

– театрлық.

Ырғақтыиілгішті (ритмопластика)– бұған  кешенді (комплекст) ырғақтылық, музыкалық, иілгіштік ойындар  мен жаттығулар кіреді. Дене қозғалысының  нақтылығымен  еркіндігін дамытуда, өзінің  денесінің сыртқы  қоршаған  ортамен байланысқан  қарым-қатынасын сезінуге балаларды  эстетикалық, психологиялық  қабілетін  дамытады.

Сөз мәдениеті  және техникасы-ойындар мен жаттығулар  сөйлеу логикасы  мен  дикциясын  дұрыс артикуляциясын  меңгере  білуге, сөйлеу  құрлымын  еркін  айтуға, тыныс алуын дамытуға бағытталған. Бұл  бөлімге сөздермен айтылатын  ойындар  кіргізілген. Бейнелеу  арқылы сөйлетуін  дамыту, шығармашылық  фантазиясын  дамыту, шағын  әңгіме  және  ертегі құрастыра  білуге  үйретеді. Жаттығулар 3-ке  бөлінеді:

  • тынысалу  және  артикуляциялық
  • дикциялық  және  интонациялық
  • сөздермен  шығармашылық  ойындар.

Театр  мәдениеті: Балаларға  театр  өнерінің  шынайы сезімдерін меңгерту.  Бөлімнің  негізгі  тақырыптары: театр  өнерінің  ерекшеліктері,  театр  өнерінің  түрлері,  қойылымның  жасалуы,  сыртқы  және  ішкі  театр,  көрермендер  мәдениеттілігі.

Қойылыммен  жұмыс – жанама  бөлім,  авторлық саханалауға  негізделген.  Оған  кіретін  тақырыптар.

  • қойылыммен  таныстыру
  • қойылымды  мазмұндап,  талдау,  кейіпкерлендіру.
  • Қойылымға  қажетті  құралдар  дайындау. Көріністі  безендіру.
  • Дайындық
  • Қойылымды  саханалау.

Балалар театырының бірнеше түрлері бар:

Ең көп тараған түрі-ойыншықтар театры-бұнда  балалар қысқа тақпақтарды жаттап, оның өзіне тән орындау кезінен бастап-ақ кішкене көлемді спектакельдер ойнайды. Ондағы адамдар рөлін ойыншықтар орындайды. Жіптің  көмегімен  басқарылатын  қуыршақтарды – маринеткалар  дейді. Оларды  әр  түрлі  материалдардан  жасайды. Жұмсақ  ойыншықтарды да  қолдануға  болады. Мұндай  ойыншықтар  қозғалысқа  ағаш  таяқшалар  арқылы  келтіріледі, яғни  екі айқастырылған  ағаш  арқылы жіп  өткізіліп ойыншыққа  байланады. Қолмен  қуыршақтарды  басқарады.  Театр  қуыршағының  биіктігі  баланың  биіктігігіндей  болады. Бала  өзіне  кастюм,  үлкен  бетперде.  Үлкен  алақандар  киеді, олар  тірі  қуыршаққа  ұқсайды. Өздері  қуыршақты  жасауға  болады. Оның  негізі  болып  үш  бұрышты  орамалды  алуға  болады. Бір бұрышын  қуыршақтың  басына,  екі  бұрыштарын  резинка  арқылы  баланың саусақтарына  бекітіледі.  Қуыршақтың  басына  тесмалар  қосады,  ол  қуыршақ  пен  жүргізушінің  мойынына  ілінеді.  Бұл  қуыршақтар  балаларға  әнмен,  бимен, ойынмен  көрсету  арқылы  шығармашылықтарын  дамытады. Бұл  балалрдың  өздерін  еркін  сезінуіне,  өз  күшіне  сене  білуге  көмектеседі.

Саусақ  театрында-саусақтардың  көмегімен  қандайда  болмасын  ертегіні  немесе  өлең-тақпақ  шумағын саханалау  болып  табылады. Саусақ   театры  арқылы  баланың  сөйлеуге  деген  талпынысы,  қабілеті  дамып,  ынтасы  артады  және  шығармашылық  әрекетіне  жол  ашылады.  Саусақ  ойынын  ойнай  отырып,  балалар  қоршаған  ортадағы  заттар  мен  құбылыстарды,  жанжануарларды,  құстарды  және  ағаштарды  бейнелей  алады.  Саусақтарының  қозғалыс  қимылына  қарап,  бала  қуанады  шаттанады,  сөз  айтуға тырысады  және өлеңде  үйренген  сөз  шумақтарын  қайталап  айта  отырып,  есінде  сақтайтын  болады.  Сонымен  қатар  балалар екі  қолын  қимылдата отырып,  оң,  сол,  жоғары,  төмен т.б.  түсініктерді  бағдарлай  алуда  үйренеді.

Үстел  үстіндегі  театры –Сәбилер  тобынан  бастап-ақ  тақпақ  пен  қысқа  өлеңдерді айтқызғанда көркем сөздер әсерлі естілу үшін стол үстіндегі театрды қолданған жөн. Мұнда үстелде  құламай  тұратын және  қозғалтқанда  еш  кедергісіз жүретін  ойыншықтар  қолданылады. Үстел  үстіндегі  қуыршақтар  театрдың  бірнеше  түрі  бар: әр түрлі  биіктегі конустан, цилиндрдан, қораптардан  жасалған  ойыншықтар;  таяқшадан  жасалған  театр; «киндер- театр»; магнит  театры; «мочалка  театр»; үстел  үстіндегі  кейіпкерді  тоқымадан  немесе  крючокпен  тоқуға  болады ( олар  өздерінің  формасын  ұстағандай  пластмас  бутылкаларға  кигізіп  қойады); ағаш  ойыншықтар,  саздан  жасалған  ойыншықтар (дымковски  ойыншықтар).

Суреттер (картиналар)  театры –Декорация  мен  кейіпкердің – суреттері олардың  әрекеттері  шектелген. Ойнаушының  дауыс  ырғағы интонация)  арқылы  кейіпкердің  мінезқұлқы  беріледі.  Кейіпкер  әрекет  барысында  пайда  болады,  балалардың  қызығушылығын  арттырады.

Стенд-кітапша  театры –  бірін-бірі  ауыстыратын  иллюстрациялық оқиғалар  көрсетіледі.  Стенд- кітапшаның  беттерін  ашу  арқылы  жүргізуші  әр  түрлі  сюжеттерді  көрсеттеді (оқиғалар,  кездесулер ).

Фланелеграф  театры – суреттер мен кейіпкерлер  экранда  көрсетіледі. Оларды  фланельдер  ұстап  тұрады. Мұндағы  суреттерді  балалар мен бірге  ескі  кітаптардан, журналдардан  қиып  алуға  болады.

 Трафарет театры- трафареттеатры  арқылы  сөз  құрамының  байлығын,  диалог,  монологты  дамытуға  болады.  Балалар  дайын  трафареттердің  көмегімен  болашақ  кейіпкерлердің  суреттерін  жасайды.  Оларды түрлі түсті   бояулармен   бояйды,  дайын  бейнелерді  қайшымен  қияды.  Бұл  жерде  балалардың  шығармашылық  ойлау  қабілеттері  дамиды. Ұжымдасып  жұмыс  істеу  үрдісінде  әрбір  бала  өзіне  берілген  бейненің  түр-тұлғасын,  қимыл- қозғалысын  өзгерте  алады.

Көлеңкелі  театр-жарық  өте  жақсы  түскен  экранда  адамдар,  жануарлар және  құстардың  пішіндерінің   қозғалысына  қарауды  балалар  өте  жақсы  көреді. Ертегі, әңгіме,  өлең,  әндерді  көлеңке  театры  арқылы  айтуға  болады. Көлеңке  таетрдың  қойлымын  көрсетуге  үш  тәрбиеші  қатысады. Біреуі мазмұнын  оқиды,  екеуі  көріністі  көрсеттеді. Көлеңке  театрдың  сахнасы  экран  болады. Экранды  ағаштан  немесе  қалың  кардоннан  жасайды, ою- өрнекпен  өрнектейді. Кейіпкерлерді  көрсету  үшін – оны экранның  арт  жағынан  ұстайды. Кейіпкерлерді  қара  түспен  жуқа  кардоннан  жасайды,  жіп  арқылы  қозғалтады.  Кейіпкерлерді  көрсеткенде  қол  көрінбеу  керек. Бұл   көріністер балалардың  шығармашылықтарын  арттырады,  ой  өрістері  дамытады.

 

 

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *