Шырағы сөнбеген кемел тұлға

Шырағы сөнбеген кемел тұлға

Ақтөбе обылысы, Шалқар ауданы
«Ә. Жангелдин атындағы ЖОББМ» КММ
9 сынып оқушысы
Жеткергенова Тоғжан Бержанқызы

         Екі аяқты, жұмыр басты пенде – ғажайып құбылыс. Дүниеге келген әр адам әлем театрында өзі кейіпкер болып өмір кешеді. Ал сол кейіпкер тұлға болса – өмір театрының құдіреті.

Бүгін мен сөз еткелі отырған тұлға да  – қайсар күрескерлігімен, тынымсыз еңбегімен, дарынымен өмір театрының құдіреті болған Тахауи Ахтанов.

Тахауи Ахтанов – XXI ғасырдың алпысыншы жылдарынан бастап қазақ прозасының өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосқан халқымыздың қабырғалы қаламгері, көрнекті жазушысы.

Суреткер шығармашылығының табиғатына зер салып  қарасаңыз, оның лепірме сөзден аулақ екендігін байқайсыз. Сонымен қатар, оның туындылары қарапайымдылығымен, шыншылдығымен ерекшеленеді. Жалпы, өмірді терең білу, қарапайым тұрмыс шындығының әлеуметтік мәнін ашу, адамның жан дүниесінің ірілігі мен сұлулығын келісті бейнелеу Тахауи Ахтанов сынды дарынның ғана қолынан келетін кемелдік.

Тахауи Ахтанов – ресми түрде жоғары оқу орнын аяқтамаса да, өз бетінше оқу, әдебиетке деген ерекше ынталылығының арқасында жазушы дәрежесіне көтерілді. Адамгершілік арды, азаматтық парызды серік еткен және оны шығармашылығының басты тақырыбына айналдырған ол алғашқы туындыларынан-ақ адамның жан дүниесіндегі өзі әлі ұғынып, түсініп болмаған әртүрлі қасиеттердің тамыр төркінін ашып көрсетудегі шеберлігін таныта алған. Жазушы қай шығармасында болмасын кейіпкердің рухани эволюциясына, яғни адамгершілік әлеміндегі деформация мен деградациясына назар аударған. Мәселен, “Боран” романы арқылы сын сағаттардағы адамның рухани болмысын, әрекет мінезін ашса, “Қаһарлы күндер” романында қаһарманның адамгершілік келбетін танытып, оның ішкі жан сарайына тоқталу арқылы, кейіпкердің ар алдындағы жауапкершілігін алға тартады. Ал, “Шырағың сөнбесінде” соғыс оқиғасы адамның ішкі ойымен қатарластырыла өріледі. Жазушы мұнда адамның ішкі ой-толғанысы арқылы соғыстың адамзат баласына жат құбылыс екенін айтады.

Замана заңғары шебер жазушылығымен қатар өз кезіндегі әдеби процеске де белсенді араласқан. Бұл оның жазушылық қалыптасу кезеңіндегі әдеби тану ізденісімен, азаматтық белсенділігінің жоғарылығымен, болып жатқан әдеби жаңалыққа бейтарап қарай алмайтын  сыншылық сергектігімен байланысты еді. Ғ.Мүсірепов бұл туралы: “Мен Тахауи Ахтановтың әдебиет пен көркемөнерге құшақ аша жүргенін  қатты бағалаймын”- деп жазған еді. Расында, оның проза мен драма жазуы, сын жазуы мен аударма жасауы, аударманың өзекті мәселелеріне қалам тартуы, публицистикалық мақалалары, сұқбат, ой-толғамдары сол кезеңде жоғары бағаланған.

Бүгінде жазушы-драматург Тахауи Ахтановтың әдебиет сыншысы ретінде артынан  мол мұра қалдырғанын  ешкім жоққа шығара алмайды. 1962 жылы жазған “Іздену, зерттеу – басты шарт” деген мақаласында автор өзінің әдеби сынға келуін айтады. Онда “Қаһарлы күндер” романын жазуда тәжірибесінің жеткіліксіздігін Ә.Нұрпейісовтің “Курляндия” романын оқу үстінде ерекше сезінгендігін ашық айтады. “Менің сол кездегі бітіргенім, өз романымды жинап қойып, “Курляндия” жайлы мақала жаздым”, – дейді автор. Осылайша, ол 40-шы жылдардың соңы мен 50-ші жылдардан бастап әдеби сынмен, көркем аудармамен белсенді араласып,  қазақ әдеби сынының дамуына үлес қосады.

Қорыта келе, поэтикалық қуаты мол жазушы туындылары тек қазақ әдебиетінің ғана емес, әлемдік әдебиеттің де таңдаулы туындыларының санатына жатады. Олай болатын болса, суреткер Т.Ахтанов – жай талант емес, дарынды, парасатты, ойлы, көреген, хас талант.

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *