Мектепке дейінгі ұйымдардағы заттық –кеңістікті дамытушы орта
Мектепке дейінгі ұйымдардағы заттық –кеңістікті дамытушы орта
«№46 «Балбұлақ» бөбекжайы»МКҚК
әдіскері-Қобланова Алима Реджеповна
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы.
«Балалар сұлулық əлемінде, яғни ойын, ертегі, əн, сурет, қиял жəне шығармашылық əлемінде, өмір сүруі керек. Бұл əлем баланы қоршап алуы қажет…», — деп В.Сухомлинский
Заттық-кеңістіктік дамытушы орта – бұл баланың психикалық әл-ауқатының қауіпсіздігіне, оны дамыту мақсаттарына сәйкес кеңістікті ұйымдастыру және баланың өз бетінше үйрену қабілетін дамытуға оң ықпал ететін жабдықтарды пайдалану немесе педагогикалық үрдісті жүзеге асыруға қажетті уақыт пен кеңістік жағынан жүйелі ұйымдастырылған, қажетті заттармен, ойын құралдарымен жабдықталған эстетикалық, психологиялық-педагогикалық шарттардың жиынтығы. Бұндай ортада бала белсенді танымдық, шығармашылық іс-əрекетке қосылады, қызығушылығы дами түседі, қиялы, ақыл-ой жəне бейнелік қабілеттері, қарым-қатынас жасау дағдысы дамиды, ең бастысы, үйлесімді тұлға дамуы жүзеге асады.
Дамытушы орта балаға өз қабілеттерін пайдалануға, қызығушылықтары мен мүмкіндіктеріне сүйене отырып, өзін қызықтыратын ойын материалдарымен ойнауға мүмкіндік береді.Сонымен қатар дамытушы орта баланың өзіне деген сенімділігін арттыруға, оны бойына сіңіруіне септігін тигізеді, мектеп жасына дейінгі балаға өз қабілеттерін сезіну жəне қолдануға мүмкіндік береді, өз қабілетін, шығармашылық шешімдер қабылдай алу дағдыларын дамытады.
Балалар әрекетін осындай тәсілмен ұйымдастыру нәтижеге бағытталған даму механизмін құрайды. Бала жоспарланған мақсатты жүзеге асыруға ұмтылады. Дамытушы орта баланы әрекетке ынталандырады, оны тұлға ретінде дамытады, қабілеттерінің ерте көрінуіне ықпал етеді. Осылайша, заттық-кеңістіктік дамытушы орта – бұл баланың психикалық әл-ауқатының қауіпсіздігіне, оны дамыту мақсаттарына сәйкес кеңістікті ұйымдастыру және жабдықтар мен басқа да жарақтарды пайдалану. Заттық-кеңістіктік дамытушы ортаға қойылатын жалпы талаптар:
– қауіпсіз;
– қолжетімді;
– әртүрлі;
– мазмұнды;
– көп атқарымды;
– өзгермелі;
– тартымды болуы тиіс.
Жас топтары бойынша заттық-кеңістіктік дамытушы ортаға қойылатын талаптар:
1) ерте жас тобында және кіші топта: 17 танымдық ойыншықтар, қарапайым пазлдар, зерттеушілік қызығушылығын белсендіретін қозғалмалы ойыншықтар, қимылды ойындарға қажетті құралдар, оның ішінде ірі және ұсақ моториканы дамытатын ойын құралдары, жұмсақ модульдер, қауіпсіз табиғи материалдардан жасалған ойыншықтар.
2) ортаңғы топта: дамытушы ойыншықтар, құрастыруға арналған жинақтар, сурет салуға арналған құралдармен және соған лайық жайлы орындармен толықтыру, қол еңбегіне арналған құралдар мен ойыншықтар, театрландырылған ойынға арналған жинақтар, қуыршақтар, түрлі машиналар, танымдық қызығушылығын жетілдіруге арналған табиғи материалдар, шағын модельдер.
3) ересек және мектепалды даярлық топтарында: дамытушы модульдер, күрделі пазлдар, құрастырылатын ойыншықтар, сауат ашу, алғашқы математикалық ұғымдарды игеруге ықпал ететін әртүрлі материалдар, баспа әріптері, сөздер, кестелер, үлкен шрифті бар кітаптар, боямақтар, сандары бар оқулықтар, сандары мен әріптері бар үстел үсті ойындары, ребустар, оқу құралдары, балалар энциклопедиялары, ғаламшардың жануарлары мен өсімдіктер әлемі, әртүрлі елдердің адамдарының өмірі туралы иллюстрацияланған басылымдар, балалар журналдары, альбомдар, суреттер мен карточкалар.
Сонымен қатар, заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны қалыптастыру барысында барлық топтарда ойыншықтар мен ойын материалдарын толықтырып отыру қажет. Көптеген импровизациялауға ыңғайлы материалдардың болуы маңызды (арқан, қорап, сым, доңғалақтар, ленталар және т.б.). Олар ойын барысында балалардың әртүрлі креативті идеяларын жүзеге асыруда, шығармашылық шешім қабылдауында қолданылатын болады.
Тәрбиелеу – білім беру жұмыстарын тәрбиешілер мен жеке мамандар бірігіп жүргізеді.Осындай жұмыс нәтижесінде баланың жан-жақты дамуында баланың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтың кәсіби деңгейін көтеруде және психо-педагогикалық мәдениетілігін арттыру,ата-аналармен жұмыстың жаңа формаларын пайдалану арқылы міндеттерді сәтті шешуге көмегін тигізді.
Заттық-дамытушы орта мынадай психологиялық-педагогикалық өлшемдерге жауап беруге тиісті:
- баланың психикалық даму деңгейіне сəйкестігі;
- жүйелілігі;
- көп функциялылығы;
- баланың шамасына сай болуы;
- трансформациялануы;
- мазмұны бойынша жəне функционалдық міндеттері бойынша вариативтілігі.
Заттық ортаға қойылатын бастапқы талап — оның дамытушылық сипаты. Ол балабақша бөлмелерін, сондай-ақ учаскені заттық кеңістікте ұйымдастыру арқылы баланың мүдделері мен қажеттіліктеріне, ал олардың элементтері (құрал-жабдықтар, ойыншықтар, дидактикалық материал т.б.) баланың дамуына қызмет етуге тиіс.
Тәрбиешілеріміз балалардың бойына қайырымдылық пен сүйіспеншілікті, адамгершілік пен ізгілікті, парасаттылық пен мейірімділікті қалыптастыру,олардың денсаулығын қорғау және нығайту, салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру, әрбір балаға балдырған шақ кезеңін қуанышты да, мазмұнды өткізу мүмкіндігін беру мақсатында жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып: «Зерек бала», «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік бағдарламасы», «Өзін-өзі тану»және «Ручеек» эстетикалық тәлім-тәрбие беру бағдарламалары мен жұмыс жүргізеді. Бұл бағдарламаларда балалардың психикалық дамуына көп көңіл бөлінген. Сонымен бірге балалардың өз тобында өзара байыпты, сыйластық қарым-қатынастарын қалыптастырудың тиімді технологиялары әзірленіп ұсынылған.
Балалардың заттық-дамытушы орталықтарына ерекше көңіл бөлінеді. Әсіресе серуен алаңдары мен аулаларға жаңа үлгідегі әткөншектер, каруселдер, ойын алаңдары, жаңа көшеттер, құммен ойынау алаңдары, сырғанақтар жасалып, қаламыз бойынша ең бірінші болып біздің балабақшамызда жазғы – амфитеатр бой көтерді. Әрине, мұның барлығы балалар үшін, олардың қуанышы үшін жасалынып жатырған жұмыстар.