Өз стилімізді қалай табуға болады

Стиль – бұл көптеген заттарды, жиынтықтарды және киімдерді белгілі бір санаттарға немесе түрлерге бөлуге болатын белгілер жиынтығы. Стиль адамының жасы, әлеуметтік және қаржылық жағдайы, ұлты мен менталитеті, өмір салты мен жұмысы, музыкалық бейімділік, діни нанымдар, дене бітімі секілді факторларға байланысты өзгеріп отырады.

 

 

 

 

 

 

 

Қай стиль сізге жақын екенін анықтау неге соншалықты маңызды?

 

Ең алдымен, бұл сіздің өзіңізді сенімді сезінуіңіз үшін, сіздің сыртқы бейнеңіз ішкі жан дүниеңізді көрсетуі үшін қажет. Өз стиліңізді нақты тапқаннан кейін, сіз дүкендердегі киімдердің шексіз қатарынан адасып кетпейсіз және сізге не қажет екенін біле отырып, қажетті киімді көп қиналмай таба алатыныңыз да бонус болмақ. Әлемде стилистикалық үрдістер тым көп. Мәселен, классикалық стиль, күнделікті, спорттық стиль, гламур, бохо, этникалық, гранж, романтикалық стиль, преппи, минимализм, эклектизм, жаңа көрініс, іш киім стилі , пижама стилі, ретро стилі және әскери стиль деп тізім жалғаса береді. Бүгін ең әйгілі стиль түрлеріне тоқталып өтсек.

 

Класссика

 

Бизнес стиль немесе классика ықшамдықпен сипатталады. Бұл стильдегі киім әсіресе мұғалімдер мен кеңсе қызметкерлеріне, ғылыми конференциялар мен кездесулерге қолайлы. Классикалық стиль ашық түстер мен өзгеше образдарға қарсы. Бұл стиль көбінде минимализм бағытын ұстанады.Қара, сұр, қоныр, қара көк секілді түстер – бұл стильдік бағыттың негізі. Классика 50 жыл бұрын солай болған және ондаған жылдардан кейін де солай қалатыны сөзсіз. Бұл стиль түрі өзгермейді, бірақ оған қарамастан әрқашан сұраныста болады.

 

Спорттық стиль

 

Спорттық стиль – оңай және тек спортзалға немесе фитнеске барғанда киетін киімдер ғана бұл стильдің көрінісі деп ойлау дұрыс емес. Спорттық стильге спорт элементтері кіреді, бірақ спортқа арналған киімдер емес. Свитер, футболкалар, жейделер, кең шалбар, аяқ киім, кроссовкалар, бас киім және рюкзактар ​​осы стильдік бағыттың негізі болып табылады. Спорттық стиль ыңғайлы және қозғалыстарды шектемейтін болуы қажет. Онда ашық түстер көп кездеседі. Зергерлік бұйымдар, өз кезегінде, минималистік және шағын өлшемді болуы тиіс. Дегенмен, спорттық стильде аксессуарларлар аз кездеседі.

 

Кэжуал

 

Кэжуал (кездейсоқ) бүкіл әлемдегі сәнқойлардың көпшілігі арасында ең танымал стилистикалық үрдістердің бірі. Стиль атауы аудармада «күнделікті» деген мағынаны білдіреді. Біріншіден, кэжуал жайлылық пен ыңғайлылықты, стильдерді шектемейтін жағымды маталар мен икемділік көрінісі ретінде қарастырылады. Киімнің негізгі элементтері: джинсы, жейделер, жемпірлер, қарапайым ыңғайлы аяқ киім. Бұл стильді кейде америкалық деп те атайды. Әсіресе, папараццилердің назарына түсетін Голливуд жұлдыздары жұмыс күндері осылай жүреді.Түс схемасына келетін болсақ, ол жоғарыда аталған классикалық стильге қарағанда әлдеқайда тустерге бай, бірақ тым ашық түстер мен неон түстері қолданылмайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бохо

 

20 ғасырдың актрисалары, суретшілері, ақындары ұнататын өзгеше киім түрі – бохо. Бұл стиль кең, бос силуэттерді, ұзын көйлектер мен юбкалардан тұрады. Бохо – еркіндікті сүйетін және шығармашылық адамдарға арналған. Бұл стильдік бағыт жұмсақ табиғи маталар, бас киімдер, үлкен күннен қорғайтын көзілдірік, сандалдар немесе ковбой стиліндегі етік, ұзын зергерлік бұйымдар мен жуан сақиналармен сипатталады.

 

 

 

 

Көптеген стильдің арасында өз бағытыңды табу оңай емес екені анық. Дегенмен өзімізге жақын стильді таба отырып, өзгелерден ерекшелініп, өзімізді қалыптастыруға әрекет ете аламыз.

 

Уалихан Малика

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *