“Біз жаңа Қазақстанның ұрпағымыз”

                                     Біз- жаңа Қазақстанның ұрпағымыз

   Қазақстан-әлемдегі ең ғажайып мекен.Сан ғасырлық тарихы бар Қазақстан бүгінде гүлдеп,дамып келеді.Осындай күнге жетуімізге себепші болған,әрине,ол-Тәуелсіздік.Тәуелсіздік-біртұтастығымыздың алтын діңгегі.Тәуелсіздік жолындағы ата-бабаларымыздың жанкешті ерліктері есімізде мәңгі сақталады.Ендігі кезекте тамыры тереңге жайылған Тәуелсіздігімізді сақтап қалу-біздің және жас ұрпақтың қолында.

   Қазақстан-әлемдік өзіндік шекарасы,қайталанбас тарихы,діні мен тілі,салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы,мәдениеті мен өркениеті бар дербес мемлекет.Қазіргі нарықтық заманда,дамыған елдер қатарынан ойып тұрып орын алып,мәдениеті мен экономикасын әлемге танытып отыр.

    Осы уақытқа дейін еліміз көптеген қиындықтарды бастан өткерді.Соның бірі-Тәуелсіздік жылдарында еліміздің саяси тұрақсыздығы болды.Біз соған қарамастан,ынтымағымыз бен бірлігіміздің арқасында әлем мойындаған мемлекетке айналдық.Қазіргі кезде демократиялық құндылықтарға басты назар аударып,жаңа Қазақстанды құруға әрекет жасаудамыз.Осы турасында Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Қазір жаңа Қазақстанның не екенін түсіндіру ерекше маңызды.Әр азаматтың бұған қатысты өз пайымыбар екені түсінікті.Мен бұған дейін айтқанымдай,Жаңа Қазақстан дегеніміз бұл-Әділетті Қазақстан.Оны құруға әрқайсымыз өз үлесімізді қосуымыз керек.Жаңа Қазақстан нақты көрсеткіштері бар жол картасы емес.Бұл мемлекет пен қоғамды дамыту жүйесін түбегейлі жаңарту деген сөз деп мен тағы айтқым келеді»,-деді жолдауында.Осыған орай,жаңа Қазақстанды құру,үлкен мүмкіндіктер мен тың идеяларға жол ашу-жастардың құзыреттілігінде.Қазіргі таңда жастарымыз үздіксіз білім алып,тыңдай еңбектеніп еліміздің дамуына зор үлес қосыпа жатыр деп сенімді түрде айта аламын.Себебі мемлекетіміз білемін,дамимын деген жандарға көптеген мүмкіншіліктерге жол ашып берді.Мемлекетіміз жастарға білім-ғылым саласынан тыс,әлеуметтік жағдайларын реттеуге бағдарламалар жасақтады.Міне,осылайша жастарымыз мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдалануда.

    Мен жаңа Қазақстанды көзіме елестетсем,Асан қайғы желмаясына мініп,іздеген Жерұйығы-осы Тәуелсіз Қазақстан.Осындай қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманда өмір сүріп жатқанымызға риза болуымыз керек.Алаш ардақтысы Ахмет Байтұрсынұлының «Қазақ жоқшы,жоғын іздеген қуғыншы»,-деген асыл сөзін еске алып және мемлекетіміздің бағдарламаларын жұмыла жүзеге асырсақ,Қазақ елі жоғын табады.Осылайша,әрқайсымыз бір жағадан бас,бір жеңнен қол шығарып,жаңа Қазақстанның құрылуына үлес қоссақ,нұр үстіне нұр болар еді.Сондықтан,Қазақстан-жаңа,рухани өркениетіміздің негізі.Ал оны қолдап,қорғау-жастардың міндеті.,

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *