Қарттарым
Қарттарым-асыл қазынам
Қарты бар елдің қазынасы бар. Ақсақалдар әрине біздің алтыннан да қымбат қазыналарымыз десек те қате айтапағанымыз болар еді. Қарты бар үйдің қазынасы ешқашан ортаймайды неліктен?Өйткені ақсақалы бар үйдің жөн сілтер,жол көрсетер қарты бар. Қазіргі таңда жастарымыз неліктен бұзылып жатыр? Осы қарапайым қазыналарымыздың өзі сиреп бара жатқанының айқын бір дәлелі және де кейбір ақсақалдарға қарап тұрып жол сілтер емес жол көрсетер адам керек екенің көріп қарнын ашатын тұстары да өкінішке орай жиі кездесетіні бізге мәлім. Жөн сілтер қарттарымыз азайып бара жатыр елдің,ел болып тұрғаны осы біздің абыз қарттарымыздың арқасы. Осы кезде Мұқағали Мақатаевтың мына бір өлеңі ойға оралады;
Мен қарапайым қарттарды сүйем,
Неліктен керім еді.
Не біледі осы жұрт не біледі,
Бабалардың баласы қариялар,
Сиреп бара жатқандай көрінеді.
Осы өлеңді оқп отырып-ақ біздің ақиық ақынымыздың өзі қарттарымыздың азайып бара жатқандығына өкінішін білдіріп отырған жайы бар.
Қарттар дегеніміздің өзі кімдер?қандай адамдарды қарттар дей аламыз?Қарттар дегеніміз- артынан жас ұрпақты ілестіре алатын,тәлім-тәрбие бола алатын,жол көрсететін,ұрпағым деп қайғыратын адамзатты айта аламыз.Біз ойлаймыз мынадай жастан асса болды ақсақал деп,ақсақалдың да ақсақалы болатының біз түсінуміз керек.Аузынан ақ ит кіріп,көк ит шығатын адамдарды біз қалай ақсақал дей аламыз?Әрине ондай кісілерді ақсақал деуге келмейтіні белгілі.Ақсақал біздің Төле би,Қазыбек би,Әйтеке билеріміз секілді елді бір ауыз сөзімен тоқтататын жандар тобыры.
Қарттар-біздің әрқашан асыл қазынамыз. Ал даналықтың алтын кілті біздің ата-бабамыз.
Бұл ата жолын жалғап келе жатқан ақсақал аталарамыз бен ақ жаулықты әжелеріміз. Ата-әжесі бар үйдің балалары да өзгеден ерек,ортасындағы ерекшелігі қариялардың ыстық алақынынан дәм татып,жаухар сөздерін,саналарына сіңіріп өскендігі білінеді. Ата дәстүр салтымыздан таймай,ескі ғұрыптармен немерелерін,нағыз қазақтың салтын ссақтар бабалардың,жолыменен жүретін өр рухты,қазақты тәрбиелеп өсіреді. Сондықтанда байқайтын болсақ қарттары бар үйдің қазақиылығы иісі сіңіп тұратыны.
Қазіргі заманда техниканың дамыған заманы,ақпараттың толыстамай тұрған заманы.Осы біз күн өткен сайын білімдіміз,өркиенетті елміз деп жатамыз. Қарапайым қарттарамызды қартайған шағында қарттар үйіне тоғыта саламыз. Қане біздің қазақилық,білімділік,ақша,мансап,байлық. Оның бәрінің болғанына не пайда?артында алтын қазыналарын болмағана соң. Ол алтын қазыналарынды өз еркінмен жоқ қылған соң. Ата-анасымен бір дастархан басында,ойнап күліп,әңгіме-дүкен құрып,ақылын тыңдамағаннан соң,осы күнге дейін әлпештеп,аялап,қаншама еңбекпен жеткізгенде,еш шімірікпестен апарып тапсыра салады.Не деген қайрымсыз ұрпақтар болып жатырмыз десенші.
Қариялар әрқашанда қоғамның ең мықты қозғаушы күші. Қарияларымыздан әңгіме,өсиеттерің тыңдап өссек жаман болмаймыз.Қариялар қоғамның дертімен күресіп келеді. Жас ұрпақ артққа емес алға қарай қадам басуы керек. Қазақилықтың жұрнағы болып келе жатқан,біздің ақ сақалды аталарамыз бен әжелеріміз қазақтың кім екенің ұмыттырмайтыны белгілі жайт. Қариялар осы сөздің өзі қандай керемет естіледі. Қарияларамыз жас-ұрпаққа үлгі-өнеге болып қазақ кім деген ұғымды қалыптастырмай,азайып қалған қарияларымызбен көп сұхбаттар жүргізіп,біздің ата-бабамыз туралы көп білуге тырыссақ нұр үстіне нұр болары хақ.Қарапайым қарттарым сіздерді жас ұрпақ жақсы көреді,үлгі алуға тырысады,сіздер жүрген жолмен жүргісі келеді. Сол үшін Ақ самайлы ақсақалдарым,сіздердің қателесуге хақыларыңыз жоқ деп білеміз. Ақсақалды қарттарым,тек қана,жас ұрпақтың жанында жадырап жайнап аман-есен жүріңіздер. Сөзімнің соның мына кішігірім шумақтармен аяқтағанды жөр көріп отырмын;
Ақсақалды қарттарым-ау қарттарарым,
Сендерсіңдер қазыналарым әр таңның.
Қазақилық сақталады сендермен,
Жүрген жолмен жүреміз біз әр талдың.
Қарттарым-ау өмір жолын нұсқаған,
Тәлім-тәрбие аламыз біз ізгі арман.
Қарттар күні құтты болсын сақалдым,
Аман жүрсін әрбір қартым ізгі арман.
Қарттарым ау қарапайым қарттарым….
Дайрабай.Еркебұлан