Өсімдіктер әлеміне саяхат.

Алматы облысы Алатау ауданы

ҚМҚК №148-бөбекжай

Балабақшасының тәрбиешісі

Муханова Галия

 

 

Өсімдіктер әлеміне саяхат.

Балабақшада өсімдіңтің түрлері аз емес өсімдік жалпы же бетінде болатын өте керемет көрініс Өсімдіктер  әлемі әр түрлі ортада тіршілік етуге бейімделген басқа  тірі организмдер сияқты тіршілік-тынысы, пішіні, көлемі жағынан алуан түрлі. Өсімдіктер шөлдерде, ағысы қатты өзендердің, теңіздер  мен мұхиттардың түбінде, сол сияқты биік таулардың қар жамылғысы белдеулерінде де өсе алады. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән тіршілік нысаны бар.  Жоғары сатыдағы гүлді өсімдіктердің де ергежейлі өте майдалары мен алыптары бар. Орманды қорғау біздің міндетіміз. Сирек және дәрілік өсімдіктерді де қорғау баршаның ісі. Біздің жеріміз дәрілік өсімдіктерге өте бай. Сирек өсімдіктердің қатарына ағаштар да жатады. Оларды кесіп отын, құрылыс материалы үшін пайдалануды азайту керек. Қазірдің өзінде Іле шыршасы, самырсып, шетен, ырғай, тораңғыл, долана, шырғанақ, емен,  ағаштары қорғауды кажет етіп отыр. Әсіресе орман ағаштарын кесу етек алуда. Бүршік жарып келе жатқан ағаштардың суретін көрдіңдерма, олардың жапырақтары, көшеті, мұртшалары, сабағы арқылы көбейеді, жарыққа қарай жылжи алады, өрмелейді, жармаласатыны, бұрылатыны, кейбір өсімдіктердің гүлдері кешке жабылып, таңертең қайтадан ашылатынын білесіғдер. Өсімдіктердің иісі болады, гүлдейді, жеміс береді, өсуі мен жағдайының жақсы болуына жарық, ылғал, ауа, қалыпты температура қажет екенін таныстыру. Адамдардың күтімінсіз бөлме және бау – бақша өсімдіктері ауырады, солады, қурайды, сарғаяды, өліп қалады. Бөлме және бау – бақша өсімдіктерін өсіруге, оларды күтіп – баптауға талпындыру. Ағаштың діңін, жапырақтарын, бұтақтарын, гүлдің сабағын, жапырақтарын, гүлдерін тауып айтуға үйрету.
Өсімдіктердің суреттеріне қарап өзінің түсінгенінді әңгімелейік.

Орманды қорғаудың ең маңызды бағыты – жасанды жолмен орман қорын көбейту. Жыл сайын орман шаруашылығы мыңдаған түп ағаштар отырғызады. Осылайша ормандарды қалпына келтурі жүзеге асады. Орманды қорғау мен қалпына келтіру шараларына оқушылардың араласуы қажет. Өсімдіктердің өзі дала және бөлме өсімдігі болып екіге бөлінеді. Біздің бүгінгі сабағымыз бөлме өсімдіктері жайлы болмақ.Өсімдік өмір сәні,табиғат көркі,дәрі-дәрмек. Олар біздің бөлмемізді тек әдемі етіп қоймайды оған көрік беріп, үйдің ауасын тазартады. Бізге қуаныш сыйлайды, көңіліміз көтеріңкі болады
Барлық өсімдіктер күнді және жарықты жақсы көреді, сондықтан да оларды терезенің алдына қоямыз.
Бөлме гүлдерінің басқа өсімдіктер сияқты тамыры, сабағы, жапырағы және гүлдері бар.

Ал мынау алоэ – өсімдігі. Жапырақтары тікенді болып келеді, бірақ тікені қолымызға кірмейді. Алоэнің емдік қасиеті бар одан дәрі-дәрмек жасайдыАлоэ — үйге аурудың бактерияларының енуіне төтеп береді. Бөлменің энергетикалық қалпын жақсартады. Егерде бір жеріңізді жарақаттап алсаңыз сол жерге осы алоэні кесіп шырынын жақсаңыз тез жазылып кетеді.

Фикус – шаңсорғыш сияқты жұмыс жасайды. Ауадағы шаңды, бөлмедегі адамның қобалжуын, ашуын, көңілсіздігінен арылтады. Сырттан келетін кері әсерлерге кедергі жасайды. Сондай-ақ, бөлме ішін ылғалдандырып, уытты заттардан тазартады. Жапырақтары арқылы бөлме ішін шаң-тозаңнан сақтайды. Оттегіні күндіз бөліп, түнде жұтатын қабілетке ие фикусты жатын және балалар бөлмесіне қоймағаныңыз абзал.

Міне өсімдіктердің осындай адамға деген пайдасы бар екен.    Өсімдіктер тек әдемілік сыйлап қана қоймай, адамның денсаулығына да жағымды әсер тигізеді. Гүл өскен ортада, тазалық, татулық пен бірліктің, жақсылық пен жомарттықтың болары сөзсіз. Гүлді тек бөлмеде ғана емес, жұмыс орнында, аулаға, демалыс орындарында, адам көп шоғырланатын жерлердің барлығына өсіру керек.

 

Енді осы гүлдердің сырт келбетімен танысайық. Бөлме гүлдерінің басқа өсімдіктер сияқты тамыры, сабағы, жапырағы және гүлдері бар.
Біз енді өсімдіктерді қалай күтіп баптау керектігін білеміз.
— Тамыры топырақтың астында болады, олар көрінбейді, өсімдіктердің су ішуіне көмектеседі, сондықтан да оларға су құйып тұру қажет. Гүлдердің тамыры дем алып тұру үшін топырағын қопсытамыз. Балалар гүлдердің жақсы жайнап өсуі үшін гүлдерге су, жарық, жылу, топырақ қажет . Гүлге су құйып, жапырағын сүртіп, су бүркегішпен су шашып, топырағын қопсытып, тыңайтқыш сеуіп тұру керек.

Аулада өсетінде гүлдер түрі өте көп соның бірі өзіміз жақсы білетін

Раушан гүлі өте әдемі хош иісі бар қызыл сары ақ түстерде болады. Ол тек жаз айларында құлпыра гүлдер күн салқындағанша тұрады. Қыс түсіп күн салқындай бастағанда оны қиып бетін жауып суық өтпейтіндей жауып қоямыз. Балалар бәріңнің үйлерінде бар шығар. Раушан гүлі сыйлыққа бергенге өте әдемі қыздардың бәріне ұнайтын гүл.

 

Қорытынды

Ал енді балалар бүгінгі түсінгеніңізді қорытындылаймыз қорыта келе бүгін өте көп өсімдіктермен таныстық өсімдіктердің қандай нәзік екеніне көз жеткіздік. Енді өсімдіктерді аялап су құйып тұру керек екенін түсіндік ия балалар.енді  орман өсімдіктерінде үй өсімдіктерінде қорғап су құйып жүреміз біз өсімдіксіз тіршілік ете алмаймыз табиғатымыздың көркі сол өсімдік

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *