Бопай ханым кім?

Тарих бетіндегі қазақ әйелдерінің бірін білсек, бірін білмей жатамыз. Халқымызда өз заманында беделі биік, есімі елге аян болған нәзік жандылардың бірі – Бопай Ханым. Ол Әбілқайыр ханның жары, Нұралы, Ералы және Айшуақ сұлтандардың анасы және Сүйіндік батырдың қызы болған. Бопай Ханым Әбілқайыр ханның екінші әйелі болса да бәйбіше мәртебесіне ие болған. Ханымның сұлулығын 1736 жылы

Хан Ордасында болған ағылшын суретшісі Джон Кэстльдің өзі суреттеген.

Бопай сұлу болып қана қоймай, ел ішіндегі мәселелерді шеше алатын мықты дипломат болған. Ол орыс патшайымдары Анна Ионовна мен Елизаветта Петровнамен хат алмасып отырған. Бопай ханымның үйіне патша ұлықтарының өзі үйіне баса-көктеп кірмек түгілі, батып тіл қата алмаған деп баяндайды тарихшылар. Бопай ханым садақ ату, қылыш сермеу сияқты әскери өнерлерді де бойына сіңірген. Ол Әбілқайыр хан тұсында да, ол қайтыс болғаннан кейін де, ел арасындағы жиындарға қосылып, мәселелерді шешкен. Тіпті өзінің жеке мөрі де болған деседі. Батырлығымен, саясаткерлігімен көзге түскен жалғыз қазақ әйелі Бопай ханым әр қазақ қызына үлгі болар тұлға екені айдан анық.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *