Табиғаттағы жұп сан екі
Ақмола облысы
Көкшетау қаласы
Темірбай Ералы
3 «Б»сынып
Табиғаттағы екі саны
Секциясы: Математика
Жетекшісі: Ибраева Асылтас Калиаскаровна бастауыш сынып мұғалімі
Мазмұны
І. Кіріспе
Сандардың сыры, қасиеті туралы ……………………………………………………. 3
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Сандардың зерттелуі……………………………………………………………….. 4
2.2 Зерттеуші ғалымдар ………………………………………………………………… 5
2.3 Сандар сөйлейді……………………………………………………………………… 6-8
2.4 Зерттеу тұжырымы……………………………………………………………………. 9
2.5 Жұлдызшылар есебі…………………………………………………………………. 10
2.6 Практикалық кезең ………………………………………………………………. 11-16
ІІІ. Қорытынды. …………………………………………………………………………….. 17
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ………………………………………………………. 18
Қосымша 1
Қосымша 2
Қосымша 3
Аннотация
Тақырыбы: «Табиғаттағы жұп сан екі»
Зерттеудің мақсаты: Өзімізді қоршаған табиғаттан жұп сан 2-ге байланыс-ты әр алуан ғажайып жұптарды көре біліп, оларды зерттеу және оқулыққа жаңа үлгідегі есептерді енгізу.
Зерттеу кезеңдері: а) Мақсат қою
ә) Жоспар құру
б) Жұмыс кезеңдерінің уақытын белгілеу
в) Керекті ғылыми әдебиеттерді іріктеу
г) Бұқаралық ақпараттардан нақтылы деректер жинақтау.
ғ) Жинақталған материалдарды жүйелеу.
Эксперименттің әдістемесі: 1. Қоршаған табиғаттан жұп сан 2-ге байланыс-ты мәліметтерді таба білуді меңгерте отырып, халық қазынасының тереңіне бойлап, киелі сандар жайында мағлұматтарды көпшілік қажеттілігіне жарату. Болашақта ғылыми болжамды іске асыру мүмкіншілігі бар әр түрлі дәреже-дегі ұсыныстар жасауға үйрету.
- Тұжырымдау қасиетін арттыру арқылы жұмыстың маңыздылығы мен қа-жеттілігін аңғарту. Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жат-қан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрінгенін, қасиетті сандарға ерекше тәрбие көзі ретінде пайдаланғанын дәлелдеу.Осы сандардың қасиеттілігі неде екенін айқындай отырып, сан есімдер ретінде бір жүйеге келтіру.
Зерттеудің жаңалығы мен дербестік дәрежесі: Заман өзгергенмен халық-тың сенімі, құпиялылыққа құштарлық сезімі өршімесе өшпейді. Бұл қоғамда болған, бола береді де. Ендеше халық ойын түсініп, ата-бабадан келе жатқан жұп сандарға үңіліп, құпиясын түсіне білу қашанда өзекті мәселенің бірі болып қалмақ.
Жұмыс нәтижелері мен қорытындысы: Осы зерттеу жұмысым арқылы сандардың сыры мен қырына үңіліп, зерттеушілер мен жұлдызшылардың есебіне тоқталдым. Өзіндік ізденісімнің арқасында жұп сан 2-ге байланысты оқушыларға көмекші құрал ретінде есептер кітапшасын құрастырдым.
Нәтижелерді практикалық қолдану салалары: Жиналған материалдар жалпы білім беретін мектептер мен өзге ұлт өкілдері оқытатын мектептердің қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәндерінде аймақтық компонент ретінде оқуларына мүмкіндік береді. Қызығушылығын ояту мақсатында қызықты грамматика ретінде қолдануға болады.
І. Кіріспе
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың халыққа арнаған жолдауында «ХХІ ғасыр-да білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық» деп атап көрсетіл-гендей, ұрпағы білімсіз елдің келешегі де бұлыңғыр екені баршаға аян. Сон-дықтан да өз ұлтының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін бойына ана сүтімен, әке қанымен сіңірген әрбір ұрпақ осы заман талабына сай біліммен қаруланса, ел келешегі еңселі, мәртебесі биік, арманы асқақ, елдің мерейі үстем болмақ.
Ұлы ғалым Пифогор: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен. Ғалымдардың бұл тұжырымдарына сену-сенбеу әрине әркімнің өз еркінде. Басқа ғылымдар мен дін қағидаларының да болжамдарға сай келе бермеуі мүмкін. Дейтұрғанмен, әр санның адам өмірінде белгілі бір маңызы бар екенін жоққа шығара алмаспыз. Біз, адамзат қауымы әр атқан таңымыздан батар кешке дейін күнделікті күйбең тіршіліктің қамымен жүріп өміріміздің қалай өтіп жатқанын аңғармаймыз. Тіпті өзіміздің айналамыздағы тамаша көріністерге бір сәт көз салып қызығуға да уақыт табу қиын. Алайда сіздер бір сәтке болса да жан-жағыңызға көз салып тоқталар болсаңыз күнде көріп, ұстаған, қолданған, өзіңіз талай рет жүріп өткен жерлеріңіздің өзінен ақ көптеген сандарды байқамауыңыз мүмкін емес.
Қазақ халқы бір санынан бастап әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік кие болатынын, мақсаты мен мағынасы болатынын сезе,түйсіне білген. Соған орай әрбір сан, цифрдың түбінде қандай да бір ой, идея жатыр. Қарап отырсақ, әркімнің өзі сенетін бақытты және бақытсыз сандары болады. Біреудің бақытты саны -13, бақытсыз саны -9 делік. Мұндайға шын көңілімен сенетіндер айдың 13-і күні кез келген тірлігін сенімділікпен іске асырады. Ал 9-ы күні әр қадамын абайлап басып, тіпті үйден шықпай, төрт қабырғаның ішінде күн ұзаққа қамалып отырып алатындар да бар. Cөйтіп, ол 13 саны байқалған жерде батыл жүрсе, 9-дан үнемі сақтанады екен.
Осындай сандардың тылсым сырын зерттеп, оның қыр-сырын ашсам деген үмітпен ғылыми жоба атауын «Табиғаттағы жұп сан 2 және киелі сандар» деп алдым.
Мүмкін, біреулер, сандарды тек математик-ғалымдардың кітаптарында ғана кездестіруге болады деп ойлар. Бірақ, жан-жағымызға мұқият қарасақ, көптеген бізге бұрыннан таныс қолданыстағы заттардан-ақ 2 санының кездесетінін байқаймыз. Олар өте көп және шексіз. Тек біз оларды үнемі байқап, көңіл бөле қоймайды екенбіз.
«Сандар әлемді басқармайды, бірақ қалай басқару керектігін үйретеді», – деп ойшыл, әрі ақын Гете айтқандай, сандар төңірегінде үлкен сыр бар екені о бастан-ақ сезілген. Осы орайда мен танымал киелі сандармен қоса жұп сан 2-ні қолданудың әр алуандылығын зерттеуді өзіме мақсат еттім. Көздеген мақсатыма жету үшін сандар жайлы жан-жақты біліммен қарулануды шештім.
3
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 САНДАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Сандар… Сырға толы, идеяға толы сандар. Сол сыр мен идеяның мән-мағы-насын түсіну үшін ғалымдар арнайы ғылым-нумерологияны ашқан. Нумеро-логия арқылы әр санның шығу төркінін, мән-мағынасын, оның адам өміріне деген әсерін ұғынуға болады. Нумерологияшыл ғалымдардың ойынша әр адамның жаны өзінің нумерологиялық кодымен тікелей байланысты. Ол код-ты шеше білген адам өз тағдырының толық иесі бола алады дейді. Енді сол киелі сандардың қасиетіне біраз тоқтала кетсем деймін.
Жалпы біздің қазақ киеге үлкен мән берген халық. Табиғаттың кейбір апат-тарын, отты, кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті зат-тарды киелі деп қастерлеген. Сондай-ақ қазақ халқының өмірінде түрлі мәнді ерекше сипат бере отырып жиі қолданылатын сандар тізбегі көп. «3, 7, 9, 40» сынды сандар тізбегін өзіміздің салт-дәстүрімізден, ырым-тыйымдарымыз-дан, нақыл сөздерімізден, мақал-мәтелдерімізден анық көруге болады. Біз бүгін сандар әлеміне саяхат жасаймыз. Бұл саяхатта біз көптеген сандардың сырларын ашып, олардың қасиеттерінің пайда болу кезеңін тамашалаймыз.
Жан-жағымызға зер сала қарасақ сандардың тек қана математика емес, тағы басқа көптеген ғылымдарда да маңызы зор. Қарап отырсақ, осы қарапайым 10 цифр болмаса, біз телефон да соға алмаймыз. Жалпы таным проблемасы-мен байланысты ескілікті наным-сенім түрлерінің тілдік көріністері, әсіресе сан атауларымен келген тұрақты сөз оралымдарында өте көп кездеседі.
Байырғы кездерде халық әр алуан құбылысқа нәзік бақылау жасай келіп, олардың ортақ қасиеттері мен сипаттарын санмен түйіп, санамалап айтып отырған. Наным-сенімге қатысты «киелі ұғымдар» негізінде пайда болған құбылыс. Сан атауы сәбидің ана құрсағында болу уақытымен байланысты ерекше қолданысқа ие болған. Сандар адам баласының ертедегі өмірінде уақыт өлшемі, көлемдік өлшемі жағынан ерекше қызмет атқарған. Мысалы, о баста бескүндік апта, бертін келе жеті күндік апта болған. Сан есімдердің фразеологиялық бірлік жасаудағы деңгейі бірдей емес. Біріншіден, есептік сан есімдер жиі қолданылады. Екіншіден, сан атаулының бәрі бірдей қолда-нылмайды. Атап айтсақ, ерекше мәнде қолданылатын «төрт»,«жеті»,«тоғыз», «қырық» сандары. Сан есімдердің ішінде кейбір сандар сандық мәнімен қатар басқа мағынада қолданылуымен ерекшеленеді. Бұндай жағдай, әсіресе осы сандардың тұрақты тіркестерде, аңыз-әңгімелерде, жыр-дастандарда, салт-дәстүрлерде және басқа дүниетанымға байланысты қолданылғаны көзге анық түседі. Сонымен бірге бұл құбылыстың тарихы да арыда жатқаны байқалады. 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сандарының қадір-қасиетін біле отырып, әрбір сан жайлы ой толғанысын тудыру, білімге құштарлықты оятады. Қазақ халқының киелі сандарын оқи отырып, сандар мен олардың сырларын терең ұғындыру арқылы өз бойымызға сіңіріп, әрі қарай дамытамыз. Ал осы киелі сандар жай сандар қатарынан да орын алады. Осы тұста генеалогиялық жіктеу арқылы сандар жүйесін кестеден көруге болады.
4
Бұл ондық санау жүйесі салыстырмалы тарихи әдіс арқылы, генеалогиялық жіктелуге негізделіп жасалып отыр. Салыстырмалы-тарихи әдіс мағынасы жағынан бір тектес, дыбысталуы, жағынан ұқсас сөздер тобына, материалдық жағынан туыстас сөздерді біріктіреді.
№1 кесте
Орысша | Қазақша | Полякша | Өзбек | Чех | Тува | Болгар | Хақас |
Один, два, три, четыре, пять, шесть, семь, восемь, девять, десять | Бір екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз, он. | Jeber, dva, trzy, cziery, piec, szesc, siedem, өsiem, dziewies, dziesiec | Бир, икки, үч, тұрт, бил, олти, етти, саккиз, тұқиз, ұн | Ieden, dva, tri, ctyri, pet, sest, seclm, өsm, devet, deset | Бир, ики, үш, дөрт, беш, алды, чеди, сес, тос, он | Един, два, три, четыри, пет, шест, седем, осем, девет, десет | Пір, үс, төрт, пис, алты, читі, сигіс, тоғыс, он |
- 2. ЗЕРТТЕУШІ ҒАЛЫМДАР
Соңғы ширек ғасырда түркі халықтарының сан есімдері жөнінде бірталай еңбектер жазылып, диссертациялар қорғалды. Мәселен, академик В. А. Гордлевскийдің «Түркі тіліндегі елу сан есімі» атты арнайы еңбегі бар. Автор түркі халықтарының сан есімдерін өзіне дейін зерттеген В. В. Радлов, Н. Я. Марр, В. В. Бартольд сияқты академиктердің пікірлерін зерттеуінің негізіне алады. Сондай-ақ Г. Н. Потаниннің жалпы фольклор туралы, түркі-монғол, славян, Скандинавия, Еуропа халықтарының шығармалары жайында жазған еңбектерінде де сандар туралы мәліметтер көптеп кездеседі. Ғалым өзіне дейінгі еңбектерге сүйене отырып, 3,7,9 сандарын киелі, қасиетті деп, фольк-
лорда көбірек ұшырасатынын айтады. Бұл құбылыстың себебін Г.Н.Потанин аспандағы жеті планетаны дәріптеуден іздеу дұрыс емес екенін ескертеді. Мұндай пікірді басқа да көрнекті ғалымдардың еңбектерінен көруге болады. Бұл еңбектерде жалпы сандардың білдіретін ұғымдары, олардың адамның қоғамдық санасымен байланысы қаралады.
Зерттеуші ғалымдар еңбектеріне қазақ тілінде сандарды әр түрлі қырынан зерттеу үрдісі байқалады. Мәселен сандардың ішінен киелі сандарды бөліп алып қарастыру үрдісі бар.Осындай зерттеулердің бастамасы ретінде І.Кеңес- баевтың еңбегін айтуға болады. Ғалым біршама фразеологизмдерге ұйтқы болған сандардың қызметін аша отырып, олар көне замандағы діни сенімдер-мен байланысты болып шыққан киелі сандар деп қорытынды жасайды. Бұдан кейінгі жылдары да сандарға қатысты әр түрлі мақсаттағы лингвистикалық зерттеулер жүргізген ғалымдар: Базен Л., Тенишев Э.Р.,Чернышев В.И., Умаров Э. А., Уаңкі М. және т. б. Сан есім мәселесіне арнап 1927 жылы Ленинград қаласында «Сандарға қатысты тілдік мәселелер» атты үлкен
5
конференция өтті. Бұл конференция ғалымдарды сандарды тек грамматика-лық тұрғыда ғана емес, басқа жақтан да, атап айтқанда, дүниетаныммен байланысты зерттеу керектігін түсінгендігін көрсетті. Конференция негізінде жарық көрген мақалаларда «Санға байланысты мәселелер шешуі қиын, өзек-ті, болашақта тынымсыз ізденуді талап ететін, ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын зерттеу жұмысын қажет етеді» деген қорытынды ойлар жиі ұшырасады. Бұған дейін Ресейде сандарды тілдік тұрғыда зерттеген ғалымдардың«Сандар тобы» құрылған. Бұл топтың мүшелері бірталай еңбектер жазды. Солардың ішінен ХІХ ғасырда жазылған Г. И. Рамстедтің еңбектерін де айта кету керек. Рамстедтің сандар саусаққа қатысты шыққан деген тұжырымын әсіре-се бес сан есімінің шығуын білекпен байланыстыруын сол тұста ғалымдар жоғары бағалап, осы бағытта ізденістер жүргізді. Қазақ тіл білімінде сандар жоғарыда көрсеткен І. Кеңесбаевтың, сонымен бірге Ә. Хасенов, Ә. Қайдар, Н. Уәлиұлы, Т. Жанұзақов, Е. Қойшыбаев, Н. Оралбаева, Т. Сайрамбаев, Ж.Байзақов, А.Машанов, А.Елешева, Қ.Ғабитханұлы, Г.Шаһарман,Қ.Тажиев, Қ. Дүсіпбаеваның еңбектерінде әр түрлі аспектілерде қарастырылды.
2.3. САНДАР СӨЙЛЕЙДІ
Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген. Мәселен 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сандарының қадір-қасиетінің қаншалықты екенін білеміз бе? Білсек айтқа-нымыз артық болмас, білмесек, құлақ салғанымыз жөн болар.
Бір санның киелігі: 1. Алла жалғыз. Алладан басқа ешбір тәңір жоқ.
Екі саны: Күні-түні дем алмайтын екеу: 1. Ай. 2. Күн.
Патшалық құрған екі мұсылман, екі кәпір: Мұсылмандардан: 1. Сүлеймен. 2. Ескендір Зұлқарнайын. Кәпірлерден: 1. Налерут. 2. Шиддат.
Пейіште көрінбейтін: 1. Күндіз. 2. Түн.
Пейіште болмайтын: 1. Ауру-сырқау. 2. Ұйқы
Екі нәрсемен дос болу: 1. Әйеліңмен. 2. Бастығыңмен.
Жақсы дос пен жаман дос: 1. Мал-мүлік. 2. Ұл-қызы
Мысалы қазақ 3 санының байламдарын былай түйіндеген: Үш көз: Су анасы – бұлақ, жол анасы – тұяқ, сөз анасы – құлақ
Үш тоқтам: Ақыл – арқан, ой – өріс, адам – қазық
Үш қасиет: өліде – аруақ, малда – кие, аста – кепиет
Үш талғам: мейірім – сауап, жақсылықтан шарапат, жамандықтан кесепат
Үш жүз: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз
Үш тәтті: жан тәтті, жар тәтті, мал тәтті
Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл:
Үш жұрт: өз жұртың – күншіл, қайын жұртың – міншіл, нағашы жұртың – сыншыл
6
Үш із: бала, байлық, бақыт – білім Үш ғайып: қонақ несібе, ажал
Үш алыс: жер мен көк, жас пен кәрі, жақсы мен жаманның арасы
Үш арсыз: күлкі, ұйқы, тамақ
Үш байлық: денсаулық, ақ жаулық, он саулық
Үш қазына: Ер қазынасы – жүрген із, Ел қазынасы – көне сөз, Тіл қазынасы – ескі сөз
Үш мақсат: Саудагер мақсаты – ұту, жол мұраты – жету, дау мұраты – біту Үш үміт: жазылам деп науқас үмітті, байимын деп кедей үмітті, кетем деп қыз үмітті Үш қадірлі: ырыс, бақ, дәулет
Үш қадірсіз: жастық, денсаулық, жақсы жар
Үш кемшілік: атың шабан болса – жалғанның азабы, алғаның жаман болса – дүниенің тозағы, балаң жаман болса – көрінгеннің мазағы
ҮШ БИ – Қазыбек, Төле, Әйтеке.
4 санының қадір-қасиеттері: Төрт мүлік: бас сандық, тіл кілт, қол мүлік, аяқ-табақ
Төрт халифа: Әбубәкір, Омар, Оспан, Әли
Төрт қылыш: Хәм хам, Сәм сам, Зұлпхар, Зулқажа
Төрт періште: Жебірейіл, Әзірейіл, Мекейіл, Исрафил
Төрт кітап: Тәрат, Зәбур, Інжіл, Құран
Төрт тұлға: от, су, жел, жер Төрт құбыла: Шығыс, батыс, оңтүстік, солтүстік Төрт маусым: көктем, жаз, күз, қыс
Төрт тоқсан: қыстоқсан, жазтоқсан, шілдетоқсан, күзтоқсан
Төрт бұрыш: Шын-машын, Мысыр, Рим, Еуропа елдері
Төрт түлік: Түйе пірі – Ойсылқара Жылқы пірі – Қамбар ата Сиыр пірі – Зеңгі баба Қой, ешкі пірі – Шопан, Шекшек ата
Төрт күнә: Аллаға күмән келтіру, нақақтан қан төгу, ата-анаға тіл тигізу, өтірік куә болу.
Төрт тұрман: 1. Ер тұрманы. 2. Мұкәммалы. 3. Жаужарағы. 4. Бес қаруы. Төрт пайғамбар тірі: 1. Иса. 2. Ыдырыс. 3. Қыдыр. 4. Ілияс.
Төрт асыл: 1. Иман. 2. Намаз. 3. Ілім. 4. Мейір-Шапағат.
Төрт ұры: 1. Азғырушы шайтан. 2. Күпірлік. 3. Тәкаппарлық. 4. Мейірімсіздік.
Төрт дария: 1. Ніл. 2. Фират. 3. Жейхун (Амудария) . 4. Сейхун (Сырдария). Төрт бейғамсыздық: 1. Өлімді ойлау. 2. Залым адаммен отырмау . 3. Онымен сөйлеспеу. 4. Аулақ жүру.
5 санына байланысты: Бес парыз: Таң намазы, бесін намазы, екінді намазы, ашам намазы, жашиық намазы
Бес қару: садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта
Бес борыш: Аллаға, пайғамбарға байланысты борыш, адамның өзіне байланысты борыш, мемлекет пен халыққа борыш, үй-іші жақындарына борыш, адамгершілік әлеміне борыш
Бес жаратылыс: күн, ай, жұлдыз, күндіз, түн
Бес өсиет: топасқа сенбе, жауға иілме, әрқашан сақ жүр, аш үйге қонба, жарлыдан сый алма
7
Бес қатер: от, жау, борыш, ауру, сөз 6 саны берекені білдіреді.
Ертеде құлға алты сөзді білсе болған екен. Олар: отыр, тұр, жат, жүр, атқар, демал
Алты алаш: Қазақ, қарақалпақ, өзбек, түркімен, қырғыз, жайылма
Алты парыз: Адамдардың бір-біріне алты парызы бар: 1. Бір-біріне сәлем беруге 2. Шақырса баруға 3. Кеңес сұраса ақыл қосуға 4. Сұрағына жауап беруге 5. Ауырып қалса көңіл сұрауға 6. Қайтыс болса жерлеуге қатысуға Алты парыз: 1. Бiр-бiрiне сәлем беру. 2. Шақырса бару. 3. Кеңес сұраса – ақыл қосу. 4. Сұрағына жауап беру. 5. Ауырып қалса – көңiл сұрау. 6. Қайтыс болса жерлеуге қатысу.
Алты асқар: 1. Ақыл. 2. Білім. 3. Жомарттық. 4. Әділдік. 5. Шыншылдық. 6. Кең пейіл. Алты тоймайтын нәрселер: 1. Көз қараудан тоймайды. 2. Еркек әйелден ләззат алудан тоймайды. 3. От отынан тоймайды. 4. Ғалым ғылым-нан тоймайды. 5. Бай малға тоймайды. 6. Адам өмірге тоймайды.
Ал 7 саны өте киелі. 7 жаста бала мектепке барады. Жеті күн: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Жеті амал: тоқсанның кіруі, киіктің матауы, мұздың қатуы, айдын тоғамы, үркердің батуы, қараша-ның батуы, күннің тоқырауы Жеті қазына: ер жігіт,сұлу әйел,берен мылтық
ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, жүйрік тазы Жеті жоқ: Аллада бауыр жоқ, таста тамыр жоқ, аспанда тіреу жоқ, жерде өлшеуіш жоқ, тасбақада та-лақ жоқ,аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ Жеті жұт: құрғақшылық, мал қы-рылу, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала Жеті ата: әке, бала, неме-ре, шөбере, шөпшек, немене, туажат Жеті құбылыс: күншығыс, күнбатыс, түстік, теріс-тік, аспан әлемі, жер орта,жер асты Жеті жетім: Тыңдамаған сөз жетім, Кию-сіз тозған бөз жетім, Иесіз қалған жер жетім, Басшысы жоқ ел жетім, Аққу-қазсыз көл жетім, Жерінен айырылған ер жетім,Замандасы қалмаса-Бәрінен де сол жетім. Мөлдір тауындағы 7әулие аналар: Шүміш әулие ана, Мария әулие ана,Рахима әулие ана, Гульфайруз әулие ана,Хадиша әулие ана, Зәуре әулие ана, Райнаму әулие ана. Жеті ғашық: 1.Ләйлі-Мәжнүн 2. Фархад – Шырын. 3. Таһир-Зухра. 4. Арзу-Камбар. 5. Уәлик-Ғарра. 6. Уәки-Күлшаһ.
- Жүсіп – Зылиқа. Жан-жүйені жадырататын жеті жәйіт: 1. Әкімдердің шарапаты. 2. Ғұла-малардың шариғаты. 3. Байлардың салауаты. 4. Кедейлердің қанағаты. 5. Үл-кендердің ұлағаты. 6. Жастардың инабаты. 7. Азаматтардың ар-ұяты. Жегідей жеген жеті кесел: 1. Коррупция. 2. Мафия. 3. Парақорлық. 4. Бюрократтық. 5. Рэкетерлік. 6. Маскүнемдік. 7. Жезөкшелік. Жеті ата: 1. Тек ата. 2. Түп ата. 3. Баба. 4. Арғы ата. 5. Ата. 6. Әке. 7. Бала. Жігіттің жеті қазынасы Жүрдек аты –жігіт қаны, қанаты, Қыран бүркіт – қарым күші, қуаты. Құмай тазы – бастан берік сенімі, Ақ мылтығы – сөнбес оты, серігі Алмас кездік – жігіт сусы, һәм мысы, Ау жылымы – амал, айла, әдісі, Қара қақпан серті-себі тірліктің.
Пейіш сегіз түрлі нәрседен тұрады: 1. Дәрісләм – қызыл жақұттан. 2. Дәріл қарар – күмістен. 3. Жәннатіл нағим – замруттан. 4. Жәннатіл ғадин – лағылдан. 5. Жәннатіл мәғуй-гауһардан. 6.Дәрін нақар-нұрдан. 7. Жәннатіл фердәуіс – зұбаржаттан. 8. Жәннатіл ағла – алтыннан.
8
Сегіз адамға жұмақ лайық: 1. Ораза ұстағандарға. 2. Жаман сөзден сақтан-ғандарға. 3. Құран оқығандарға. 4. Аш адамға тамақ бергендерге. 5. Жас уақытында намаз оқығандарға. 6. Сиқырдан аулақ болғандарға. 7. Өзіне жақ-сылық болсын дегендерге. 8. Өзгегеде жақсылық болсын дегендерге. Жән-наттың сегіз есігіне кіретіндер: 1 «Лә илаһа илла Аллаһ Мұхаммадур Расуллаһ» климасы жазылған есіктен Пайғамбарлар, шейіт болғандар, жомарттар кіреді. 2. Намазды, дәреті толық орындағандар есігі. 3. Малдары-нан зекет бергендердің есігі. 4. Алланың үкімін орындағандар есігі. 5. Нәпсі-сін тыйғандар кіреді. 6. Хаж амалын орындағандар кіреді. 7. Аллаһ жолында соғысқа шығушылар. 8.Арам нәрселерге көздерін жұмып, жақсы істерді орындағандар.Аллаһ Таға-ланың бұйрығын екі етпей орындайтын тоғыз періштелер: 1. Жәбірейіл – пайғамбарларға Аллаһ Тағаланың сөзін хабар-лаушы. 2. Мекайіл – барлық адамға, мақұлыққа берілетін ырыстың уәкілі. 3. Әзірейіл – барлық адамның, жан-жануарлардың жанын алатын Құдай уәкілі. 4.Ысырайыл –ақырызаманға дейін сұлыны алып жүретін періште. 5. Дарда-йыл – ай, күн, жұлдыздардың уәкілі. 6. Ысмайыл – жер бетіндегі киелілердің жебеушісі. 7. Зұлқайыл – қия-мет күнінде адамдарды алып баратын періште. 8. Ахрайыл – барлық дария, көл, өзен бұлақ сулардың періштесі. 9. Мәлік – жеті тозақтың уәкілі. Тоғыз-құмалақ — қазақ ұлттық дәстүрлі ойындарының бірі, ақыл-ой ойыны. Соңғы деректерге қарағанда, оның шығу тарихы 4000 жылдық кезеңді қамтиды. Он түрлі жаман: Тәуке хан «Не жаман?» деген сұраққа бір жауап берсе, үш жүздің билерінің бірі жауап берер деп, үш парақ қағазға бірден онға дейін сандарды жазып, үш биге жіберіпті, «Сізден рұхсат болса, жауап береміз» – деп қағазды Қазыбек биге жіберіпті. Сонда Қазыбек би бірден мына төмендегідей жауап беріпті. 1. Бірлігі кеткен ел жаман. 2. Егесіп өткен ер жаман. 3. Төсектен қашқан ер жаман. 4. Шідерден шошыған ат жаман. 5.Білік адамнан белгілі бала тумаған жаман. 6. Аймағын билей алмаған адам жаман. 7.Жетем деген мақсатына жете алмаған жаман. 8.Серке-сіз бастаған қой жаман. 9. Төскейге шыға алмаған кәрілік жаман. 10. 60-та қыздай қосылған бәйбішеден айырылған тіпті жаман.
- 4. Зерттеу тұжырымы
Сандарды зерттеуге жаңа бағыт тұрғысынан келген ізденістерге тоқталатын болсақ олардың лингвокультурология, этнолингвистика, когнитивті лингвис-тика аспектісінде жүргізіліп келетінін айту керек. Осындай зерттеулердің бі-рінде мынадай тұжырымдар жасалған: – 1,2,3,4,7сан атауларының символдық мәні ғаламдық модель туралы көне мифологиядан бастау алады;
– 7, 9, 40 сан атауларының символдық қасиеті магия өнерінің тууымен бірге қалыптасқан;
– сандар алғашында ерекше қолданылып, соның барысында, кейіннен сиқырлы сандар, киелі сандар, тұрлаулы сандар ретінде дамыған;
– сандық символдар жүйесінде қалыптасып, ұлттық танымға сай о бастағы сандарға тағылған ерекше қасиет пен жұмбақ ұғымдарға байланысты қазақ тіліндегі 1,2,3,4,9,12,40 сандары адамзаттық жалпы дүниетаным жүйесіне негізделген.
9
- 5. Жұлдызшылар есебі
Ғылымның былайғы көпшілікке беймәлім салалары аз емес. Солардың бірі ретінде нумерология ғылымын айтуға болады. Көпшілік қай санның қандай мағынаға ие екендігін осы ежелгі ғылымның болжамдары арқылы анықтап жатады. Мысалы: 1 саны батылдар саны, қашанда тыныш жүріп асықпауға тырысады. 2 саны сенімсіздікті білдіреді, қорқақ болғанымен өз ісіне ұқыпты жандарға тән. 3 саны ашық,көңілді ортаны қалайтындар мен шымырлар саны
4 саны жұмбақ сан. 5 саны тәуекелге бел буғыш, еркін жүріп-тұруды қалай-тын, шытырман оқиғаны ұнататындар саны. 6 саны әйелге тән, өте сәтті сан, жан-жағын бағамдай алатын, мінезі салмақтыларға сәйкес. 7 саны әсершіл, арманшыл адамдарға сәйкес келеді, олармен жолда тіреспеген абзал. 8 саны басшылыққа ұмтылатындар саны. Бұл санның иелері өзінің бар мүмкіндікте-рін көрсетіп, жария еткісі келіп тұратындар. 9 саны қашан да көмекке ұмты-лып тұратын, ешқашан жарты жолда тастамайтын, жақсы жолдас бола ала-тындарға тән сан. Бұл келтірілген сандар мен оларға қатысты болжамдардың барлығы өмірде кездесетін белгілі бір сәйкестіктер, нумерологтар мен жұл-дызшылардың есебі нәтижесінде анықталған дүниелер. Сан құдіретіне қатыс-ты мына жайды да айта кетуге тура келеді. Қазақтың жаңа жылы Наурыз айынан басталады. Наурыз көжеде 7 түрлі тағам бар. Сондай-ақ 13 жас бірін-ші мүшел, 25 жас екінші мүшел, 40 жасы кемел жас, – деп есептеледі. Ертегі-лерде «Қырық уәзір» айтылады, оның үстіне «Ханда қырық кісінің ақылы бар», «Қырық кісі бір жақ – қыңыр кісі бір жақ», «Қырқында – қыры кеткен» деген аталы сөздер бар.
Қазақ ескіліктерінің сандар жүйесіндегі тілдік көріністері сандардың білдіретін мән-мағынасы сөз тіркестерінде, тұрақты тіркестерде, яғни мақал-мәтел, фразеологизм, теңеулерде анық байқалып тұрады. Екі санына байла-нысты халқымызда мынадай мақал-мәтелдерді де кездестіруге болады:
Екі жақсы қас болмас, екі жаман дос болмас.
Ерке бала – екі жылар.
Жерді екі рет жыртқан, өнімді екі есе көп алады.
Сандар жүйесіндегі тұрақты тіркестердің пайда болу жолдары: біріншіден, мифологиялық, астрономиялық, магиялық т.б. наным-сенімдер мен аңыз-әңгімелер, екіншіден, қазіргі таңда этнофразеологизмдерге айналған сан есімнен жасалған тұрақты тіркестер ұлы шешендерден қалған. Соған орай
сандардың ерекше қолданысқа ие болуына байланысты бірнеше тұжырым ұсынуға болады:
а) Ертеде халық әр алуан құбылысқа бақылау жасай келіп, олардың
ортақ қасиеттерін сипаттарын санмен түйіп,санамалап айтып отырған. Мысалы, үш жүрт, төрт қонақ, бес қонақ, жеті жұт.
ә) Наным-сенімге байланысты “киелі” ұғымдар негізінде пайда болған құбылыс.
б) Сан атауы сәбидің ана құрсағында пайда болуы мен жарық дүниеге кел-
генге дейінгі аралықтағы уақытқа байланысты ерекше қолданысқа ие болған.
10
Сан жүйесіндегі тұрақты тіркестердің ұзақ дәуір барысында алдымен еркін тіркес ретінде, одан өзгеріске түсіп, әр дәуірдегі халықтың ой-санасына сай нақты өмір шындығынан көрінуі байқалды. Кейбір сан есім ұйытқы болған тіркестердің бұл күндегі қолданылуы, яғни беретін мағынасы мен ертеректегі қолданысы бірдей еместігі байқалады. Мысалы, жеті ата фразеологиялық тіркесін қазір біз туыстық қатынасқа байланысты ұғымда қолданамыз. Ал бұрын бұл фразеологиялық тіркес өлшемдік мәнде, жеті атадан қара көк, жеті ата жау, жеті атасына бітпеген тіркестерінде келіп, “алыс-жақын, о бастан, ежелден” деген ұғымды да білдірген.
2.6 ПРАКТИКАЛЫҚ КЕЗЕҢ
Енді мен зерттеу жұмысымның негізі болып табылатын екі санының табиғатта кездесуіне толығырақ тоқталамын.
Сандар жүйесіндегі қазақ ескіліктерін табиғи жүйе бойынша жіктеп, топтастырып өзара сала салаға бөліп қарастырдық. Ең алдымен қазақ ескіліктерінің тақ сандар жүйесіндегі тілдік көрінісі, екінші қазақ ескіліктерінің жұп сандар жүйесіндегі тілдік көріністері деп бөлеміз. Символдық мәнге ие болған сандардың өзін екіге бөліп қарастыруымыз екі санының ерекшелігіне байланысты. Екі егіз қарама-қарсылық ұғымды береді. Мысалы, бүгін-ертең, күн-түн,тақ-жұп т.б. Екі санының магиялық сырына байланысты сандарды жұп сандар, тақ сандар деп бөліп қарастырамыз.Егер бүтін сан 2-ге бөлінсе жұп сан деп аталады. Қытайда 2 саны үшін қытайша белгі — 二 (èr) қолданылады екен. Ал Күн жүйесінің екінші планетасы (күнге жақындығы бойынша)- Шолпан болса,сонымен қатар аспан әлемінде күні-түні демалмайтын екеу: Ай және Күнде бар. Олар қосылу мен толықтырудың символы. Жақсы мен жаман, ер мен әйел, күн мен түн, ақ пен қара, жақсылық пен жамандық. 2 санына қазақ халқының көзқарасы, міне осындай болып келеді. Яғни жалғыз емес, «жұп» дегенді білдіреді.Мысалы тіліміздегі «егіз» сөзі осы 2 сөзінің негізінде жасалған (түбірі – екі», ал «з»- көне түркі тілінің көптік жалғауы). Даостық ұғым бойынша қазақ халқының көзқарасына сай Жер мен Аспан адамзаттың ұрпағын жалғастыратын еркек пен әйелдің киелі одағы, ақ пен қара, қараңғылық пен жарық, күн мен түн, жер шарының тепе-теңдігіңн сақтап тұратын екі энергия «инь» «мейірімділік» және «янь» “зұлымдық» ұғым-дарын білдіреді.Ол өсу мен дамудың белгісі. Бамбук ағашына теңеледі. Сонымен қоса адамзат және жануарлардың кейбірі екі жынысты болады және
көптеген мүшелері жұп болады: екі қол,
екі аяқ, екі көз бен қас және екі құлақ. Сонымен бірге адамның ішкі мүшесі жүрегінде 2 қақпақша, екі бүйрегі, екі өкпесі мен жұп қабырғалары болады.
11
№3 сурет. Жүректің 2 құлақшасы №4 сурет. Адамның 2 бүйрегі
№ 4сурет. Адамның 2 өкпесі №5сурет. Жұп қабырғалар
Онымен қоса 1 жұмыртқадан екі ұрық пайда болып, нәтижесінде өмірге бір-бірінен аумай қалған егіз сәбилердің дүниеге келуі де табиғаттың тамаша заңдылығы. Ал бұл заңдылық орындалу үшін алдымен екі адам әйел мен еркек жұп құрап, отбасы болады.
№6 сурет. Екі ұрықтың пайда болуы №7 сурет. Егіз ұлдар
Табиғаттың адам толық біліп болмаған сырлары әлі де жетерлік. Соған үңіле қарасақ 2 санын олардан да кездестіре аламыз. Мысалы айдын көлдің патшасы сұлу аққуларға келетін болсақ, олар туралы талай аңыз, өлең-жырлар да жазылған. Аққулардың бір ерекшелігі – жұптарын өлгенше жазбайды. Халқымыз жас жұбайларды қос аққуға осы себептен теңеген.
12
Тағыда айналамызды қоршаған табиғаттан 2 санын көбелек пен құстардың қанаттарынан, еліктердің қос мүйіздерінен көре аламыз
№8 сурет. Жұп аққулар
№9 сурет. Көбелектің №10 сурет. Құстың қос №11 сурет. Еліктің
жұп қанаты қанаты қос мүйізі
Бұлардан біздің ауамызды тазартып, айналамызды жасыл желекке бөлеп тұратын ағаштарымыз да қалыспайды. Егер зер сала қарасақ, ағаш жапырақтарының да екі бетін беттестіруге болады.
№17 сурет. Жапырақтардың жұп беттесуі
Бұл 2 санынын одан әрі зерттей түссек біз оны ата-бабаларымыздың баяғы заманнан қолданып келе жатқан ою-орнектерінен де кездестіре аламыз. Әр оюдағы мүйіздердің санының 2 болып келуі және ұқсастығы асқан шебер-лікпен орындауды талап етеді.
№16 сурет. Оюлардағы қос мүйіз
Бұдан басқа тағы да қай жерден, қандай заттардан біз 2 санын көре аламыз?
Әрине жалықпай ізденсек оларды да таба алады екенбіз. Оларға жас жұбайлардың қолдарына тағатын 2 жұп сақиналары мен таразының екі табақшасы, қайықтың екі ескегін және сағаттың екі тілін атауға болады.
13
№12 сурет. Жұп сақина №13 сурет. Таразының 2 басы №15 сурет. Қайықтың 2 ескегі
Білім ордасы мектеп болса, ал ондағы біздің міндетіміз оқып, білім алу болып табылады. Әрине ол біздің жұмысымыз болып есептеледі. Ал кез келген жұмыс үшін еңбекақы төленетіндігі секілді, біздің жұмысымызды да бағамен бағалайды. Сонда біз -5» алсақ төбеміз көкке жеткендей мәз болсақ, ал «2» алсақ бірден ренжиміз. Неге? Себебі, «2» бағасы бестік баға бойынша ең нашар болып саналады. Ал Германияда керісінше «жақсы» баға саналады. Әзербайжанда 2 ақпан атаулы Жастар күні болып табылады. Ал аптаның екінші күні –сейсенбі болса, жылдың екінші айы – ақпан болып есептелінеді. Химияда гелийдің атом саны-екі болса, Марс ғаламшарында Фобос және Деймос деген екі спутник бар.
№18 сурет. Ақшадағы жұп бейнелі суреттер
Салт-санаға байланысты да сандардың екі жағы бар: біріншісі – қуаныш, екіншісі – өлім-жітім. Өмір ағашының тігінен – ғарышпен, ал көлденең жағы – магиялық өлім-жітіммен байланысты.
Жұп сандар тұрақтылықтың белгісін білдіреді. Оған мысал, төрт бұрыш, төрт қабырга, он екі мүше, сегіз қиыр, шартарап т.б. Тақ сандарда мұндай қасиет жоқ.
Қазақ ескіліктерінің сандар жүйесіндегі көрінісі салалы бір бөлім ретінде арнайы зерттеліп, тақырыптық топтарға жіктелмеген. Сондықтан қазақ ескіліктерінің сандар жүйесіндегі көрінісін жан-жақты зерттеу – бүгінгі таңның келелі мәселелерінің бірі.
Сандар жүйесіндегі қазақ ескіліктерінің тақырыптық топтары: рухани мәдениет, материалдық мәдениет, халық метрологиясы, туыстық қатынас және ономастика. Бұлай жіктеу арқылы біз сандар жүйесін рухани -мәдени өміріміздің қай саласында көп, қай саласында азырақ қолданылуын көреміз.
14
Оның тарихи себептерін айқындай түсуге мүмкіншілік аламыз. Әрі қазақ ескіліктерінің сандар жүйесіндегі көрінісінің көлемін, материалдық, рухани болмыс тіршілігін анықтауға мүмкіндік туады.
Қазіргі оқушылардың қасиетті сандар туралы білетіндіктеріне көз жеткізу үшін мынандай жұмыстар жүргіздім.
1-жұмыс. Сынып сағатында сыныптастарымды өз жобаммен, оның мақсатымен таныстырдым. Алға қойған мақсатым табиғаттағы кездесетін жұп сан екі туралы көбірек мағлұматтар білу екендігін айттым. Ол үшін басқа қазақтың киелі сандары жайлы да білімнің болу қажеттігін ескерте кетіп өзім оқитын сыныптан «Қасиетті сандар» тақырыбында сауалнама алған едім. Енді осы сауалнама қорытындысын көрсетпекпін.
Сауалнама
Қатысқан 3 «Ә» сыныбы, барлығы 19 оқушы.
1. Қасиетті сандар туралы білесің бе? | 2. Қасиетті сандар туралы кімнен естідің? | 3. Қасиетті сандар жайында мәлімет жинар ма едің ? | 4. Қасиетті сандар астарында не жатқанын білесің бе? | 5. Қандай қасиетті сандарды білесің? | |||||||
ия | жоқ | ата-анадан | мұғалімнен | ия | жоқ | ия | жоқ | 3 саны | 7 саны | Т.б сан | |
19 | – | 5 | 14 | 10 | 9 | 8 | 11 | 19 | 19 | 9 | |
Сауалнама қорытындысынан көріп тұрғандарыңыздай, киелі сандар туралы барлық оқушылардың білімі бар екен, ал бірақ, ата-аналар қасиетті сандар туралы көп айта қоймайтын болып шықты. Ал балардың жақсы білетін қасиетті сандары 7, 3 сандары екен. Ал басқа қасиетті сандар туралы білетіндері санаулы ғана екен. Өз жобамдағы сыныптастарым білмейтін қасиетті сандармен таныстырдым, түсінік бердім. Нәтижесінде достарым киелі сандар туралы деректер жинауға құлшыныс білдірді.
2-жұмыс. Осындай зерттеу жұмысымның нәтижесінде мен киелі сандармен қатар екі саны жайында да көптеген мәліметтер жинастырып, біршама жұмыстар атқардым. Енді өзім жаратылыстану бағытындағы гимназиялық сыныпта оқып жүргендігімнен оны тек қана анықтап, біліп қана қоя салмай сол мәліметтерді қолданып математикалық есеп құрастырдым. Жалпы 2 саны бастауышта даярлық топтан бастап енгізіліп, ал 1-сыныптың математика оқулығында «Он көлеміндегі сандардың нумерациясы» тарауында 2-сабақ «2 саны мен цифры. Сәуле.Бұрыш» тақырыбымен өтіледі. Оқулықты алып қарайтын болсаңыздар ондағы тапсырмалар суреттегі қай зат екі-екіден? 2-1, 1+1 өрнектеріне тиісті суретті таңда түрінде қарапайым суреттер арқылы оңай түрде ғана берілгенін байқайсыздар. Менің бұл жердегі айтпақ ойым оқушы тілі шығып, балабақшаға барғанынан бастап 2 санын 1мен 1-дің қосындысы екендігін білетіндігінде. Бұдан шығатын қорытынды біз ол
15
білімді ары жетілдірудің орнына біліп тұрғанын қайта сұрау арқылы оқушы-ның оқуға деген қызығушылығын жоғалтып алмайбыз ба дегенде еді.
Сондықтан да мен келешек еліміздің іргесін қалаушылардың білімін арттыру мақсатында қазіргі өмірмен байланыстыра отырып мынадай есептерді ұсынсам деп бірталай есептер құрастырған едім. Енді солардың екі-үшеуіне тоқтала кетсем.
Есеп №1. Айгүлдің ұялы телефонына анасы SIМ-картасын қолдануға қарсы қорғаныс үшін PIN-код қойып берген еді. Және де PIN-код үш рет қате теріл-се, SIМ-картаға бұғат қойылатынын ескертті. Бірақ Айгүл кодты ұмытып, екі рет басқа PIN-кодты енгізген еді. Енді Айгүлдің код енгізетін неше мүмкін-дігі қалды?
Шешуі: 3 – 2 = 1
Есеп № 2. Марат 5 минутта бір SМS-хабарлама жіберетін болса, 10 минутта неше хабарлама жібере алады?
Шешуі: 10 – 5 = 5, ендеше 5 минутта 1 хабарлама жіберсе, 10 минутта 2 хабарлама жібере алады.
Есеп № 3. Самалда ұялы телефон, ноутбук, планшет және модемі бар. Ал Арайдың тек ұялы телефоны мен планшеті ғана бар. Арайдың Самалға қарағанда неше заты кем?
Шешуі: 4 – 2 = 2
16
- Қорытынды
Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығының арқасында өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрінген.
Сан атаулары мен сандық ұғымдарды және олардың семантикасын тануда бірден-бір дұрыс жол – ғылыми абстракция. Өйткені ғылыми абстракциясыз ешбір ғылымды дамытып, оның заңдары мен қағидаларын өрістетіп, жетілді-рудің өзі мүмкін емес. Тіл дамуының ішкі заңдары сол тілдегі осы күнгі сан атауларының әртүрлі жағдайда туып, дамып, абстрактыланғандығын көрсе-теді; Мәселен, орыс тілін алайық. Орыс тілінде барлық сан есімде число
категориясы да жоқ. Орыс тіліндегі қазіргі сан атаулары зат есім мен сын есімнен бөлініп шыққан. Орыс тілінде сан есім ертеде өз алдына жеке мор-фологиялық категория болған емес. Онда есептік зат есімдер мен сын есімдер және оларға тән морфологиялық ерекшеліктер ғана бар. Атап айтқанда, пять, десять,сто, тысяча т.б. төрттен жоғары сан атауларының бәрі де зат есім фор-маларына ие болған, сондықтанда олар зат есім сияқты түрленген. Мұның бәрі “көне, орыстың ертедегі тіліндегі сан атаулары мен есептік сөздердің нақтылы заттық ұғымды білдіргенін, сөйтіп, белгілі бір заттық атауы не ұғымы өмір шындығынан алынды” деген қағидалардың дұрыстығын тағы да дәлелдей түседі. V-VIII ғасырдан бермен қарайғы бар фактілер мен жазба ескерткіштер түркі тілдеріндегі негізгі сөздік қорға жататын сан атаулары-ның ерте заманнан бері сандық мағынада ғана келе жатқандығын көрсетеді. Дегенмен қазіргі кейбір мәліметтер бойынша түркі тілдеріндегі сан атаулары да өмір шындығынан, заттық құбылыстан алынып, осы күнгі абстрактылық ұғым дәрежесіне жеткен деп жорамалдауға мүмкіндік бар сияқты. Ол факті-лер мынадай: қазіргі қазақ тілінде және көптеген түркі тілдерінде қос, егіз, жарты, жеке, жалғыз, бірегей, некен-саяқ, табан т.б. осы сияқты сандық семантикалы бірнеше сөз бар. Бұл сөздердің бірі зат есім, бірі сын есім екені, ал жарты, жарым сөздері етістіктен жасалғандығы даусыз.
Екінші бір мысал: қазақ тілінде ерте кезде сүт пісірім, шай қайнатым, ет асым, күндік жер, қозы көш жер, ат шаптырым, әудем жер деген сияқты мөл-шерлік, өлшемдік, мезгілдік мағналы тіркестер қолданылатын. Бұлар сандық, мөлшерлік, уақыттық ұғымды білдіріп сан есімнің орнына қолданылды.
Түркі тілдеріндегі негізгі сан атаулары өмір шындығынан, белгілі бір заттан алынған, яғни зат есімдерден шыққан. Әрине, бұл – жалпы сандық ұғымдар-дың дамуы математика ғылымының дамуымен байланысты, адамзат қажетті-
гінен туды деген пікірге ешбір қайшы келмейді, қайта оны толықтыра, растай түседі. Екіншіден, белгілі бір құбылыстың өткен тарихына үңіліп қазіргісімен салыстыра, оның қазіргі формаларын зерттей отырып, ашуға, тануға болады деген жорамалымызды жоққа шығармайды, қайта растайды. Сондықтан ата-бабаларымыздың киелі сандар арқылы тәрбие берген салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалайық!
17
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- Уәлиев Н. Жұмбақ сандар // Жалын. 1988. 105-108 бб. ;
- Киелі сан есімдер әлемі // «Шоқан тағлымы»-8. Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. -Көкшетау: Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, 2003. – 28-33- б.
- Ахметжанова Ф. Р. , Дүсiпбаева Қ. С. «Қасиеттi сандар қатысқан қазақ ескiлiктерi» Ғылыми басылым. – ШҚТУ, Өскемен, 2001.
- Қырық қазына. Ә. Доспамбетов. Алматы 1987
- Ұлттық дүниетаным.Аюбай Құралұлы. Алматы 2002
- Жай сандар туралы білетіндеріміз бен білмейтіндеріміз. В. Серпинский
- Математикадан жүргізілетін сыныптан тыс жұмыстар Абдуллаева И. М.
Көкенова Ж. Алматы – 1974
- А. Ысқақов Қазіргі қазақ тілі. -Алматы, 1958. -340б.
- Марр Я.Н. О числительных //Языковые проблемы по числительным. – Л. : ЛГУ. 1927. – 270 с. ;
- Дүсіпбаева Қ. С. Қазақ ескіліктерінің сандар жүйесіндегі тілдік көрі-ністері. Фил. ғыл. канд. алу үшін дайынд. дисс. авторефераты. 2001 ж-28б.
- Кеңесбаев І. Жеті, үш, тоғыз, қырықпен байланысты ұғымдар. Қазақ ССР ҒА хабары. Филология сериясы, 1946, 4/26/ шығарылуы.
- Тенишев Э. Р. Тюркские «один», «два», «три». // Тюркологический сборник-1974, М. , 1975, – 104 с.
18
Менің болашаққа ұсынысым:
- Халқымыздың ау бастан-ақ біліп келген киелі сандар туралы баға жетпес мол қазынасын өскелең ұрпақ та біле жүрсе нұр үстіне нұр болар еді.
- Болашақта өзіміздің математика оқулықтарында сандарға байланысты есептерді күнделікті өмірмен байланыстыра құрастырса білім мен тәрбиенің сапасы мен тиімділігі артар еді;
- Әр адамның болашаққа деген арманы, жоспары болатындығындай, менің де өз елім үшін пайдалы болып келетін осындай жаңа буынның математика оқулығын құрастырушы автор болып, есептердің жаңа жинақтарын жарыққа шығару арманым. Осы орайда аталарымыздың «Ізденген жетер мұратқа» деген сөзді бекерден-бекер айтпаған шығар деген ойдамын.
Қосымша 1
№1 сурет. Адамның басы №2 сурет. Адамның 2 көзі мен қасы
№3 сурет. Жүректің 2 құлақшасы №4 сурет. Адамның 2 бүйрегі
№ 4сурет. Адамның 2 өкпесі №5сурет. Жұп қабырғалар
№6 сурет. Екі ұрықтың пайда болуы №7 сурет. Егіз ұлдар
Қосымша 2
№8 сурет. Жұп аққулар №9 сурет. Көбелектің жұп қанаты
№10 сурет. Құстың қос қанаты №11 сурет. Еліктің қос мүйізі
№12 сурет. Жұп сақина №13 сурет. Таразының 2 басы
№14 сурет. Сағаттың 2 тілі №15 сурет. Қайықтың 2 ескегі
Қосымша 3
№16 сурет. Оюлардағы қос мүйіз
№17 сурет. Жапырақтардың жұп беттесуі
№18 сурет. Ақшадағы жұп бейнелі суреттер
ПІКІР
Математика секциясына ұсынылып отырған Темірбай Ералы «Табиғаттағы жұп сан екі» атты ғылыми жобасында ол алдына қойған мақсаттарын толығымен орындаған. Жас зерттеуші сандардың шығу тарихынан бастап, олардың қалай пайда болғандығына ерекше көңіл аударып, түркі халықтары арасында, оның ішінде қазақ халқының сандарға қатысты киелі, қасиетті ұғымдарын аша білген. Зерттеу барысында өзіндік көзқарасын білдіріп, ұтымды ұсыныстар жасаған. Жобаның құндылығы да осында.
Халық арасындағы күнделікті тұрмыста кездесетін 2 санының құпиясын ғылыми болжамдармен салыстырмалы түрде қарастырып, кең көлемді жұмыс жасаған. Біз бәріміз әр санның адам өмірінде белгілі бір маңыз иеленетінін жоққа шығара алмаспыз. Бірақ сан атаулының бәрі бірдей қолданылмайды. Атап айтсақ, ерекше мәнде қолданылатын «төрт», «жеті», «тоғыз», «қырық» сандары. Осы сандар қатарына «екі» деген жұп санды бар қадір-қасиетімен енгізіп көрсете алған. Сонымен қатар «екі» санын өмірлік мысалдар арқылы танытуға арналған бірқатар есептерді құрастырып ұсынып отыр. Яғни, ғылыми жоба мазмұнын теориялық жағынан маңызды мәліметтерге сүйене отырып, оның тәрбиелік мәнінмен қатар білімдік тұрғыдан да бүгінгі қоғам талабына сай айқын да анық аша білген.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718