Әуенді дыбыстар мен сандар сыры

Муфтуллина Эльнюра Куспановна

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: «Сауат ашу негіздері», «Математика негіздері» (Кіріктірілген оқу іс-әрекеті).

Тақырыбы: «Әуенді дыбыстар мен сандар сыры».

Мақсаты: Дыбыс,буындар туралы білімдерін жетілдіру. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырата білуге, дыбыстарда қанша буын бар екенін санай білуге үйрету. Зейінінділікке, шапшаңдыққа, толық жауап беруге үйрету.

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу,ойын арқылы.

Көрнекілігі: Телевизор, үлестірмелі материалдар, сандар, әріптер, т.с.с.

Оқу іс-әрекеттің барысы:

Балаларды көтеріңкі күймен қарсы алу.

Алдарында жүрек,жұдырық,қолмен көрісу,құшақтасу белгілері тұрады.

Бала өзі қалай амандасқысы келеді,солай тәрбиешімен амандасады.

Жарайсыңдар.

Жағымды эмоциялық көңіл-күй орнату.

«Шуақты күн»

Балаларға шуақты күн бейнеленген суретті көрсету.

-Суретте не бейнеленген? Біз шуақты күнді тағы қайдан көре аламыз? (аспаннан, ҚР туынан)

-Шуақты күнді көргенде не істейміз? (Күлімсірейміз)

-Күнге қарап күлімсірейік. Маған қарап күлімсіреңдер. Бір-біріне қарап күлімсіреңдер.

Тыныс алу – артикуляциялық жаттығу «Ине»

Ауызды кең ашып, тілді алға қарай жіңішкертіп шығарады, оны 10-15 секунд ұстап тұрады. (3-4 рет қайталау)

Жалғыз саусақ тіпті де,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым орамды

Жүгіртеді қаламды.

Өнерлі екен он саусақ,

Қала салсақ, жол салсақ.

  • Дыбыс дегеніміз не?
  • Дыбыстар нешеге бөлінеді?
  • Дауысты дыбыстар қалай айтылады?
  • Дауыссыз дыбыстарды қалай айтамыз?

Тынымсыз Тіл туралы ертегі.

Ертегі бойынша сұрақтар:

– Ертегі сендерге ұнады ма?

– Тынымсыз Тіл неліктен кейбір дыбыстарды ұнатып, ал кейбір дыбыстарды ұнатпайды екен?

– Даусы бар әнші дыбыстарды айтып көріңдерші.

– Даусы жоқ, ән айтпайтын қандай дыбыстар бар?

«Қандай дыбыс?» дидактикалық ойыны.

Мақсаты: дауысты, дауыссыз дыбыстарды есту арқылы ажырата білуге үйрету.

Ойын шарты: Дыбыстарды бір-бірден айтамын, егер даусы бар, әнші дыбысты естісеңдер, қызыл текшені көтеріп көрсетіңдер, даусы жоқ, ән айтпайтын дыбысты естісеңдер, көк текшені көтересіңдер.  

 

Логикалық ойын: «Буынға бөл»

Шарты: Алдарында қандай сурет көріп тұрғандарын айтады, қол шапалақтау арқылы буынға бөледі.

Мыс: Ал-ма, екі буын, яғни екі рет қол шапалақтайды.

Үш,төрт баламен жеке жұмыс жасаймын.

Сергіту сәті:

Жел соғады уілдеп, у-у-у.

Пойыз кетті гуілдеп, гу-гу-гу.

Бала көлік ойнайды, ву-ву-ву.

Қасқыр ұлып қоймайды, а-у-у.

Логикалық ойын: «Қанша дыбыс естіледі?»

Шарты : Балалардың алдында 1-10 ға дейін сандар жазылған.Тәрбиеші қанша дабыл қақса,балалар сол санды көрсете білу қажет.

Қолды жазуға дайындау: Жаттығу «Жұдырық».

Орындау әдісі:

Тук-ток, тук-ток жұдырық балға сияқты соғады,

Тук-ток, тук-ток екі қолмен ұрамыз,

Тук-ток, тук-ток тақамен де соғамыз,

Тук-ток, тук-ток тақалармен тарсылдатып,

Тук-ток, тук-ток екі қолмен, екі аяқты қосамыз.

 

Үлгі бойынша штрихтау.

Жарайсыңдар.

Бүгінгі оқу іс-әрекет сендерге ұнады ма?

Кімге не ұнады?

Балалар өз ойларын айтады.

Рефлексия: «Смайликтер»

Рақмет, бүгін оқу іс-әрекетке керемет қатыстыңдар. Мен сіздерге ризамын.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *