Патриоттық сезім
Патриоттық сезім
Потратизм өзінің жеке және топтық мүдделерін жалпы елдің мүдделеріне бағындыратын, оған адал қызмет етіп, өз Отанын қорғауды мақсат тұтатын , Атамекеніне деген терең сүйіспеншілік сезімі.
Әр-адамда әр-түрлі патриоттық сезім,еліңе,жеріңе,атамекен,ауылына патриоттық сезімі болады.Сезім дегеніміздің өзі ешқашан өшпейтін алаулап тұрған от секілді,не тежейде алмайсын,кейде артықта кетіп қалатын жайттар да кездеседі.Қазіргі қоғамда жер,тіл,ел,ұлт бәрі-бәрі ұлттық мүдде аясында көрініс табары хақ.Патриоттық сезім бізге басты мәселелердің бірі десек болады.Неліктен?Өйткені;патриоттық сезім,кешегі алаш қайраткерлері оята алмай зар шегіп өткен,әрине біз олардың ұлттық рухын биік қойып,жан алып,жан беріп ояншы қазағым деп тәуелсіздікті аңсап өткенің біз жақсы білеміз.Кешегі Абай атамыздай,қазақ рухын,жан-тәнін,қазағым деп соққан жүрегін өлеңдерінен және де қара сөздерінен біз байқаумызға болады.
Қазақ халқы құрылғаннан бері Керей мен Жәнібек хандар бастағаннан бері,қазақ халқының патриоттық сезімі,ой өрісі,қазағым,жерім елім деген,ұлттық санада,біздің барлық рухани құндылығымыз бірігіп ұштасқаны белгілі.Сол жылдары қалай ел,қандай жер боламыз деген мәселелер туындағаны бізге мәлім.Қазақ хандығынан ары Сақтар,Ғұндар,біздің жерімізде мекендеп,нақты факттер болмаса да,біздің ата-бабамыз,сол ғасырлардан бастап біздің ұлттық құндылығымыз біртіндеп қалыптаса бастады деуге болады.
Талай арыстарды өз ұлты үшін жандарын құрбан етуге итермеледі:неге?алаш қайраткерлерің жандарың қиюға мәжбүр етті;басқа ұлт емес,біздің ұлттан неге осыншама ұлт зиялыларың қуғын-сүргінге түсірді?Тек бұл жағына келгенде бізге нақты ештеңеде мәлім емес.Сонда қазағым деп шырылдап жанын берген біздің,Әлихан Бөкейханов бастаған ұлт зиялыларың,нақты әлі күнге зерттей алмай жатқанымыз мәлім.Алаш қайраткерлерінің ішінде де бізге белгілілері бар,ал белгілі еместері қаншама.
Соңғы жылдарда осы біздің қоғамда патриоттық тәрбиенің қажеттілігі жайлы көтерген мәселелер,жиі-жиі талқыланып жатыр.Бірақ әліге дейін патриоттық сезімді қалай қалыптастыруға болады деген,баяғы ескі ізбен,батырлар жырын жаттату арқылы қалыптастыруға болады деп ойлайтындардың мардымсыз ұсыныстары әлі күнге дейін,тұщымды жауап бола алмай тұр.
Олай болса,мынау тұрған біздің ұлттық ортамызда,осы айтылып жатқан ұлттық рухани патриоттық сезімді,қалай оятуға,жөнге келтіруге болады?қалай қалыптастырсақ болады?Әрине ең бірінші,өз ұлттық ортамызда,өз ұлтымызға деген сүйіспеншілік,көзқарасымызды,патриоттық көзқарас ретінде жай-жай баспалдақ ретінде қалыптастырумыз керек секілді.Яғни патриоттық көзқарас жоқ жерде,ешқандайда еліне отаныңа деген сүйіспеншілік шықпайды.
Олай болса баланы сәби кезінен іште жатқанда-ақ,сезімнің бір ұшқыны анасына деген сезім болады.Үлкейе келе бесікте жатқан сәби бесік жыры мен қанығады.Әрі қарай қазақ халқының ертегілері,аңыз-әңгімелері бәрі-бәрі кішкентай баланы патриоттық сезімге алып келеді.Үлкейе келе патриоттық сезімннің қалай үйлесім тауып жатқаның өзі де аңғармай қалады деуге болады.Бірақ қазіргі қоғамда патриоттық сезім бұлай тұрсын,ата-анасы,баласына,баласы ата-анасына сезім жоқ заманға келгендей болып көрінеміз.Өйткені бірін-біріне қайрылмайтын жас ұрпақты тәрбиелеп жатқандай болып көрініс табамыз неліктен?себебі адамдардың жаманға құштар қабілетін біз бұрынан білеміз,ал ата-анасына қайрылмайтын,сезімі жоқ бала,қалай елінің патриоты болады деп айта аламыз.Әрине патриоты бола алмайды.Сол себепті бірінші сезімді ұлттық тәрбиені сәби кезінен қолға алумыз керек.Сол өскелен ұрпақтың көп мүшесі,біздің қазіргі жоғарыда отырған,уәзірлер сияқты болып көрінеді кім білсің?
Патриоттық сезім деген ұшқыны көрінбейтін жазық дала секілді,ешқашан бітпейтін,жер сықылды айналып келе беретін орта секілді.
Әрбір адам мына өзі өмір сүріп келе жатқан елінің патриоты болса,елде жемқорлықта,артқа сүйрейтін адамзатта болмас еді.Сезім деген бір күш секілді,бір рух беріп тұратын,ешқашан шаршатпайтын,биікке өрлейтін жан-дүниеннің қозғаушы күші.Сол күшті Патриоттық құндылыққа ұштастырсақ,біздің еліміздей тату-тәтті дамыған ел еш жерде болмас еді.Сөзімнің соның мына бір өлең шумағымен аяқтағым келіп отыр;
Сезім күші қашанда тылсым күйі,
Махаббатқа арнайды көрсін дейді.
Патриоттық сезімі жас баланың,
Ұлттық тәрбие жолында тұрсын мейлі.
Елім,жерім қоғамым таласармын,
Отаным деп шығады алаштарым.
Ұрпағы да өмірін сүріп келді,
Жалғасады менмін деп таласар күн.
Қазір керек алаштың жас ұрпағы,
Өтті әне зымырап жас пен кәрі.
Жалғасатын алашты сүйрейтіндер,
Тағы шығар патриоты алаштары.
Дайрабай Еркебұлаг