Мамандықтың маңызы
«Адам баласы өмірде екі нәрседе қателеспеу керек» деп жатады. Бірі жар таңдағанда, ал екіншісі мамандық таңдағанда. Мамандық таңдау бұл әрбір адамзат үшін – өмірлік таңдау. Жасырын емес мамандық таңдағанда көп жастар ата-анасының таңдауымен, не болмаса грант шығып тұр деп амалсыз өздері қаламаған оқу орнына түсіп жатады. Әрине ол өміріндегі ең үлкен қателік. Егер адам өз мамандығын сүйіп, жақсы көрмесе одан мықты маман иесі шығады деп айта алмаймын. Әсіресе бала тірбиесіне келген кезде мұқият болған абзал. Байқасаңыздар үлкен кісілер баланың іс-әркетіне, ептілігіне қарап, оның қандай мамандық иесі болатынын топшалап жатады.Өзім көпбалалы отбасынан шыққаннан соң ба балаларды өте қатты жақсы көрдім. Олармен шығармашылық жұмыс жасаған ұнайды. Әрбір баланың қуанышын, жетістігін көру тәрбиеші үшін үлкен бақыт. Абай атамыз айтқандай «Бала тәрбиесі басты байлығың, кешіксең көретінің қайғы-мұң» Бала тәрбиесінде өз мамандығын сүйетін жан болу керек деп ойлаймын. Баламен жұмыс жасау жауапкершілікті талап етеді.Тәрбиешінің басты міндеті баланың жүрегіне жол таба білу. Керек болса психолг, музыкант, суретші тіпті биші де бола білген абзал. Себебі әр баланың қабілетін тәрбиешіден артық ешкім білмейді.Балаға мамандық таңдауда баспалдақ бола білетін ол балабақша. Ұ,о.қ балаларды түрлі мамандықтармен таныстырғанда балалар келешекте қай маман иесі болатынын жарыса айтып жатады.Әрине ол қуантарлық жағдай. Ұшқыш көкке көтерілгенде барлық адамның өміріне жауапкер. Қандай да бір қателік жіберсе адамдардың өміріне қауіп төндіріп, бағытынан ауысып, апат акелуі мүмкін. Адам баласы да солай. Кезінде дұрыс берілмеген тәлім- тәрбие келешекте баланың өміріне, болашағына үлкен зиян келтіреді.Жастайынан мейірімді, жылулықты көрген бала келешкте адгершілігі мол, жерін, тілін сүйетін, еліміздің дамуын үлес қосушы мықты маман иесі шығуы хақ.