ҮМІТ ҰЯЛАТАТЫН ЖОЛДАУ (01.09.2023)
Әл Фараби атындағы ҚазҰУ Тарих факультетінің
Профессоры, т.ғ.к. Гүлнар Қозғамбаева
«Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» деп аталатын (01.09.23ж.) ҚР-ның Президенті Қ-Ж.К.Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында негізінен әлеуметтік-экономикалық бағытқа басымдық берілді. Биылғы жолдауда мемлекет басшысы бастамаларының басым көпшілігі жүзеге асқанына, халықтың тұрмысының оның ішінде мұғалімдер мен дәрігерлер жалақысының өскені, зейнетақы жинағының бір бөлігі пайдалануға берілгендігі, тұрғын үй мәселесі аясында елімізде көптеген отбасы баспаналы болғандығы, ауылдық жерде денсаулық сақтау мекемелерінің салынып жатқандығы және «Ұлттық қор» жобасы бағдарламасы аясында жаңа жылдан бастап балалар есеп шотына қаржы түсетіндігі, игерілмей жатқан және заңсыз берілген 8 млн га жер мемлекетке қайтарылғандығы және алдағы уақытта мемлекет тарапынан атқарылатын жұмыстар туралы мәселелер қамтылды.
Бүгінгі таңда әлемдегі геосаяси ахуал ушығып тұрғандығына қарамастан, ел экономикасындағы көрсеткіштерге тоқталып өтті. Адамзат тарихында бұрын соңды болмаған сын қатерлер мен түбегейлі өзгерістер дәуірі басталғандығына тоқтала келе, осындай кезде еліміз экономикалық серпіліс жасап, жаңа экономикалық үлгіге өту керектігіне тоқталып өтті. Ондағы басты мақсат қағаз жүзінде биік жетістікке қол жеткізу емес, шын мәнінде халықтың тұрмыс сапасын жақсарту болу керектігі қамтылды. Мемлекет басшысы жаңа экономикалық бағдарламаның өзегі – әділдік, инклюзивтік және үнемшілдік болу керектігін айта келе, экономиканың құрылымына қатысты реформаның негізігі тұстарына тоқталып өтті.
Жолдауда айтылған маңызды мәселелер қатарында агро-өнеркәсіп кешенінде нақты серпіліс жасау керектігі қамтылды. Ауылшаруашылығы саласының әлеуеті орасан зор болғанымен, қолда бар мүмкіндіктерді толық пайдаланылмай отырғандығы айтылды. Қазақстанның стратегиялық мақсаты Еуразия құрлығындағы басты аграрлық орталықтың біріне айналу, ал осы мақсатқа жету үшін өнімді жоғары деңгейде өндеуге көшу керек. Алдағы үш жылда агро-өнеркәсібінде өңделген өнім үлесін 70 пайызға көтеру керектігі айтылды. Мемлекет басшысы бұл нақты міндет екендігіне тоқтала келе, жұртты өнім өңдеуге ынталандыру керек, ол үшін салық саясатын қайта қарау қажет және бұл салада ірі компанияларды көптеп тартып, нақты серпіліс жасау керектігіне тоқталды. Ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау маңызды. «Ауыл аманаты» бағдарламасының маңызына тоқталып өтті. Үкіметтің алдында сыртқа шығаратын өнім нарығының ауқымын жоспарлы түрде кеңейту міндеті тұр. Қазақстанның тауарларын шетелге шығару және таныту үшін тиісті шаралар қабылдау керектігіне тоқталып өтті. Қазақстан тауарларын шетелге таныту және шығару үшін тиімді шешім қабылдау керек. Сонымен қатар шетелдің танымал агро-ғылыми орталықтарымен толыққанды ғылыми-тәжірбиелік ынтымақтастық орнату керектігіне тоқталып өтті. Ауылшаруашылығында ғылыми технологиялық бастамаларды қолдай отырып, білім беру бағдарламаларын толыққанды ауыл шаруашылығына негіздеп, егін шаруашылығында маңызды реформа жасау керектігі айтылды. Сонымен қатар елдегі инфроқұрылымды жаңғырту арқылы жаңа экономикалық үлгіге көшу ұсынылды.
Мемлекет басшысы жасанды интелектіні дамыту ісіне үкімет баса назар аудару керектігіне тоқталып өтті. Жасанды интелектінің мүмкіндіктерін толық пайдаланып, білім экономикасына тың серпін бере отырып, халықаралық компаниялармен серіктестік орнату және белгілі үш жоғары оқу орны жасанды интелект саласына қажетті кадр мамандар даярлау,зерттеулер жүргізумен айналысуы керек екендігі айтылды.
Мемлекет басшысы Қазақстанның экономикалық даму стратегиясының өзегі азаматтардың мүдесі мен сұранысы екендігін айта келе, республика халқының қажеттілігі ардайым басты назарда екендігіне тоқталып өтті. Республика халқының демографиялық өсуіне тоқтала келе, жыл сайын өмірге келген балалар саны төрт жүз мың екендігі, өмір сүру ұзақтығы былтырғы есеп бойынша 74 жасқа жеткендігі және Қазақ елі әлемдегі ең жас мемлекеттің бірі екендігіне тоқталып өтті. Сонымен қатар үкіметтің міндетті қазіргі демографиялық ахуалды еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға пайдалану керектігі қамтылды.
Мемлекет басшысы «Адал азамат және тұғырлы тұлға болудың негізі бала кезден қалыптасады, сондықтан жас ұрпақтың қауіпсіз әрі алаңсыз өмір сүруін қамтамасыз ету керек. Жастар ең жақсы қасеттерді бойына сіңіруі қажет. Оның бәрі бірігіп, біртұтас қоғамдық қасиетке айналады”,- деп, жастардың тәрбиесіне, үлкен мән беріп, ерекше тоқталып өтті.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бүгінгі жолдауы барша халқымызды көптеген түйткілді мәселелеріне тоқталып өтіп, еліміздің келешегіне деген сенімімізді нығайта түсті.