5 сынып “Бұрыш” тақырыбына ҚМЖ
Бөлім: | Бұрыштар. Көпбұрыштар |
Мектеп: | Бауыржан Момышұлы атындағы №46 ЖОББМ |
Педагогтің аты-жөні: | Д.Ж.Айгалиева |
Күні: | 20.04.23 |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Бұрыш. |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 5.3.3.1 бұрышты транспортир көмегімен өлшеу; |
Сабақтың мақсаты: | – Бұрыштардың түрлерін ажыратады (сүйір, тік, доғал, жазыңқы, толық)
– Бұрышты транспортир көмегімен өлшей алады. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/ Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту. 5 мин. |
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру. Үлестірмелі материалдарды тарату. |
Жұмбақ: : Санасаң бір үйде төртеу бар, Қаласаң, аузыңды өртейтін нәр. /бұрыш/
Үй жұмысы: №873: 1) Сағат 2 – сүйір; 3 – тік; 5 – доғал; 6 – жазыңқы бұрыш болады.
|
Дескриптор
1. бұрыштың түрлерін біледі; 2. бұрыштарды ажыратады; Толық дұрыс жауап-2 балл Белсенді оқушыларға фишкалар тарату |
Оқулық, жұмыс дәптері
Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы ДК экраны |
||
Жаңа сабаққа кіріспе
10 мин. |
Жаңа сабақ.
Математика пәнінен келесі сабағымызды бастаймыз. Бүгін сабағымызда алдыңғы сабақта меңгерген бұрыш тақырыбын әрі қарай жалғастыра отырып, берілген бұрыштарды транспортир көмегімен градустық өлшемін табуды үйренетін боламыз . Бүгінгі сабақта: Сенің меңгеретінің: бұрышты транспортир көмегімен өлшеу
«Миға шабуыл» әдісін пайдалана отырып, өтілген тақырыптарды қайталау ретінде, оқушыларды сабаққа қызықтыру мақсатында топтар арасында «футбол» ойыны ретінде өткіземін. Бұрыш дегеніміз не? Бұрыштың қабырғалары, төбесі деп нені айтады? Бұрыштың өлшем бірлігі қалай аталады? Биссектриса дегеніміз не? Жазыңқы бұрыш неше градусқа тең? Сүйір бұрыш қандай болады? Тік бұрыш неше градусқа тең? Доғал бұрыш қандай болады? Толық бұрыш дегеніміз не?
|
Оқушылар сұрақтарға жауап береді,
1. Бір нүктеден басталатын екі сәуледен құралған фигура бұрыш деп аталады. Бұрыштың белгіленуі 2. Бұрышты құрайтын сәулелерді осы бұрыштың қабырғалары деп атайды. ОА,ОВ сәулелері АОВ бұрышның қабырғалары 3. Сәулелер басталатын нүктені бұрыштың төбесі деп атайды. О нүктесі АОВ бұрышының төбесі 4. Бұрыштың градустық өлшемі дегеніміз-берілген бұрышта неше градустық бірлік бар екенін көрсететін сан. градус -бұрыштың өлшем бірлігі 1° 5. Биссектриса дегеніміз – төбесінен бастап бұрышты тең екі бұрышқа бөлетін сәуле. 6. жазыңқы бұрыш 180 -қа тең болады. 7. 90 – қа тең бұрыш тік бұрыш деп аталады. 8. 360 – қа тең бұрыш толық бұрыш 9. 90 -тан кіші бұрыштар – сүйір- деп аталады. 10. 90 -тан үлкен, бірақ 180 кіші бұрыштар –доғал болады. |
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтарқойылады. Дескриптор 1. бұрыштың анықтамасы мен элементтерін біледі; 2. бұрыштардың түрлері мен қасиеттерін біледі;
Толық дұрыс жауап-2 балл |
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
«футбол» ойыны: https://www.umapalata.com/zexpo/game.html?LANG=RU&idGames=57142 |
||
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу. 15 мин. |
Бейнетүсіңдірме арқылы бұрышты өлшеу ережесімен таңысады.
Бұрышты өлшеу. Бұрыштар транспортирдің көмегімен өлшенеді. Транспортир бөліктерге бөлінген. Оның ең кіші бөлігін анықтау үшін, табанында жазыңқы бұрыш жатыр деп есептеп, 1800-ты 180 бөлікке бөлеміз. Сонда ең кіші бөлікке 1 градус сәйкес келеді. Сонымен қатар транспортирде 00 –ден 1800-қа дейін әрбір 100-қа тең бұрыштар белгіленген және үлкею жарты шеңбердің сыртында солдан оңға қарай, ішкі жағында оңнан солға қарай берілген. Бұрышты өлшеу үшін: 1) Транспортирдің ортасын (транспортирде ол сызықпен көрсетілген) бұрыштың төбесіне қоямыз; 2) Бұрыштың қабырғаларының бірін 00 –пен сәйкестендірміз; 3) 2-ші қабырғасы неше градус көрсетіп тұрғанын анықтаймыз.
Мысал: 1. АОВ бұрышын өлшеу үшін транспортирдің ортасын бұрыштың төбесі О нүктесіне қоямыз. 2. Бұрыштың бір қабырғасы, ОВ сәулесі транспортирдің нөлдік белгісінен өтуі керек. 3. Сонда бұрыштың екінші қабырғасы – ОА сәулесі өлшенетін бұрыштың градустар санын көрсетеді. Яғни, 3-суретте АОВ бұрышы 600, бұрыш сүйір, 600 соған сәйкес келіп тұр, сондықтан ÐАОВ = 600 деп жазамыз. |
Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып, транспортирдің шығу тарихымен танысады.
(сурет)
Ұжымдық жұмыс: Шешуі: ÐАОВ = 400; ÐАОС = 700; ÐАОD = 1000; ÐАОE = 1600; ÐВОС = 300; ÐСОD = 300; ÐDОE= 600; ÐBОD = 600; ÐBОE = 1200 |
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Айналадағы ақпаратты қолдана білу.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.
Дескриптор 1. транспортирдің дұрыс қоланады; 2. Бұрыштарды дұрыс белгілейді; 3. сүйір бүрыштың шамасын анықтайды; 4. доғал бүрыштың шамасын анықтайды 5.Бұрышты табады.
Толық дұрыс жауап-2 балл |
Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып, бейнетүсіңдірме арқылы бұрышты өлшеу ережесімен және транспортирдің шығу тарихымен танысады.
|
||
Бекіту
10 мин. |
Топтық жұмыс: «Конверт»әдісі.
Тапсырмалар: Дәптерге жарты дөңгелек сызып, оны транспортирдің көмегімен: 1. Екі тең бөлікке бөліп, бұрыштардың әрқайсысын өлшеңдер. Градустың өлшемдерін табыңдар, пайда болған бұырыштарды белгілеп жазыңдар; 2. Үш тең бөлікке бөліп, бұрыштардың әрқайсысын өлшеңдер. Градустың өлшемдерін табыңдар, пайда болған бұырыштарды белгілеп жазыңдар; 3. Төрт тең бөлікке бөліп, бұрыштардың әрқайсысын өлшеңдер. Градустың өлшемдерін табыңдар, пайда болған бұырыштарды белгілеп жазыңдар. 4. Алты тең бөлікке бөліп, бұрыштардың әрқайсысын өлшеңдер. Градустың өлшемдерін табыңдар, пайда болған бұырыштарды белгілеп жазыңдар. Жеке жұмыс: Оқулықтан: №877 Жұптық жұмыс: Бұрыштар дұрыс өлшенген бе? Сергіту сәті: Бұрыштарды қолдарымен көрсету. |
Топтық жұмыс: тапсырма №1
1-топ: 900 2-топ 600 3-топ: 450 4-топ: 300
Жеке жұмыс: Тапсырма №2 №877: 1) 300 ; 2) 600; 3) 1500
Жұптық жұмыс: Тапсырма №3 Дұрысын және қатесін анықтау.
Тапсырманы орындап, тексеруге бір біріне береді, солай барлық тапсырмаларды қалай орындалатына, дұрыстығына көз жеткізеді |
Дескриптор
1.Тік бұрыштың шамасын біледі 2.Транспортирді қолданып сүйір бұрыштың шамасын анықтайды. 3. Транспортирді қолданып доғал бұрыштың шамасын анықтайды.
Дескриптор 1. бұрышты транспортирмен өлшеу ережесін біледі; 2. транспортирді дұрыс қоланады;
Толық дұрыс жауап-2 балл |
Топтарға бөлу:
https://flippity.net/rp.php?c=%D0% ДК экраны 5-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. Слайд. Дұрысын және қатесін анықтау: |
||
Сабақтың соңы
Ой толғаныс. Рефлексия 5 мин. |
Сабақты қорытыңдылау: сабақтың ең үздік оқушысын анықтау (жинаған фишкалар санына қарай).
«ҚҚҚ-қызықты, құңды, қиын» әдісі. Сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды. Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді. Үйге: №874, 875 |
Рефлексия.
Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.
|
Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды.
Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар». Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады. |
Кері байланыс: https://padlet.com/damira_wkz/5-6i34pfia02b8ov9
|
||
Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз? | Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау | ||||
«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».
Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды. |
«Мадақтау сөзі» әдісі | Денсаулық сақтау технологиялары.
Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады. |
||||
Жалпы бағалау
Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын. Осы сабақта қолданылатын қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады. Жалпы бағалау Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: оқушыларды қызықтыру ойындары 2: тапсырмалар Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз. 1: дайындықты арттыру 2: әдіс-тәілдерді түрлендіру Сабақ кезінде, сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы мен нені анықтадым? Келесі сабақтарда неге назар аудару керек? 1: қолдауды қажет ететін оқушылармен жұмысты күшейту; 2: дарынды балаларға шығармашылық тапсырма дайындау. |
||||||