Жабайы жануарлар
Мақсаты:
• Жабайы жануарлар туралы баланың білімін жетілдіру; жабайы жануарларды ажырата білуге үйрету; сұрақтарға толық жауап беруге үйрету; қоршаған әлем заттарымен таныстыру;
• Сөйлеу тілін түсінуін дамыту; таным әрекетін дамыту;кеңістікті бағдарлау; ойын әрекетін дамыту;ұсақ моторикасын дамыту;
• Сабаққа деген қызығушылығын арттыру; ұқыптылыққа тәрбиелеу;
Сабақ барысы
I Ұйымдастыру кезеңі
1 Кіріспе
Тренинг «Қуаныш»
– Екі қолын бүйіріне таяп, еркін, түзу тұру ұсынылады.
– Көргеніне қуанышты екенің айтады, сәлемдеседі.
Қуану ол балалар күлімдеу,құшақтасу,қол ұстасу белгілерімен таралады.
Кәне бір-бірімізді қуантайық. Бір-біріміздің қолымыздан ұстап жымиямыз.
Менімен бірге қайталаймыз,даусымызды шыңдайық.
Менің досым әдемі
Жымияды,күледі
Бірге біздер ойнаймыз
Қызығына тоймаймыз.
Кәне,барлығымыз доспыз ия балалар!
II Дидактикалық ойын:
1- «Сиқырлы қап»
– Баланы жабайы жануарлармен таныстыру (қоян, түлкі, қасқыр, аю, елік, барыс ).
– Мынау не?
Орман патшалағына саяхат жасайық. Жабайы жануарлармен танысып , дос болайық!
2- «Дұрыс тап? »
– Мұқият қара, мына суреттердің арасынан дұрыс тап, сәйкестендір жабайы жануарларды?
– Мынау не?
– Елік қайда?
3 «Не жоғалды?»
– Көзінді жұм аш қандай жануар жоқ?
– Мынау не?
– Қандай жануар?
IV Сергіту сәті
А———–, О——–, У———-, И————.
Ұзын қоян сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы – қырлы жерлерден,
Ытқып – ытқып жүгірді.
VІ Сурет салу дағдыларын қалыптастыру
Қарындашты ал, түсі қандай?
Көп нүктені қос.
Сен не істеп отырсың?
Не шықты? Қандай жануар?
VІІ Қорытынды бөлімі
Қорыту
Біз сабақта не істедік?
Қандай жабайы жануарлар білесің?
Жабайы жанурлар қайда мекендейді?
Неге оларды жабайы жануардар деп атаймыз?