Ұялы телефонға балалардың қатынасы

Маратова Жадыра Маратқызы                

   

Заман ағымына сай , технологияның дамыған кезеңінде кез-келгеннің  қолында «ұялы телефон» кездесері сөзсіз. Үлкенді – кішілі әсіресе, балалардың телефонға деген телміруі көңіл қынжылтады. Қанша жерден зиянын айтып дабыл қағып жатса да , біз ата-аналар , өзіміз  « аш құлақтан тыныш құлақ» деп сәл жылап , мазасызданса қолдарына ұстата салатынымыз жасырын емес. Алайда, дені сау, сабырлы ұрпақ болып қалыптасу үшін балалардың болашағына бей-жай қарамағанымыз абзал. Қалта телефонының көзге , жүйке жүйесінің дамуына кері әсерін ескерсек, ойыншық құрал ретінде пайдаланатын осы затты басқа да пайдалы әрекеттермен  алмастырсақ деген ой менікі. Бірге ойын ойнап, сүйікті істерін бірге жасап, телефоннан шектей білсек, балалардың болашағы да зор боларына кәміл сенемін. Қазақ халқындағы ақын, жазушылардың өміріне үңілсек жастық шағын ілім, білімге арнап ұялы телефонсыз ақ аты әлемге әйгілі болып жүргені.« Ел боламын десең, бесігіңді түзе » дегендей, ұрпағымызбен мақтанар ұлт болайық!

 

                                                                                       

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *