Түстер әлемі
Мақсаты: Балаларға негізгі түстерді топтастыруға үйрету: қызыл, көк, жасыл. Сары түспен таныстыру.Балалардың коммуникативтік- ақпараттық құзіреттілігін молайтып, ой- түйсігін, қиялын дамыту. Сенсорлық ойлау қабілетін дамыту.
Сөздік жұмыс: Қызыл, жасыл, көк, сары.
Дидактикалық құралдар: Түрлі- түсті қақпақтар,әр түрлі дөңгелектер.
Блингвистикалық компонеті: Қызыл — красный, көк – синий,сары — желтый, жасыл– зеленый.
Сәлеметсіңдер ме балалар!
-Көңіл күйлерің қалай?
Шаттық шеңбері
Табиғат –біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.
Сұрақ-жауап.
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Көктем мезгілінің айлары қандай?
-Табиғатта қандай ерекшеліктер болады?
Жарайсыңдар балалар. Көктем туралы тақпақ білемізбе?
Баланың оқу-қызметіне кірісуіне түрткі болу:
Түстерді қайталау.(мултимедиа арқылы) Сары түспен таныстыру.
-Балалар бұл ненің суреті?
Дұрыс айтасыңдар күн. Күннің түсі қандай? Топқа әсем әуеннің ырғағымен түстер әлемінің еркесі Еркетай кіреді.
-Сәлеметсіздер ме, балақайлар!
Мен түстер әлемінен келдім! Мен түстер әлемінің еркесімін. Менің атым-Еркетай.
Мен сендерге көптеген тапсырмалар алып келдім.
Олай болса Еркетайдың тапсырмаларын орындайық.
1 тапсырма: «Көліктерің дөңгелегін орналастыру»
Шарты: Қақпақтар арқылы дайын көліктің дөңгелегін орналастыру. Балалардың ұсақ қол маторикасын дамыту.
Сергіту сәті:
Бала бала балақан
Қане қайсы алақан
Саусақтары әйбат
Былай – былай ойнат.
-Балалар Еркетай бізге тағы бір дидактикалық ойын ала келіпті.
Шарты: Әр түсті дөңгелектерді түстеріне сәйкес ұйашықтарға орналастыру.
Еркетай: Балалар сендер сондай ақылды екенсіңдер. Тапсырмалар мен ойындарды жақсы орындадыңдар. Ал енді мен түстер әлеміне кететін уақытым болды. Сау болыңдар.
Қорытынды.Жеке жұмыс.
Адиетова Айгерим Ашыккызы