Балабақшам Балдәурен – менің бақыт мекенім
Балдәурен бөбекжай- бақшасы тәрбиеші:Ибрашова Айнур
№19 « Балдәурен» бөбекжай- бақшасының жұмыс жасағанына биыл 15 жыл.
Балабақшаның іргетасын қалап,өз күш жігері мен алтын уақытын арнап қазіргідей мықты дәрежеге жеткізген бөбекжай-бақшамыздың меңгерушісі Абдраманова Гүлдәрі апайымыз.
Ұжымның тізгінін қолына алып,ерінбей,шаршамай қызмет жасап келе жатқан жылдарда «Балдәурен» өте қарқынды дамып,танымастай өзгерді.Біздің балабақша Ақай ауылында ашылған ең бірінші балабақшаның бірі. Осы уақытта өз жұмысын балабақшамен байланыстырған қызметкерлер ортамызда бар.Бәрі де өз жұмысын абыроймен атқарып келеді.арамыздан еңбек демалысына шыққан Амида апай мен Райла апайдай құрметті зейнеткерлеріміз де бар.Біз ол кісілерді мақтан тұтамыз. Балабақшаның гүлденуіне аянбай тер төккен Құлжанова .А,Кадирова Г,Піралиева Т, Раметова Г,, Алиева Қ, Рсалиева А жұмысты жұмыла көтеріп,аяққа нық тұруға аянбай еңбектенді.
2009 жылы басшылық тізгінді қолына алған балабақшамыздың тәрбиешісі Орынбаева Гүлмира апайдың кезінде де өрлеу кезеңі жалғасын тапты. 4 топтық құрам кеңейіп ,8 топ өз жұмысын жалғастырды.Педагогикалық құрам да толықты.
Небәрі 2 топпен 19 қызметкері бар кішкентай мекемеден , 175 орындық заман талабына сай құрылғылармен, материалдармен жабдықталған көркем мекемеге айналды. «Балдәурен» құрылғалы өзгеріске толы жылдарының ыстығына қайнап, суығына төзіп бірге жасап келе жатқан ұйымшыл, ауызбіршілікті ұжымымен мақтана алады. Қанша жылда кадрлар алмасып жаңа құраммен толағып отырса да бұл мекеменің ынтымағы, бірлігі артпаса кемімеді. Барлық жұмыстарды абыроймен атқарып келгенін өткізілген семинар жұмыстарынан және түрлі сайыстар мен конкурстардан алып жүрген жүлделі орындардан көруге болады.
«Балдәурен» бөбекжай-бақшасының 15 жылда бағындырған белестері, тындырған жұмыстары,шыққан биігі барлық жерде айтылып, жазылып жүрді. Қаншама жыл өтіп, басшылар ауысқанда «Балдәурен » өз жұмыс жүргізу қарқынын ұлғайтпаса кемітпеді . Ерен еңбектің арқасында ұжым «Үлгілі мекеме» , “Бала жанының бағбаны” атағын да алды.
Биылғы жыл да біздің балабақша үшін табысты жыл болды. Мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері Қармақшы ауданында өткен жарыста би өнері, мәнерлеп оқу,оркестр жанрында бақ сынап бас жүлдені жеңіп алды. Мәнерлеп оқу сайысынан Сексенбаев Нұрдәулет пен Маратова Хадия бүлдіршіндеріміздің өнері жиналған көрерменнің ыстық ықыласын туғызып,елді сүйсіндірді. Бас жүлдені қанжығаларына байлаған балапандар обылысқа жолдама алып, өз өнерлерін обылыс сахнасында паш етіп, халықаралық жолдаманы да жеңіп алды. Қазіргі сәтте Сочида өткізілетін конкурсқа сақадай сай отыр.
Ақпан айында онлайн өткізілген жарысқа «Чунга-чанга»биін билеп ІІ орынға қол жеткізді.
Бұл жетістіктерге жетуге өнерге баулып,ұштап, білім мен өнерді бала бойына қатар сіңіріп отырған білім ордасының маман ұстаздарының еңбегінің жемісі екенін атап өткен жөн.Оның ішінде музыка жетекшісі Тотаева А еңбегін атап айтуға болады.
Бала – болашақ ,бала біздің ертеңіміз !
Ұрпақ тәрбиесін таңдаған білікті және ізденімпаз,еңбекқор мамандар әлі талай биіктерді бағындырып,әлі талай топ жарады деп есептеймін.
Рухы биік, талабы таудай, білімді, өнерлі ұрпақ тәрбиесін бірінші орынға қойып тынбай, талмай жүргізген ерен еңбектеріңіз лайықты бағаланып,шәкіртеріңіз биіктен көріне берсін!
Құрмет пен алғыс әкелер жетістіктеріңіз сарқылмасын,өрлей бер, дами бер,абройын әрқашан асқақ болсын Балдәуренім және еңбекқор ұжымым!