«TopIQ-мен топта бол»
ЛУКПАНОВА АЙКЕРИМ ДУЙСЕНГЕРЕЕВНА Жаңақала жалпы орта білім беретін
мектебінің химия пәні мұғалімі
Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы, Жаңақала ауылы
Пандемиядан бұрын, яғни 2013 жылдан бері «Алматыкітап баспасы» білім берудегі цифрлық технологиялар саласында жаңа шешімдерді табу мақсатында зерттеулер
жүргізіп келеді. Яғни, өздерінің цифрлық оқулық платформасын әзірлеу шаралары алдын ала қолға алынған. «Алматыкітап баспасы» электронды оқулықтары, сондай-ақ «Арман-ПВ» және «Edu Stream» жекелеген басылымдары мазмұны мен функционалдығы сақталған жағдайда TopIQ.kz платформасына көшірілді. Бұл сандық оқулық платформасы жаңа бағдарламалық құралды орнатпай-ақ кез келген ортада қолжетімді.
TopIQ.kz платформасының атауы білім алуға және интеллектіні дамытуға деген ұмтылысты білдіреді: Top (ағылшын тілінен «top»), IQ жалпы қабылданған аббревиатура (intelligence quotient – intelligence quotient). Қазақ тілінде TopIQ есімге тән мағынаны да береді (жоғарғы – топ, бірлестік, Ilim – білім, ұстаздық, Qazaqstan – елімізге тиесілі).
2022-2023 оқу жылында «TopIQ.kz» платформасын химия сабағында қолдандым. Қазіргі кезде үш тілде 157 оқулық қамтылған. Біріншіден кез келген сандық құралдармен кіріп, кез келген уакытта, окушылар үй тапсырмасын орындауға, жаңа тақырыппен танысуға, зертханалық жұмыстарды қарауға, қосымша қызықты деректермен таныса алады. Әсіресе менің оқушыларымды әр тақырып соңындағы қызықты тапсырмалары мен зертханалық жұмыстардың бейнероликтері химия сабағына деген қызығушылығын арттыруға септігін тигізді. Электрондық оқулықтардың озық үлгісін көрсеткен тұңғыш отандық өнімнің өміршеңдігі ұзақ боларына кәміл сенемін