Мамандықты дұрыс таңдаудың маңызы қандай?

 

Адам екі түрлі жағдайда қателеспеу керек: бірі – жар таңдауда, екіншісі – мамандық таңдағанда. Бұл екі таңдаудан біздің келешек өміріміздің қандай болатыны шешіледі. Сол себепті, бұл мектеп бітіруші жастардың алдындағы болашаққа деген ең алғашқы және ең ауыр қадам болып табылады.  Сондықтан, бұл іске бей-жай қараған ақымақтық.

Мамандық таңдау әрбір адамзат үшін өмірлік таңдау. Десекте, көптеген жастар мамандық болашақпен тікелей байланысты ұғым екенін естен шығарып жатады. Қазіргі жағдайға келсек, өкінішке орай, басқа мүмкіндік болмағандықтан қазіргі жастар ата-ананың кеңесі, үлкендердің ақылы мен тәжірибесіне ғана сүйену арқылы мамандық таңдауға мәжбүр. Соңғы кездегі Білім және ғылым министрлігінің мәліметіне қарағанда, оқу орнын бітірген түлектердің 50 пайызы өз мамандығы бойынша жұмыс істемейді екен. Сонда қалған 50 пайызы ғана диплом бойынша қызмет атқарады. Ал бұл дегеніміз ата-ана мен мемлекеттің грантқа бөліп жатқан қаражатының 50 пайызы желге ұшады дегенді меңзейді. Сол себепті мамандықты дұрыс таңдау – еңбек қызметінің өмір сүру көзі және жауапкершілік пен дайындықты талап ететін маңызды бөлігі екенін, алдағы өмірін өкінбейтіндей, өз қабілетіне, бейімділігіне, сай кәсіп түрін таңдай білсе деймін. Егер ертең өзің емес, өзгенің қалауымен басқа мамандық таңдасаң, сен өміріңнің соңына дейін өкініп өтесің. Біріншіден, жұмысқа өз сүйген ісіңмен айналысу үшін емес, тек қаражат табу үшін ғана баратын боласың, өмірің тек күйбең тіршілікпен өтетін болады.

Ал егер өз жүрегіңнің үніне құлақ түріп, өзіңе сеніп, өз шешіміңді таңдасаң ше? Онда сен өз сүйікті ісіңмен айналысасың, істеген ісіңнен ләззат аласың. Уақытыңның қалай тез өткенін де байқамайтын боласың. Әр адамның өзіне тән бейімділігі болады. Тек сол бейімділіңтк дұрыс пайдаланып, дамыта білу қажет деп ойлаймын. Сонда ғана маман иесі болатыныңызды біле аласыз.

Қорытындылай келе, дұрыс таңдалмаған мамандықтың салдары, тек адамның өзіне ғана емес, қоғамға кері әсерін тигізеді. Сондықтан, мамандық таңдауда шалыс баспаған жөн.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *