“Туған тілім” Дихан Әбілев
Мирзабекова Бакыткүл Ташполатовна
Сабақтың тақырыбы: Туған тілім. Дихан Әбілев
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылардың өлеңді түсініп оқу, мәнерлеп оқу қабілеттерін қалыптастыра отырып, өлеңнің негізгі ойын ашып, тәрбиелік мәнін түсіндір.
- Оқудың түрлерін қолдана отырып, өз тілдерінде көркем, әсерлі сөйлеу дағдыларын дамыту, салыстыру, негізгі ойды анықтау қабілеттерін жетілдіру;
- Өлеңнің негізгі мазмұнын түсіндіре отырып, туған тіліне деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, патриоттық тәрбие беру;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, талдау-жинақтау, сұрақ-жауап, т.б.
Көрнекілігі: Суреттер, тірек-сызбалар, дидактикалық материалдар
Сабақтың барысы:1. Ұйымдастыру кезеңі: Балаларды сабаққа дайындау;
- «Нұрға бөлену».
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз…
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады.
- Үй тапсырмасын тексеру: «Астана» өлеңін жатқа сұрап өту;
Үй тапсырмасын бекіту: «Ой шақыру» стратегиясы
– Астана туралы кім не біледі?
Астана біздің Отанымыздың жүрегі. Ал енді Отан деген сөздің не екенін сендер жақсы білесіңдер.
- Өткенді пысықтау: Мұқағали Мақатаевтың «Отан» деген өлеңін еске түсірейік. Ақынның осы өлеңінде қасиетті тіл деп отырғаны қай тіл? Өз тілдерің жайлы не айтасыңдар? Мына көп нүктенің орнына тиісті сөздерді ойлап тауып, айтып көрейікші:
.…………… – ана тілім, ……………………. – мемлекеттік тіл.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл қазақ тілі екендігін Қазақстан Республикасы Конституциясының 7 бабында бекіткен.Сондықтан әрбір қазақ азаматы қазақ тілін білуі керек.
Қазақ халқында өз ана тілі туралы жыр толғамаған адам кемде – кем. Ана тіліміз талай жырға арқау болған екен. Қазақ тілі – сонау Әйтеке, Қазыбек, Төле билер сынды шешендердің, Абай, Ғ. Мүсірепов, Ә. Тәжібаев, Ғ. Мұстафин, Қ. Мырзалиев, А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов сияқты ақын – жазушылардың, Б. Момышұлыдай атақты батырлардың тілі. Біздің бүгінгі сабағымыз да осы тақырыпта жалғасын табады.
Оқушылар «Үш арыстын» рөлін сомдайды.
- Жаңа сабақ:
– Өзінің жері, елі, өзінің туған тілі туралы жырламаған ақын жоқ шығар сірә. Ол адамның ана сүтімен бойына даритын – ана тілі.Адамға сол ана сүтімен даритын қасиетті тілді құрметтеу, ол – парыз.
– Сондай –ақ, бүгін біз Д.Әбілевтың «Туған тілім» деп аталатын өлеңімен танысамыз.
Д. Әбілевтің өміріне тоқталу. (1907-2003)
Әдебиетіміздің ақсақалы Д. Әбілев 1907 жылы 26 желтоқсанда Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. 1926 ж «Қызыл әскер атты алғашқы өлеңі, 1928 ж «Сырлы шкафтың сыры» атты бірінші әңгімесі жарық көрген. 71 жыл бойы қазақ әдебиетінің өркенін өсіріп, мерейін биіктету жолында қаламымен қызмет етті, көптеген кітаптар дүниеге келді. Оның артта қалған мол мұрасы ұрпақтың рухани қазынасына айнала берері сөзсіз.
4. Оқулықпен жұмыс: Өлеңді мәнерлеп оқып, әр шумақтарын тоқталып, талдап, түсіндіру;
Сөздік жұмысын жүргізу.(Түртіп алу стратегиясы)
Бабам тілі– арғы аталарымыздың тілі ,
сыры терең – құпиясы мол,
суырып ал – жұлып ал.
– Ақынның «туған тіл» деп отырғаны қай тіл? Ақын туған тілі үшін қандай әрекетке дейін барамын дейді? Бұл ақынның қандай қасиеті?
– Өлеңнің «Туған тілде әнім менен сәнім бар» деген жолдарын қалай түсінесіңдер?
5.Оқу түрлері: а) Өлеңді оқушыларға іштей оқыту;
ә); мәнерлеп оқыту б) Шумақтап бөліп оқыту;
– Кәне балалар, осы өлеңдегі туған тіл деген сөз тірексінің барлығының орнына қазақ тіл деген сөзді қойып оқып көрейік. (оқыту жұмысын жүргізу).
- Сергіту сәті:
VI. Ой толғаныс «Жинақтау тәсілі»
1 топ. Тіл туралы мақал-мәтел құрастыру
2 топ Отан туралы мақал-мәтел құрастыру.
« Сөзі жоғалған халықтың өзі де жоғалады»
(берілген жағдаяттарды шешу)
– Сен кітапханада отыр едің. Кенет ішке екі қыз бала кірді. Олар ұлты қазақ болғанымен орысша сөйлесіп отыр. Сенің оған көзқарасың?
– Сен мектепке асығыс келе жатып, көшеде кездескен өзің қатарлас құрбыдан уақыттың қанша болғанын сұрадың. Ол саған орыс тілінде жауап берді. Сен не істейсің?
– Сенің досың көбіне әңгіме арасында қазақ тілін шұбарлап, орыс сөздерін араластыра сөйлейді. Сенің оған көзқарасың?
Бекіту:( Тест сұрақтары )
1. ҚР – ның мемлекеттік тілі қай тіл?
А. Орыс В. Қазақ С. Ағылшын
2. ҚР – да «Тіл туралы Заң» қашан қабылданды?
А. 1997ж 11шілде. В. 1991ж 16желтоқсан С. 1995ж 30тамыз
3. Қазақ тілін басқаша қалай атауға болады?
А. Әліппе В. Отан С. Ана тілі
4. « Туған тілім» өлеңінің авторы?
А. Д. Әбілев. В. М. Әуезов С. А. Құнанбаев
5. « Туған тілім» өлеңінің тақырыбы не?
А. Құстар. В. Тіл С. Отан
Өзіңді – өзің тексер Бағалау
0 қате – «5»
1 2 3 4 5
В А С А В
1 қате — «4»
2 қате — «3»
- Өлеңнен не туралы білдік? Ақын туған тілі туралы қандай сезімде болған деп ойлайсыңдар?
- Үнемі орысша сөйлейтін қазақ балалары туралы не ойлайсыңдар? Оларды өз аналарын сыйлайтын бала деп айтуға бола ма?
- Өлең сендерге қандай әсер қалдырды?
VII. Бағалау:
VIII. Үйге тапсырма: өлеңді жаттау.