ЗАМАНАУИ МҰҒАЛІМ – ОЗЫҚ ОЙЛЫ ОҚУШЫ: ТорIQ ПЛАФТОРМАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

Ермеккалиева Гүлжан Нұрболатқызы,

БҚО, Жаңақала ауданы, Жаңақала ЖОББМ-нің биология пәні мұғалімі

 

ЗАМАНАУИ МҰҒАЛІМ – ОЗЫҚ ОЙЛЫ ОҚУШЫ: ТорIQ ПЛАФТОРМАСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ

 

«Ұстаз болу – жүректің батырлығы, Ұстаз болу –сезімнің ақындығы, Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, Азбайтұғын адамның алтындығы» деп ақын Ғафу Қайырбеков жырлағандай, мұғалімдік қызметтің қадірі қаншалықты жоғары болса, жауапкершілігі де соншалықты зор.

Бүгінде заман ағысы, өмір бағытына өзгерістер енуде. Қай салаға да жаңашылдықтар еніп, адамдардың сұранысы басқаша сипат алып жатыр. Педагогика әлемінде де терең ізденіс талап етіліп, жаңа ұрпаққа заманауи білім беру қажеттілігі туындады.Ендеше,XXI ғасырдамұғалімнің бет-бейнесі қандай болу керек?!

Заманауи мұғалім – шығармашылық қабілеттерді шыңдауға жағдай жасай алатын, оқушылардың білімді қабылдауға деген құштарлығын дамыта алатын, өз бетінше ойлауға үйрететін, материалды оқыту барысында өз бетінше сұрақтар құрастыра алатын, өз білімін толық іске асыра алатын адам. Сонымен қатар оқушылардың пәндерді оқуға деген ынтасын арттырып, олардың жеке бейімділігі мен талантын көтермелейтін тұлға.

Бәріміз білетіндей, ХХІ ғасыр – ақпараттық технология мен ғылымның дамыған заманы. Білім беру саласында интерактивті техника және технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісінде тиімді әдіс-тәсілдерді іздестіру және оларды қолдану  қазіргі заман мұғалімдеріне қойылатын басты талаптардың біріне айналды. Әр адамнан, әсіресе мұғалімнен әмбебеп болуды талап ететін қазіргі уақытта түрлі оқыту құралдары, ғаламтор желісінде көптегенплатформалар, сайттар мен құралдар пайда болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Оқулықтарды цифрлық форматқа көшіру және оқушы сөмкесін жеңілдету» жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру мақсатында түрлі веб-платформалар өз пайдасын  тигізуде. Мәселен, «ТорIQ – цифрлық оқулықтар» платформасы – оқушылар, мұғалімдер және ата-аналар үшін де пайдалы ақпарат көздері орналастырылған, мектеп қабырғаларында оқытылатын оқулықтардың электрондық кітапханасы болып табылатын отандық алғашқы платформа. Бұл білім беру кеңістігі тек электронды оқулықтар кітапханасы емес, сонымен қатар интерактивті тапсырмалары бар мультимедиялық оқу құралы ретінде белгілі. Мен не үшін ТорIQ-ге тоқталдым? Себебі мұғалімдер мен оқушылар үшін де

  • ыңғайлы;
  • сапалы;
  • әрдайым бірге;
  • қолжетімді;
  • жаңашыл;
  • ең бастысы – отандық өнім!

Тінтуір батырмасы арқылы шәкірттеріңді тапсырмалармен қамтып, қосымша ақпараттарды тіркей аласың. Интерактивті тапсырмалар мен анимациялық материалдар бар. Үй тапсырмаларын тексеру, бағалау және комментарий беру мүмкіндігі де ұнайды. Ал оқушы үшін тіптен тиімді. Ауыр кітаптарды арқалаған сөмкеден құтқарып, денсаулығын сақтайды, телефон мен ноутбукті жанына серік еткен олардың оқуға қызығушылығын арттырады.

ТорIQ-ді қолдана отырып, оқушыларыммен үнемі тығыз байланыстамын. Заман талабына сай, үйден шықпай-ақ ғаламтор желісін қолдану арқылы оларға жеке тапсырмалар, топтық жұмыстарды беремін. Бұл платформаның ең тиімді тұсы – оқушылар тапсырмаларды кез келген уақытта, кез келген жерде, өз смартфондары арқылы орындай алады, сондай-ақ білімдерін пысықтап отырады. Әр пәннің оқулығында өткен тақырыптарды қайталау мақсатында түрлі деңгейдегі тапсырмалар жиынтығы орналастырылған. ТорIQ-дің ыңғайлылығы сол, өз біліміңді тексеру негізінде тапсырмалардың дұрыс жауаптары қатар ұсынылады.

Мен жас маман болғандықтан үнемі шығармашылық ізденіс үстінде жүремін. Электронды дүниелердің сыйлайтын мүмкіндігін бағалаймын. Жалпы электронды оқулықтар өте жеңіл, смартфон немесе планшетте жинақталумен құнды. Сонымен бірге оқу кеңістігін үлкейтіп, көптеген аудио мен бейнежазбалармен қамтамасыз ете алады. Бастысы, оқушымен тез әрі оңай байланыс орнатып, тапсырмаларды орындау мен оқу материалын жемісті меңгеруге мүмкіндік береді.

ТорIQ платформасын қолданып бастаған соң, оқушыларымнан оң нәтижелер байқадым. Сабақ беретін сыныптарым үй тапсырмаларын орындауға ерекше құлшынысын білдіреді, аталған платформамен жұмыс істегенді жаны сүйеді. Тіпті сабаққа белсенділігі төмен балалардың тапсырмаларды орындай бастағанын байқадым. Бұрын шәкірттерімнің жұмыстарын тексеру мен бағалауға бірнеше сағаттар жұмсайтынмын, ал қазіргі таңда біраз ісімді бір жүйеге келтіріп, уақытым мен энергиямды үнемдейтін болдым.

Цифрлық платформа ұсынатын жаңалықтардың бірі – кітапты сыйға тарту. ТорIQ-детаным көкжиегін кеңейтуге бағытталған кітап сыйға тарту процесі қарастырылған. Бір ғана емес, «Алматыкітап» баспасының барлық кітабын оқуға және кітапхананың өзін жақын адамыңызға тарту етуге мүмкіндік береді.

Айта кетер жайт, ата-ана бұл білім беру кеңістігі арқылы өз перзентінің оқудағы қиындықтарын айқын көре алады. Білім алу үдерісін бақылап, балаларына қандай көмек бере алатынын анық түсінеді. Демек, бұл – ата-ана үшін баласының білім жетістіктерін қадағалауға мол мүмкіндік.

Интернет дәуірінде дүниеге келген балалардың білімді қабылдау мен қорытуы өзгеше. Жас мамандарда жан-жақтылық пен циярлық дүниелерге талпыныс зор. Сол себепті бәсекеге қабілетті білім жолында барлық әріптестеріме, ата-аналар мен оқушыларға ТорIQ платформасын пайдалануды ұсынамын.

«Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» деген екен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы. Ұстаз бойынан ілімге махаббат, шәкіртке қамқорлықпен қатар тынымсыз ізденіс пен жаңашылдыққа ұмтылыс болуы тиіс деп есептеймін.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *