Жаңа технология жетістігі- TopIQ.kz платформасы
ByӨтепбергенова Жайнагүл Саматқызы
БҚО, Қаратөбе ауданы
Егіндікөл жалпы орта білім беретін мектебінің физика пәні мұғалімі
«Алматыкітап баспасы» – Қазақстанда TopIQ.kz алғашқы отандық цифрлық оқулықтардың платформасын әзірлеген ірі баспа.
Topiq.kz платформасындағы электрондық оқулықтар баспа оқулықтардың цифрлық баламасы болып табылады, дәстүрлі сыныптық-сабақ жүйесінде және қашықтан оқыту үшін түрлі мультимедиалық материалдармен, интербелсенді тапсырмалармен толықтырылған өнім ретінде пайдаланылады. Электронды оқулықтар жеке оқушымен немесе оқушылар тобымен тек сынып қабырғасында ғана емес, басқа да жерлерде жұмыс істеуге мүмкіндік береді, оқушы оны экскурсияда, жолда, спорттық жиындар кезінде қолайлы және оңай пайдалана береді. Платформада мемлекеттік білім беру бағдарламасы аясындағы бірегей интерактивті және мультимедиалық материалдар біріктірілген және оқушылар мен мұғалімдердің бір-бірімен кері байланыс орнатуына қолайлы. Платформада қазіргі уақытта 153 оқулыққа қолжетімді.
Мұғалімдер сыныптағы барлық оқушыға дайын тапсырма тағайындап, егер қажет болса, қосымша материал тіркеп, үй тапсырмаларын тексере алады, орындалған тапсырмаларды бағалап, пікір бере алады. Ал оқушылар мұғалімнен тапсырма алады, тапсырманы кез-келген уақытта, кез-келген жерде, кез-келген гаджетте орындап, жүйе арқылы тапсырманы жіберіп, бағасын алады және жаңа тақырыпты қалай түсінгенін, оқу материалын бекітіп, өзін-өзі бағалай алатын платформа.
Электрондық оқулықтардың мүмкіндіктері:
✓ Өте ыңғайлы. Оқу үшін уақыт пен кеңістік ыңғайлы.
✓ Ортақ терезе. Барлық құрылғы үшін ортақ веб-интерфейсі
✓ Қолжетімділік. Кез келген оқу жылына арналған оқу материалына қолжетімді.
✓ Ыңғайлы. Оқу процесін шынайы қадағалау.
✓ Жеңіл. Электрондық журналдардың оңай жасалуы.
✓ Үнемі қолыңда.Сабақтың барлық кезеңінде қолдана алу.
✓ Жаңашылдығы.Мұғалім тәжірибесінде әдістер көлемін кеңейту.
✓ Сапа.Сапалы контент
✓ Үнемі сенімен бірге.