Тарихы терең, тағылымы бай Түркістан
Бүгін де көне тарихымыздың көрінісі – қасиетті Түркістан.
Түркістан – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Бұл қала еліміздің оңтүстік аймағында орналасқан. Түркістан қаласы қазақ халқының тарихымен тығыз байланысты. Орта ғасырларда (ХҮІ – ХҮІІІғғ) ол Орта Азия мен Қыпшақ даласы халықтарының саяси орталығы болған. Беріде Қазақ хандығының ордасы болды. Қасиетті Түркістанды Екінші Мекке» деп атаған.
1903 жылы Түркістанға алғаш темір жол келген. Қасиетті Түркістан – тарихи және туристік қала. Түркістанға келгендер алдымен Қожа Ахмет Йасауи кесенесіне барады. Бұл кесене – сәулет өнерінің ең озық үлгісі. Кесене отыз бес бөлмеден және сегіз бөліктен тұрады. Кесененің жанында шығыс моншасы бар. Жер астында қырық төрт бөлмеден тұратын «қылует» деп аталатын ғибадатхана салынған. Түркістан қаласы Қожа Ахмет Йасауи атымен әлемге әйгілі болды
Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің, XII ғасырда өмір сүрген ұлы ақын, сопы Қожа Ахмет Иассауидің бейітінің үстінен салынған. Бұл ғимаратты атақты қолбасшы Әмір Темір салдырған. Бұл ғимарат – өз заманындағы сәулет өнерінің барлық жетістіктерін бойына жинаған құрылыстарының бірі. Бүгінде күрделі жөндеуден өткен тарихи нысан жылына мыңдаған туристі тартып, өзі қызықтыруда. Қожа Ахмет Иасауи кесенесі – ЮНЕСКО-ның мұралары тізіміне енген ескерткіш.
Есімхан кесенесі. Тәуекелден кейін тарих сахнасына 1598 жылы Есім хан шығады. Ол бұдан бұрын да ағасы Тәуекел ханның қолбасшысы ретінде талай шайқастарға катысып, «Еңсегей бойлы Ер Есім» атанған еді. Сол Шығай ханның ұлы Есім хан жерленген кесене. Құрылыстың сағана бөлігі сақталған. Архитектуралық, археологиялық зерттеулерге қарағанда бұл құрылыс XVII ғасырда салынған.
Рабия Сұлтан бегім кесенесі. Рабия Сұлтан бегім кесенесі жобасында төртбұрышты. Ол ішкі сегіз қырлы және 4 төртбұрышты бөлмелерден тұрады. Бұл құрылыс туралы алғашқы деректер XVI ғасырдан бастап кездеседі. Рабия Сұлтан бегім Ұлықбектің қызы, Әмір Темір көрегеннің немересі, көшпенді өзбектердің ханы Әбілқайырдың әйелі болған.
Түркістан қаласының тарихи-мәдени туризмінің дамуына үкімет мейлінше мол назар аудара бастады. Бұл дегеніміз – туризм арқылы тек табыс алып келу ғана емес, Түркістандай киелі жерді әлемге танытып, паш ету. Ендеше, тарихы тереңде жатқан Түркістан шаһары – Қазақстандағы тарихи туризмнің басты жобасы.