Жетелеген мәңгі арман

Әлемдегі әрбір адамның көкірегінде сақтап жүрген асқақ арманы болады. Ал ол арманға жетудің жолын әрбіреуі өзі таңдайды және ол арманға қарай әрекет жасайды.
Өзімнің бұл ойларымды, авторлық өлең жолдарымен бастамақпын!
күйінсең,
қиялы ұшқыр жандай күйін.
ғарышта
жермен бірге самғайды үйің.
көмескі –
бір көрініп,
бір жоғалған, –
жұлдызға жол салу, дос, қандай қиын!
ойлаймын кейде
қайдан кеткен қателігім?
арманым беретін еді ғой
мәңгі сенім.
беретін еді жылы жарық
қарайып, ауырланып
кеткен жолға,
қарайсада қара күлдей –
жетелеген мені армандарға.
о арманым!
жетеле әлі мені талай шынға,
ұмыттырма!
әлемнің маған
шексіз шекарасын.
түсір еске кенеттен сен –
жеткізетін жұлдызға жол анасын.
Дархан айтпақ:
“күн мен ай”
апта мен жыл
ғашық еткен,
ғасыр да
сезім қылын басып өткен,
жарқылдақ қуаныш пен
шыбыртқы үрей..
бәрін де еске түсір.
ішкі талас,
бітпейтін ішкі дау мен
қорқыныш
өтер бастан, кетер ғайып боп жүректен.
тек
бәрі сен үшін
мәңгі арман,
мәңгі қиял,
мәңгі менің үнім!
Мен бала кезімде армандағанды жаным сүйетін. Арайлымның бала жүрегі әрдәйым тек жақсы дейтін қияли ойлармен санасын толтыратын. Әлі де есімде даладағы үйсіз-күйсіз қалған жануарларды көріп, өзіме
жануарларға арналған тегін қамқорлық үйің ашамын деп уәде бергенім. Қазіргі уақытта бұл таза ниетті арманымның бизнес планы дайын тұр, тек араға уақыт салып бұл жоспардың орындалуын қадағалау мен тиісті әркеттер жасау қалды.
Арайлым төрт жасар кезінен бері мектепте сабақ алуға қатты асығатын. Ата-анамның сөзінше мектепке қажет барлық құрал-жабдықтарды сатып алып, әкемнің көлігіне отырып алып, 52-ші мектеп гимназиясының ауласына барып сыртта тұратыным. Кейін үйге “мам! мен сабаққа барып келдім” – деген сөздермен оралатынмын. Бұл менің білімге құштар адам екенімнің ең алғашқы факторы болды. Бұл төрт жасар Арайлымның мектеп қабырғасында сабақ оқығысы келетін асқақ арманы еді.
Қазіргі уақытта мектепті тәмәндәп, “ алтын белгі “ иегері атанып отырған жайымда бар.
Кейін өсе келе тұрып жатқан мемлекетімнің әрбір мәселесіне баспен үніліп, еліме пайдасын тигізетін азамат болып өсуімді армандадым. Қазірде армандаймын, әрекеттерімде нық деп айта аламын. Бұл арманымның оты ешқашан сөнбесе екен деймін, себебі бұл маған күш қуат пен алдыға қарай жылжуға, көпті көріп дамуға талпыныс береді.
Арманы жоқ адамды өз басым болашақта бір нәрсеге жетеді деп ойламаймын. Әрқашанда армандап, арманның орындалуына қозғалыс жасап өмір сүрсен, өміріннің жаңа дәмі мен жаңа дем беретіні сөзсіз!
Менің армандарым азайып, не болмаса ұмытылып бастаса рухани тұрғыдан қатты зардап шегемін, сондықтанда армандау мен үшін өзіңдік допинг!
Арманда дос! Ешқашан тоқтама!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *