Мағжан Жұмабаев-130жыл

Мағжан Жұмабаев-қазақтың ақыны,Алаш қайраткері.Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі.Мағжан атамыз ақын ғана емес Алаш қозғалысының жетекшісі,журналист, педагог. Өлеңдер жазып,білім саласына үлес қосты. Педагогикалық еңбектер жазды.
Мағжан 1893 жылы СҚО Сасықөл жағасында дүниеге келген.Атасы Жұмабай қажы.Әкесі Бекен,анасы Гүлсім. Төрт жасынан бастап шығыс тілдері мен әдебиетін оқуға кіріседі .Қызылжардағы Бегішев медресесінде мұсылмандық орта білім алып жүріп араб, парсы және түрік тілдерін оқиды.
Биыл Мағжан Жұмабай Бекенұлына 130жыл толып отыр. Бұл қазақ елі үшін айтулы мереке. Осындай қазақ үшін еңбек еткен зиялы қауым өкілінің мерейтойы ерекше деңгейде аталып өтілді.Ақынның мерейтойы Солтүстік Қазақстан Облысында тойланды.Сонымен қатар ақын туралы “Мен жастарға сенемін” тарихи драмасы Қазақстан ұлттық арнасында жарық
Әбілмағжан өмірінің әр сатын білім мен ғылымға арнады.Жастарымыздың білімді болуын қалап ,үміт артты.Атамыз жастарға зор сеніммен қарады.Біз сол сенімді ақтауымыз керек.

Қажу бар ма тұлпарға,

Талу бар ма сұңқарға,

Иман күштi оларда,

Мен жастарға сенемiн!…

Алаш айбынды ұраны,

Қасиеттi Құраны,

Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемiн!

Мен сенемiн жастарға.

Алаш атын аспанға

Шығарар олар бiр таңда,

Мен жастарға сенемін!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *