Сталинды демеңіздер жақсы адам!

 

  

Сталинды бұл өмірде мақтамаң,

Саясатын дүйім кәпір жақтаған.

Талай қаным қорлық көрді ау астында,

бізді сонау тар заманнан сақтаған.

Ей қазағым демеңіздер “жақсы адам”,

Мұны Ахметтер зар заманнан қақсаған.

Боздақтарды қайда ендеше қоямыз,

қазақ деген қалың елі жоқтаған?!

Жала жауып қу үкімет даттаған,

зиялылар алтын көпір,ақ тоған.

“Халық жауы”ермеңдер деп ұрандап,

дана атын Сталин ғой,ластаған!

Енді неге айтасыңдар“жақсы патша,бас болған”?

Әй қаным ау бұл қазаққа қас болған.

Тұтқындаған атқан талай боздақты,

қанымызға қазағам ау баяғыдан жақпаған.

Әлихан мен Ахметтер ақ болған!

ажалдары бір ақ түйір оқ болған.

“Рухыңды оят”деп біз үшін шырылдап,

соңғы демі шыққанынша саспаған.

Мағжан менен Міржақыпты жас болған,

біз секілді өмірге әлі мас болған.

Сол ғұмырда ойнаған жоқ,күлген жоқ,

Өлгенінше қазаққа өзі бас болған!

Әлімжандар біздер үшін еш жазадан қашпаған,

тұтқындады аңдып қалған сақ қоғам.

“Ел боламыз”,ес жинаймыз деген ұранмен,

Пәк боздағым қалмап еді жүрген жері баспаған.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *