Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

Алиева Арайлым

Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны – жиі талқыланатын тақырып. Әр адам оны әртүрлі түсінеді және әр адамның көзқарасы әртүрлі. Алдымен  әлеуметтік желінің не екенін түсіне білу керек. Бұл кез-келген адам белгілі бір мазмұнды жариялай алатын сайт түрі. Сондай-ақ, олар ақпарат алмасу, қарым-қатынас жасау, байланыс орнату, бизнес жүргізу және тағы да басқаларына арналған. Әлеуметтік желі бұл өзіңіз туралы ақпаратты орналастыруға және басқа пайдаланушылармен ақпарат, фотосурет, хабарламалар, түрлі файлдармен алмасуға болатын интернет-алаң.

Ең танымал әлеуметтік желілерге мыналар жатады: Instagram, Facebook, ВКонтакте, Twitter, TikTok, WhatsApp. Бұлардың барлығы да мыңдаған шақырым қашықтықта болсаңыз да, басқа адамдармен кез келген қашықтықта онлайн сөйлесудің жақсы тәсілі. Біз достарымызбен немесе жақын туыстарымызбен Skype арқылы сөйлесе аламыз. Әлеуметтік желілердің арқасында жаңа, қызықты адамдармен танысуға болады. Сонымен қатар көптеген қызықты және танымдық ақпаратты таба аласыз, өзіңізді қызықтыратын кез-келген сұраққа жауап ала аласыз, кез-келген жанрдағы қызықты фильмдерді, сериалдарды, барлық ыңғайлы жағдайда, тіпті үйден шықпай-ақ көре аласыз, түрлі шет тілдерін үйрене аласыз, жаңа нәрсені үйрене аласыз, өз қолыңызбен бірдеңе жасай аласыз, мұнда сізге көмектесетін әртүрлі интернет сабақтарын таба аласыз. Сонымен, әлеуметтік желінің жағымды жақтарын сараптап қарайтын болсақ, мынадай жақсы тұстары бар:

  1. Іздеу жылдамдығы. Әлеуметтік желілерде сіз өзіңіз іздеген қажетті ақпаратты, музыканы, адамды, т.б. еш қиындықсыз таба аласыз. Әлеуметтік желіге тіркеле отырып, әрбір пайдаланушы өзінің аты-жөнін, сондай-ақ өзі туралы басқа да деректерді: жасын, оқу орнын, байланыс телефондарын хабарлайды. Бұл кез-келген адамды, ол туралы қажет ақпаратты, кез-келген мәліметті бірнеше секунд ішінде табуға мүмкіндік береді.
  2. Байланыс пен ақпарат алмасудың қарапайымдылығы. Біз SMS және MMS хабарламалар арқылы ақпарат алмаса аламыз. Бірақ бұл үшін ақша төлеу қажет. Ал хабарламаны әлеуметтік желіге жіберу әлдеқайда ыңғайлы. Әлеуметтік желідегі аккаунты бар адам достары туралы барлық нәрселерден хабардар болады, олардың фотосуреттерін көре алады, жаңалықтарды біледі немесе жай ғана сөйлесе алады. Яғни, желілер арқылы бүгінде байланыс жасау әлдеқайда жеңіл және ыңғайлы.
  3. Қызығушылық ортасын құру. Адам немен айналысқысы келсе, әлеуметтік желіде сол туралы ақпаратты, өзінің пікірлестерін таба алады. Әлеуметтік желі арқылы белгілі бір сатып алулар жасауға, бірдеңе айырбастауға және тіпті жұмыс табуға болатын қызықты қауымдастықтар мен топтар бар.

Бірақ, таяқтың екі ұшы болатыны секілді, әлеуметтік желілердің кемшіліктері де бар. Мысалы, компьютердің немесе телефонның алдында ұзақ уақыт отыру көру қабілетін нашарлатуы мүмкін. Сондықтан уақытылы демалу керек, көзге жаттығулар жасау керек. Сонымен қатар, әлеуметтік желі арқылы байланыс жасаған адамдар бір-бірімен бетпе-бет қарым-қатынастан алшақтай бастайды. Кейде интернет жаман, жағымсыз нәрселерді үйретеді немесе адамның психикасына кері әсер етуі мүмкін.

Енді әлеуметтік желінің жағымсыз жақтарын саралайтын болсақ:

  1. Көп уақыт жұмсау. Әлеуметтік желілер – уақыт «өлтіру», яғни жай ғана босқа кеткен уақыт. Өйткені, бұл уақытты әлдеқайда пайдалы өткізуге болады, мысалы: достармен кездесу, дәмді кешкі ас дайындау немесе өзін-өзі дамыту, тәрбиелеу.
  2. Әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларын жоғалту. Нақты қарым-қатынасты өзгерту әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларын жоғалтуға әкеледі. Яғни адамдармен көзбе-көз, бетпе-бет отырып әңгімелесу, шынайы достық, шынайы бейне жоғала бастайды. Әлеуметтік желі арқылы әңгімелесу, қарым-қатынас жасау шынайы бомлауы мүмкін.
  3. Тәуелділіктің пайда болу ықтималдығы. Әлеуметтік желілер үлкен тәуелділік тудырады, яғни тәуелділіктің айтарлықтай қаупі бар. Интернетке қол жетімділіктің болмауы, әлеуметтік желінің жұмыс жасамауы кей адамдарда нағыз психикалық бұзылуды тудыруы мүмкін, әсіресе жасөспірімдер бұндайға аса сезімтал.

Қорыта айтар болсақ, ғаламтор желісі мен әлеуметтік желілер XXI ғасырдағы адамдардың ең үлкен жетістігі болып табылады. Ғаламтор желісінің пайдасы да, зияны да бар. Алайда, әлеуметтік желіні дұрыс жағынан немесе бұрыс жағынан қолдану әрбір адамның өзіне байланысты.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *