Ізденіс және талпыныс !

      “Мына шекті ғаламда , өзіңді шектеп алма “- дейді .Сондай кезде ойыма еркіндік бердім .Ең бірінші мақсатым жақсы маман иесі болу болды .Балалық шақтағы арманым жәй ғана арман болып қалмас үшін “Актер өнері “ мамандығына оқуға түстім .Еш өкінбейм түсе сала дарынымды байқаған ұстаздар “Дариға-ай”  жастар театрына көпшілік сахнада ойнауға рұқсат берді .Колледж қабырғасында өткен жылдарым шығармашылыққа толы ,ізденіспен алдыға ұмтылған жылдар болды . Бұл жақтағы әр баланың өзіндік орыны бар , құр қол жүрген бірде-бір студентті көрмейсің. Түрлі ұйымдарда өздерін әр жағынан ашқан студенттермен бірге оқу ,олармен бірге Жаңа Қазақстанға ұмтылу мағанда бұйырды .Адамдарда тек бақытты күндер ғана емес сонымен қатар бақытсыз күндерде болады . Біздің “әттеген-ай “ дейтін сәтімізде болды . Ол жұқпалы дерт тарап , еліміздің барлық қалалары қашықтықтан оқуға жіберілген кез еді. Жарты жыл өмірімізді осы карантинмен өткіздік .Бірақ ізденіс деген ойды бірінші орынға қоятын қызға ,карантиннің өзі тосқауыл бола алмады. Көптеген сайыстарға   қатыстым . Әрине жеңіс болған жерде , жеңілісте болат . Ұстаздардың көзіне түскенен кейін мен байкауларды емес, олар мені іздейтін болды. Сондай ізденістің арқасында Назарбаев стипендиясын жеңіп алдым .Оқу жылының бірінші семестірінде стипендиат мәртебесіне сай болуға тырыстым . Әртүрлі конкурстарға,форумдарға қатыстым .

        Осы  жылы қаламыз облыс атағын алды,қала тұрғындары үшін бұл үлкен қуаныш болды .Соған орай ұстаздар күнніне құттықтау  концерт ұйымдастырды . Бізде өз құттықтауымызбен бардық. М.Әуезовтың мерей тойында Бөрілі ауылында мерекелік іc-шараның жүргізушісі болдым. Жабылу салтанатында өнер көрсеттім. Алдымен талпыныс сосын жалқаулықты қоятын мен әрі қарай тоқтап қалмай ізденуді жөн көрдім .Соның арқасында , Алматы қаласында өткен Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада цирк колледжі ұйымдастырған ҚР халық әртісі Бәйтен Омаровтың 95 жылдығына орай ІV Республикалық колледжаралық театр фестивалінде “Драматургиядан үзінді” номинациясы бойынша 250 000 теңге жүлделі 1-орынды жеңіп алдық . Қаламызға үлкен жеңіспен ,тағы бір ауыз толтыра айтатын естелікпен оралдық .
Ендігі кезде мені мазалап жүрген үлкен ой болды . Өнер жолы- ауыр жол, оқу бітіріп өнер ордамнан ұшқансоң қай мамандық иесі болып ,қай оқуға тапсырамын деген сұрақтармен жүрдім . Ойланып жүре бергенен түк шықпайтынын түсініп іске көштім. Үлкен ізденістің арқасында журналист болам деген ойға инстаграм желісінен “QaDaz.media “ орталығын көргеннен кейін келдім .Шығармашылық емтиханға дайындайтын Қазақстандағы номері бірінші орталық екенін естідім .Стипендиямның арқасында   курска қатыстым .Менің белсенділігім мен алғырлығымның арқасында 3 бірдей сертификат иегері болдым .”Bilim-orda “ сайтына өз мақаламды жарияладым.
Аяғым жерге тимей жүрген кезде Абай облысында тұңғыш рет ұйымдастырылған  ,“Бірге !Бір толқында !” облыстық жастар форумының қортынды кешіне шақырту алдым  .Тіпті Қаламыздың орталық шыршасының жағылуынада қатыстым . Бұл жыл мен үшін өте белсенді жылдың бірі болды. Өзімді әр түрлі қырымнан көрдім. Бірінші семестрде стипендиат атағына лайықты болуға тырыстым екінші семестрде де осы қарқынымды тоқтатпаймын  . Назарбаев қорының арқасында өз деңгейімді шыңдадым . Көптеген дарынды балалармен таныстым. Бәсекеге қабілетті, жарқын болашаққа ұмтылған жастарды көріп қатты қуандым .Стипендия маған көптеген мүмкіншіліктер ашты  .Өзіме деген сенімділікті арттырдым .
Нұрсұлтан Назарбаев қорының көрсеткен қолдауына шексіз алғыс білдіремін .Талантты дарынды жастар көбейе берсін .

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *