Ата-ана жіберетін топ 5 қателік
Ата-ана болу үлкен жауапкершілікті талап етеді.Қазірде оған немқұрайлықпен қарайтын немесе отбасын асыраймын деп жүрген жұмыс басты ата-аналар жетерлік.Алайда,сіздің балаңыз бар екенін және оның саналы болып ер жетуі үшін оған берілетін тәрбиеге аса мән беруіңіз қажет екенін ұмытпаңыз!
1.Запрет қоюЕгерде балаға кез келген нәрсеге отбасында запрет(сен сөйлеме,сен кішкентайсың,ойнама,тиіспе,т.б) қойылатын болса,оның ішкі жан дүниесіндегі өнері сыртқа шықпайды.Болашақта өз ойын айтуға ұялып,әр түрлі ортада өзін жайсыз сезініп,қысылатын болады.Отбасында мәселе туындаған жағдайда да, өз ойын ашық жеткізуге бір уақыт көңіл бөліңіз!Бала салмақты,салиқалы болып өссін десеңіз,оны тек іспен,сөзбен көрсеткеніңіз абзал!
2. Баламен сырласпау
Көп жағдайда ата-ана баланың жақсы көңіл күйін көріп, оның ішкі жағдайын ұмытып кетіп жатады.Бірақ сізде бала уайымдамасын деп , проблемаңызды жасыратыныңызды ұмытпаңыз!Сондықтан баламен жиі сырласу баланы дамытады .Оның күні қалай өткенін,мектепте не қызық болғандығын,достарын,кім болғысы келетіндігін,нені қалайтынын,т.б сұрап тұру қажет.Сіздің басыңыздан өткен жағдайды бала өткермес үшін баламен сырласып,оған ақыл ,кеңес беріп отқан жөн.
3.Қателігі үшін ұрысу не ұру
Әр адам көптеген қателіктердің арқасында , үлкен жетістікке жетіп оның жемісін көре алады.Сол себепті де ,бала егер қате іс жасап жатқан жағдайда оны жасауға запрет қойып,ұрыспаңыз!Кедергі болмаңыз!Себебі,одан кейін ғана ол оның ауыртпашылығын сезініп,түсінетін болады.Әрине,барлық ата-ана өз баласына қауіп төнгенін қаламайды.Дегенмен,баланы ұру ол ең үлкен қателік.Әсіресе,егер әкесі ұрған жағдайда,оны ешқашан ұмытпайтын күйге түседі.Егерде балаңыз сізді тыңдағанын,өтірік айтпағанын қаласаңыз,онда оған жылы сөзбен үйреткеніңіз жақсырақ.
4.Бала орнына шешім қабылдау
Егерде сіз балаңыздың орнына шешім қабылдап жүрген болсаңыз,оны доғарғаныңыз жөн.Себебі,бала сіздің жауабыңызға тәуелді болып қалуы әбден мүмкін.Оның өзінің ойын тыңдап көріңіз!Баланың жүрегі қалайтын нәрсеге айналасын толтырыңыз!Сонда ғана бала өзі дұрыс шешім қабылдайтын жан болып ер жетеді.
5.Өз проблемасын айту
Әрине,әр адам басынан түрлі жағдай өтеді.Бірақ баланың психикасында ол ешқашан ұмытылмайды.Балаға ненің дұрыс,ненің бұрыс екенін айтып отырған жөн.Алайда,ата-ана проблемасымен баланың санасы уланса,оның өзінің болашағы ұмытылады.Оның балалық шағы қызықсыз,тез өтіп шыға келеді.
Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілесің…!