Байлық бәрін шешпейді.

Ерте заманда Арман мен Самат деген екі дос болған екен .Олардың арасында Арман шіріген бай ,ал Самат пақыр кедей еді .Бірақ Арманның мінезі нашарлау ,тәкаппар ,байлығымен мақтанып отырады екен. Самат болса жайлы ,сабырлы ,мейірімді еді . Біргүні екеуі аңға шығып жүрген жерінен  , аюдың үңгіріне кезігеді .Қызық көріп кіріп барғаны сол еді  ,үңгір таспен бітеліп қалады . Осы күнге дейін байлығының арқасында ,шалқып өмір сүрген Арман үңгірен қалай шығарын білмей дал болады. Самат болса түрлі ауыр жұмыстарды атқарып жүрген шымыр жігіт еді ,ол тастарды бұзып емін- еркін бұл кедергіденде  өтіп кетті .Арман болса Саматтың өткен жолымен жүрмек болғаны сол еді  ,қалтасындағы бір бума қағазға орап алып шыққан алтыны ,шашылып қалды . Байлықтың артынан бассауғалап кете барғанында  , тау бөгтерінен домалаған алып тастар  ,үңгірді бітеп тастады . Не істерін білмей қараңғы- қара түнекке ,  қамалып қалған, Арман еңсесі түсіп жылап отырған кезде,Самат  ауыл тұрғындарын шақырып ,үңгір аузын тастардан тазартып досын құтқарып алған екен .Осы оқиғадан кейін Арман мақтаншақтығын қойып ,ауыл тұрғындарына байлығын таратып беріпті.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *