Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алудағы әке тәрбиесінің маңызы
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алудағы әке тәрбиесінің маңызы»
«№30 қазақ орта мектебі» КММ директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Мукатова
Қазіргі кезде балаларға қоғамның ықпалы барған сайын күшейе түсуде, олардың тәрбиесіне түрлі мекемелер мен ұйымдар қатысады. Ал, отбасы ше? Оның тәрбие берудегі рөлі қандай? Бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі қандай? Әке шаңырағы – теңдесі жоқ тұңғыш өмір мектебі.Қазіргі уақытта жұмыс басты аналар мен әкелердің барлығының бірдей балаларды тәрбиелеуге уақыттары бола бермей, соңында отбасындағы тәрбиеге жұмсалатын еңбек өте өнімсіз еңбекке айналуда. Бала бойындағы жақсылы-жаманды қасиеттерін байқаса, қазақ оны ең бірінші әке мен ата тәрбиесінен көреді, «тегіне тартқан» дейді. «Әкесі сондай адам еді, атасы жақсы адам, көргенді бала» деп ер адам тәрбиесін ауызға алады. Өйткені, әкесінің баласына қалдырған ең үлкен мұрасы – оның жақсы тәрбиесі. «Бір әкенің тәрбиесін — жүз мектепте бере алмас», — деп дана халқымыз бекер айтпаса керек. Сол себепті де бала тәрбиесін халқымыздың ежелгі озық дәстүрлері негізінде жүргізе отырып, оны бүгінгі заманның жетістіктерімен ұштастыра білу маңызды.
Мектептегі жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда «Әкелер клубы» жобасы төмендегідей мақсат-міндеттерді басшылыққа алады:
1. Отбасылық құндылықтарды сақтау, әкелердің бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, ата-аналардың жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру;
2. Отбасылық тәрбиенің жақсы жақтарын насихаттау;
3. Мектеп өміріне, қоғамдық жұмыстарға, іс-шараларға белсенді атсалысу.
Әкелер клубының негізгі мақсаты балалар тәрбиесінде отбасы рөлін көтеру.Білім алушылардың отбасылық және әлеуметтік құндылықтары мен құзыреттерін қалыптастыруда отбасы, мектеп, әлеуметтік серіктестердің өзара ынтымақтастығын орнатуға жағдай жасау.
· Отбасылық құндылықтарды сақтау;
· Отбасылық тәрбиенің жақсы жақтарын насихаттау
· «Отбасы-мектеп-бала» үштігінің өзара байланысын дамыту;
· білім алушыларды тәрбиелеу ісіне шетелдік және қазақстандық тәжірибеде анықталған тәрбие жұмысының ең үздік түрлі нысандары мен әдістері арқылы ата-аналар қоғамдастығы мен әлеуметтік серіктестіктердің қатысуын жандандыру;
· отбасы мен мектептің ынтымақтастығын отбасылық тәрбиені ұйымдастырудағы серіктестік байланыстар арқылы үйлестіру;
· жалпыұлттық рухани-адамгершілік және әлеуметтік құндылықтар мен құзыреттер жүйесіне баса назар аудара отырып, отбасындағы, мектептегі және қоғамдағы тәрбие ұстанымдарын қамтамасыз ету;
· үлгілі отбасының тәжірибесін тарату арқылы отбасының беделін арттыру.
· Әкелердің бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру
· Ата-аналардың жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу шараларын ұйымдастырудағы рөлін арттыру
Осы мақсатта құрылған әкелер клубы білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша түрлі іс-шараларды ұйымдастырып, өткізіп жүр. Қазіргі таңда мектепте 1077 білім алушы білім алуда. Жыл басында әкелер клубымен бірлескен іс-шаралар жоспары бойынша барлық білім алушылардың бос уақытының қамтылуы қолға алынады.
Барлық бала саны – 1077
Мектепішілік үйірме – 618 (57%)
Мектептен тыс үйірме – 226 (22%)
Мектепішілік секция – 360 (33%)
Мектептен тыс секция – 108 (10%)
Жоспар бойынша әкелер клубының отырыстары жасалып, отырысқа мектептің білім алушыларының әкелері қатыстырылып, «Әке тәрбиесінің маңызы», «Әке- отбасының тірегі», «Әке- асқар тау» сынды тақырыптарында пікір алысулар, ой бөлісулер әр буын әкелеріне семинарлар өткізілуі де оң нәтижесін беріп жүр.
Құқық кеңесі
Мектептің «Қаһарман» әскери-патриоттық клубымен бірлескен іс-шаралардың жүргізілуі да жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуда маңызы өте зор. Мектептің 5-8 класс білім алушылары арасында өткізілетін дәстүрлі әскери-саптық байқауына барлық класс білім алушылары қызығушылықпен қатысады. Әсіресе ер балалардың әскери мамандықтарға қызығушылығы басым болатындығы «Қаһарман» клубының отырыстарына үлкен сұраныспен келуінен көруге болады. Сонымен қатар, әкелер клубының ұйымдастыруымен әртүрлі экскурсияларға да балалардың қызығушылығы басым.