Адам бостандығы

ҚАТЫСУШЫ: АЛТАЕВА ЖАНИЯ ЖАРАСҚЫЗЫ

ОҚУ ОРНЫ: ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

МАМАНДЫҒЫ: ЖУРНАЛИСТИКА 1 курс

 

                                                

 

                               Адам құқығы мен бостандықтары

 

 

 Кез-келген адам қоғамдық өмірде жеке тұлға деген әлеуметтік атаумен белгіленеді. Ал тұлғаның биологиялық «адам» деген атауының да бар екендігі мәлім. Тұлғаның қоғамдық сферада алатын өзінің рөлі, өмірлік дара образы сондай-ақ өзіндік міндеттелген құқықтары бар. Адам баласының өмірлік міндеттерінің ең алғашқысы ол – өмір сүру екендігі белгілі. Өмір сүру, жұмыс істеу, қуану, жүру-тұру және осы секілді іс-әрекеттер адамзаттың тума жасалатын міндеттері болып табылады. Қазіргі таңда адам құқығы мен бостандықтары ешкім шек қоя алмайтын, адамның еркін қозғалысының негізі. Тума адамның жасайтын қалыпты іс-әрекеттерінен бөлек қоғамдық-саяси тараптан да адамның заңды құқықтары бар. Ондай міндеттемелерге қайшы келген немесе бұзған жағдайда тұлғаның заң жүзінде жауапқа тартылуы да мүмкін.

Белгілі ғалым Аристотель адамның міндеттері мен құқықтарын «табиғи» және «шартты» деп екі түрге бөлген. Ол саралай келе, адамның табиғи құқықтарын мемлекет орнатқан шартты құқықтардан жоғары қояды. Яғни, саяси шартты жоғары құқықтарды сақтамастан бұрын оны түсіну қабілеті қажет. Себебі, рухани яғни табиғи нормаларды түсіне білмеген адам үшін, шартты ережелерді қабылдау тіптен қиынға соғатындығы өтірік емес. Адам құқығы ол дұрыс өмір сүру салты, адамшылдық қасиетін ұстанып Абай Құнанбайұлы айтқандай «Кемел» адам болу ұстанымы. Сонымен қатар адамзат құқығы – заң мен конституциялық құқықтың аса маңызды институты.

 Адам баласының құқықтары мен жеке бостандықтары – жеке тұлғаның әлем қауымдастығы көлемінде мойындап, халықаралық-құқықтық құжаттарда бекітілген, әлеуметтік және құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етілген, ешкім шек қоймайтын немесе тыйым сала алмайтын құқықтары мен бостандықтары бодып табылады. Адамның қандай да бір игіліктерді иеленуін қамтамасыз ететін, өз еркімен іс-әрекет жасауына мүмкіндік беретін мемлекет пен бұқара арақатынасының негізгі принциптері адам құқықтары мен бостандықтары жатады.

Жалпы Қазақстан бойынша адамның құқығы мен бостандығын заңмен бекіту ұлттық және халықаралық бай тәжірибеге сүйене отырып, жүргізілді. ҚР тұңғыш президенті Н.Ә. Назарбаев былай деп көрсетеді: «Біз – өзінің жеке тарихы бар еуразиялық елміз. Ол өзіне түрлі өркениет жетістіктерін сіңіреді. Біздің алдымызда не мынау, не басқа деген сұрақ тұрмайтын болады. Біз диалектикалы боламыз және іс жүзінде өзінің тиімділігін дәлелдеген өркениеттің барлық жетістіктерін аламыз». Бұл ереже әлемдік масштабта орын алған адам статусын, оның құқығы мен бостандықтарын биік құндылықтар ретінде заңмен бекіту тәжірибесін шығармашылықпен пайдалануға толығымен қатысты. Бұл тәжірибені үйрену және шығармашылықпен пайдалану үздік актілерді көшіре салуға әкелмейтінін айту керек. Халықаралық тәжірибе – бұл Конституция нормалары, шығармашылығы, ол тиісті елдерде және жалпы дүниежүзінде оларды қолдану мен үздіксіз байланыстан алынған Конституциялық нормалар. Оның үстіне, басқаның тәжірибесін пайдалану, оны шығармашылықпен пайдаланудың ішкі алғы шарттарын жасаумен байланысты процесс. Жаңа мемлекеттік құрылыс бекітілді. Оның негізі – құқықтары мен бостандықтары бар адам болып табылады, оның негізінде адамды биік құндылық ретінде бекіту идеясының алғы шарты жатыр. Әлеуметтік-саясиқұқықтық мемлекетте жеке басының бостандығы барлығы үшін тең сипатта болады және мемлекеттік-құқықтық құралдармен және нысандармен қорғалады. Қазіргі уақытта құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғам концепциясы орайлас дамуда. Ал олардың құрылымы мен дамуы адам құқығы мен бостандықтарын жүзеге асырудың басты шарты болып табылады. Әлеуметтік құқықтық мемлекет пен адам құқығының өзара байланыстылығы және өзара негізділігі құқықтық мемлекеттің басты бір мақсаты – адам мен азаматтың құқықтарын қамтамасыз ету болып табылатындығында айқын көрініс тапқан.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабының 2-бөлігіне сәйкес, әркiмнiң өз құқықтары менен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар. Демек Қазақстан Республикасында әркім өзінің құқықтары мен бостандықтары заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы дегенді білдіреді. Барлық жеке тұлғалар өзінің бұзылған немесе талас тудыратын құқықтарын қорғауды өтініп, сотқа жүгінуге бірдей құқылы. Кез келген жеке тұлға сотқа өзі тікелей немесе өзінің өкілі арқылы жүгінуге толықтай құқығы бар.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабының 3-тармағында Қазақстан Республикасында сот төрелігін іске асыру қағидалары тұжырымдалған: жеке тұлғаның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі, яғни бұл тұста бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды; өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды, сондай-ақ сотта әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы болып табылады.

Сот тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың басты құралы ретінде қарастырылады.  Көптеген  елдердің  конституциялары сотқа жүгіну құқығын жеке тұлғаның жеке және ажыратылмас құқығы ретінде тұжырымдайды. Ешкім де оның ісін сотта қарау құқығынан ажыратылмайды. Өзінің құқықтары мен бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау құқығы жеке тұлғалар мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың кез келген заңсыз әрекеттері мен шешімдеріне сотқа шағымдану арқылы жүзеге асырып отыратындығы тағы бар.

 

 

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *