Инклюзивті білім беру үдерісінде мүмкіндігі шектеулі балаларға педагогикалық, психологиялық қолдау көрсету үшін ұйымдастырушылық шаралары
Махметова Алия Айтмаганбетовна
Қазіргі заманда халқымыздың назарын аударып отырған мәселе мүмкіндігі шектеулі балалардың ерекшеліктерін ескере отырып, білім үрдісіне толық енгізу, әлеуметтік бейімдеу. Бұны біз инклюзивті білім беру дейміз. Инклюзивті білім беру мақсаты- даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Инклюзивтібілім беру-мүмкіндіктері шектеулі балаларды оқытып үйретудің бір формасы.Жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытып үйрету үдерісін педагогикалық, психологиялық қолдау үшін психологке, логопедке, дефектологқа,ЕДШ мамандарына арналған кабинеттерді жабдықтау керек. Мүмкіндігі шектеулі оқушының оқып-үйренудегі қиындықтарын дер кезінде анықтап, оларға коррекциялық- педагогикалық қолдау үшін,білім игеруге байланысты қол жеткізілген деңгей туралы психологиялық-педагогикалық мониторинг өткізіліп тұруға тиісті. Сынып мұғалімі,психолог, логопед, дефектолог,жетелеуші тәрбиешісі тығыз ынтымақта бірлесіп жұмыс жүргізу нәтижесінде іске асады.Осымен қатар психологиялық- педагогикалық қолдауды бақылауын және орындалуын мектеп басшысы, координатор, психологикалық медицина-педагогикалық консилиумы жүзеге асыруы тиіс. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттеріне сәйкес бүгін мектептегі инклюзивтік білім беру жүйесі жетелдіріліп келеді. Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін пандустар, арнайы тұтқалар, арнайы парталар, үстелдер, лифт, арнаулы тазалық бөлмесі, мамандар кабинеттері және оларды таситын инватаксименқамтасыз етілген. Осы ұйымдастыру шаралары біздің №65 мектепте орын алған. Инклюзивтік бағыт мүмкіндігі шектеулі балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады. Осы бағытта білім беру , яғни бастауыш сыныптарға енгізу арқылы оқушыны адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа тәрбиелей аламыз. Бастауыш сыныпта инклюзивтік білім беру- барлық балалардың тең құқығын анықтайды. Сыныптағы іс- шараларға қатысу, қарым-қатынасқа қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндікбереді. Барлық балалар сияқты ол да қоғамның бір мүшесі ретінде өзің еркін сезінеді.
Инклюзивтік оқыту бастауыш сыныптарда білім беру ұйымдарының бұйрығымен,әр балаға оқытудың қажеттілігі туралы психологиялық медициналық-педагогикалық кеңестерімен ашылады. Психолог, логопед, дефектолог мамандары оқуда қиындықтары бар балаларды анықтауға диагностикалық жұмыс жүргізіп, оқушыларды қадағалау мақсатында жеке жоспарға сәйкес сабақтан тыс уақытта түзету-дамыту сабақтарын ұйымдастырады. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс істейтін кабинеттер құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілмеген. Арнайы сабақ кестесі бойынша аптасына екі рет 20 минуттан жұмыстар жүргізіледі. Ол басқа арнаулы пәндерге кедергі жасалмау жағы қарастырылған.
Бастауыш сыныпта инклюзивтік білім беруді ұйымдастыруды тиімді түрде жүзеге асыруда кедергілер мен қиындықтар жетерлік. Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін оқу материалдарын меңгеруде жеке тәсіл, арнайы бағдарлама, арнайы түзету психологиялық,педагогикалық,әлеуметтік қолдаудың жеткіліксіздігі салдарынан қиындықтарға тап болады. Мектеп педагогтарының жалпы білім беретін бастауыш сыныптарында оқытудың нақты тәсілдерін әлі білмейді. Оқуға ,жазуға, есепке, қарым-қатынасқа, мәдени тәртіп ережелерін үйренуін қалыптастыру ең маңыздысы сол болып табылады. Олармен түзету жұмысы неғұрлым ертерек басталса, соғұрлым қайтарымы үлкен болады.
«Қазақстандық жол 2050:Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауында (17.01.2014ж.).
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлуміз керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс.Бізде аз емес ондай адамдарға қамқорлық көрсетілу қажет. Бұл өзіміздің және қоғам алдындағы парызымыз.Білім беру мекемесінің ортасы денсаулығының мүмкіндігі шектеулі балалардың қажеттілігіне бейімделуі тиіс, «кедергісіз» болуы керек, өйткені мүгедек балалардың толыққанды кірігуін қамтамасыз етуі қажет»,- деп атап өткен.