Аға мен қарындас жылулығы
Аға дегеніміз жақсы сөз. Жүрегі таза, көңілі кең ардақты жан. Үйдің тірегі, әкемізден кейінгі жанашыр адам. Үйде жалғыз қыз болғасын ұл балаға жақын өстім. Бір емес үш бірдей ағам бар. Маған деген кіршіксіз көңілдері, ағалық қамқорлықтары бәрі бір құдды мен үшін жаралғандай. Кішкентайымнан сабаққа апарып, сабақтары бітемін дегенше кетіп қалма, менімен барасың деген сөздері әлі жүрегімде… Қарындас үшін аға деп еркелеудің өзі бір бақыт десеңізші.
Қорғаны, дарасы, ақылшысы болатын ағасы бар қарындасының арманы жоқ шығар сірә. Осындай бақытты сезіне тұра кейде ашуға бой алдырып артық сөйлеп жатсамда, ренжіп жатсамда аға жанарына бір қарасам бәрін ұмытам. Ағаларыма жақын өскендікіме бойымдағы ешкімнен көмек күтпеу, болашағыма сенім, нық қадам бәрі көрініп тұратындай. Қайсар қыз болып көрінгеніммен аға, бауыр десе жылап қалатын ағаларының Арман қызы. Біреу мені ренжітсе ешкімге көрсеткім келмеседе ағаларыма қарасам жылы ұяға қонғандай боламып. Аға қарындасының өмірінде орын алар биік тұлға. Менің бақытымның тұрағы ағаларымның ыстық алақандары мен маған деген жылулықтары.